Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мәтікова Розаның сабақ жоспары
|
Ана тілі
|
4 сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
Адырбек Сопыбеков «Сапар мен Парта»
|
Сілтеме
|
Ана тілі оқулығы, оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
«Сапар мен Парта» мысалын түсініп оқуға, мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге жаттықтыру.
Оқушылардың танымдық қабілетін, сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту.
Мектеп мүлкін таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Оқу нәтижелері
|
Мысалды саналы түсініп оқып, өз ойларын еркін, әрі толық жеткізе білуге дағдыланады. Бірлескен жұмысқа, топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
|
Негізгі идеялар
|
Топтық жұмыс кезінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарастары қалыптасады және білімдерін жүйелейді, қорытындылайды.
|
Оқыту модульдері, әдіс
|
Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, оқыту үшін бағалау.
|
Ресурстар
|
Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, стикерлер, бағдаршам, оқулық.
|
Сабақ кезеңдері
|
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
I.Ұйымдастыру кезеңі
|
Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп
Біз сабақты бастайық.
Қалам, қарындаш, өшіргіш.
|
Оқушыларға жағымды ахуал туғызу үшін психологиялық дайындық жасатады.
Оқушыларға қалам, қарындаш, өшіргіштер беріледі.
|
Психологиялық дайындық жасайды.
Оқушылар сол оқу құралдары арқылы топқа бөлінеді.
|
II.Үй тапсырмасын тексеру
|
1.Арыстан қандай аң?
2.Тышқан қандай?
3.С.Торайғыров туралы не білесің?
|
Үй тапсырмасы бойынша 3 сұрақ қояды.
|
Оқушылар оқығандары бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
III.Қызығушылығын ояту
|
1. Адырбек Сопыбеков
|
Интерактивті тақтадан Адырбек Сопыбеков туралы мәліметтерді сұрайды.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз білетіндерін топтастырады.
Дәптерді ашып, күннің жадын, жаңа сабақтың тақырыбын жазады.
|
IV. Мағынаны тану
|
Постермен жұмыс
|
Оқулықпен жұмыс жүргізеді. Оқушылардың бірін – бірі тыңдауын, толық жауап беруін қадағалайды.
|
Топтар өз беттерімен кітаптағы мысалмен танысып, қағазға сурет арқылы түсіреді, тақтаға шығып қорғайды.
|
V.Сергіту сәті
|
Музыка
|
Интерактивті тақтадан сергіту сәтін көрсетеді.
|
Оқушылар әуен ырғағымен қимыл – қозғалыс жасайды.
|
VI.Ой толғаныс
|
Тақырып мазмұнына сәйкес тапсырма орындау.
|
І – топ: Сахналық қойылым.
ІІ – топ: Парта туралы жұмбақ, өлең жазу
ІІІ – топ: Партаны адам кейпіне келтіріп суретін салу.
|
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
|
VII. Талдау
|
«Кубизм» әдісі бойынша сұрақ дайындау
Шығармашылық жұмыс. (Дәптермен жұмыс)
|
І – топ: Неге?
ІІ – топ: Кім?
ІІІ – топ: Қалай?
Үш топта «Эссе» жазады.
|
Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар берілген тапсырманы дәптерге орындайды.
|
VIII.Жинақтау
|
«Венн» диаграммасы
|
|
«Арыстан мен Тышқан» және «Сапар мен Парта» мысалын ұқсастығын мен ерекшелігін жазады.
|
ІХ.Бағалау.
|
Өзін – өзі бағалау.
|
Бағалауға стикерлер таратады.
|
«Бардаршамға» оқушылар өз деңгейлері бойынша өзін – өзі бағалайды.
|
Х.Үй тапсырмасы
|
«Сапар мен Парта» мысалын оқып, әңгімелеу.
|
|
|
ХІ.Рефлексия.
|
Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазу.
|
Оқушыларға стикерлер таратады.
|
Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс ой пікірлерін жазып жапсырады.
|
Қашаған атындағы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Сынып жетекшісі: Матикова Роза
2015 – 2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |