Сабақ жоспары Ашық сабақ тақырыбы: Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлаға сипаттама


-топ Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып, венн диаграмасын сызу



бет2/5
Дата01.06.2017
өлшемі1,78 Mb.
#17481
түріСабақ
1   2   3   4   5
1-топ Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып, венн диаграмасын сызу.

2-топ Жаңа сөздермен жұмыс
1. Таллом төменгі сатыдағы өсімдіктердің (балдырлар,саңырауқұлақтар,
қыналар) денесі.
2. Хроматофор (гр. «хромос» бояу,бояулы) жасушасында балдырға түс беріп тұратын хлоропластар.
3. Гамета (гр. «гамете») аталық және аналық жыныс жасушалары.
4. Зооспора жыныссыз көбейту үшін пайдаланылатын балдыр және кейбір саңырауқұлақтардың жасушалары
5. Фитопланктон — судағы гетероторфты жануарлар мен бактериялар қоректенетін негізгі продуцентті органикалық зат. 
6. Фитобентос (гр. phyton - өсімдік, bentos — тередік) — өзендер мен су қоймалардың түбінде өсетін түтік өсімдіктер, өсімдіктекті организмдер жиынтығы.


3-топ Суретпен жұмыс хломидомонада, хлорелла, хлорококк, спирогира.

4-топ Тікелей сұрақтар беріліп, жауап алынады.

1.Балдырлар қайда тіршілік етеді?

2.Таллом деп нені айтады?

3.Хроматофор дегеніміз не?

4.Балдырлар қалай көбейеді?

5.Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан-жақты зерттеуде?

6.Суда тіршілік ететін жасыл балдырлардың қандай маңызы бар?

Бір жасушалы жасыл балдырлар Сөйлемді аяқта!

1-топ 1. Балдырлардың тіршілік етуі: Теңіз, көл, өзендерде және тоқтау суларда, топырақта.

2. Балдырлардың түрлері: Біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы.

3. Көпжасушалы өкілдерінің денесі қалай аталады? Таллом (қатпаршақ).

4. Таллом дегеніміз не? Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі.

5. Таллом қандай мағына білдіреді? Грекше «таллос»- өсінді, қатпаршақ.

6. Балдыр жасушасындағы хроматофор саны - 1, 2 кейде одан да көп.

7. Хроматофор дегеніміз не? Балдыр жасушасындағы хлоропласт.

8. Хроматофордың түстері қандай? Жасыл, қызыл, қоңыр.

9. Балдыр жасушасы қабықшасының сыртын не қаптайды? Сілемейлі қабық.

2-топ 10. Сілемейлі қабықтың маңызы неде? Балдырдың суда жеңіл қозғалуына, төсемікке жеңіл бекінуіне көмектеседі.

11. Балдырлар қалай көбейеді? Өсімді, жыныссыз, жынысты.

12. Балдырлардың өсімді көбеюі - кезінде біржасушалы балдырлардың жасушалары екіге бөлінеді.

13. Балдырлардың жыныссыз көбеюі: Талломындағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. Зооспоралар төсемікке бекініп өніп, балдырға айналады.

14. Балдырлардың жынысты көбеюі: Аталық жыныстық жасушасы мен аналық жыныс жасушасы өзара қосылуы арқылы жүзеге асады.

15. Гамета дегеніміз не? Жыныс жасушалары.

16. Теңіздің, мұхиттың түбінде тіршілік ететіндеріне қарағанда суда қалқып тіршілік ететіндер саны жүздеген есе артық.

17. Балдыр хроматофорында фотосинтез нәтижесінде түзілетін зат: Крахмал.

3-топ 18. Хроматофорларының пішіні - тақта, білезік, жұлдыз, астауша, дән, таспа тәрізді.

19. Біржасушалы жасыл балдырлардың пайда болуы - 1, 5 млрд жыл бұрын пайда болған.

20. Біржасушалы жасыл балдырлардың өкілдері: Хламидомонада, хлорелла, хлорококк.

21. Тоқтау суларда тіршілік ететін жасыл балдыр: Хламидомонада.

22. Хламидомонаданың жасуша қабықшасы неден тұрады? Жасунықтан (целлюлоза).

23. Хламидомонада хроматофорының пішіні: Терең астау тәрізді.

24. Хламидомонаданың хлорелладан айырмашылығы. Тез қозғалатын екі талшығы және қызыл көзшесі болады.

25. Хлорелла хроматофорының пішіні: Жазық астау тәрізді.

26. Хлорелла қалай көбейеді? Тек қана жыныссыз жолмен. (талшықсыз споралар түзу арқылы).

4-топ 27. Неліктен хлорелланы соңғы кезде ірі қара мен құстың жеміне қосып береді? Тез көбейетін болғандықтан.

28. Өсіру жағынан өндірістік жолға қойылған балдыр: Хлорелла.

29. Жапонияда хлорелладан алынатын заттар: Нәруыз, витаминдер.

30. Нанның түрлерін пісіруге пайдаланылатын балдыр: Хлорелла.

31. Балдырдың қай түрінен энергия алу көзделіп отыр? Хлорелла.

32. Топырақта, ағаш діңінде тіршілік ететін бір жасушалы балдыр: Хлорококк.

33. Хлорококтың көбеюі: Жыныссыз, жынысты жолмен.

34. Балдырларды зерттейтін ғылым саласы: Альгология.

35. Алгология ғылымы қай ғасырда пайда болды? 19 - ғасырдың ортасында.

36. Ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік: Хлорелла.

37. Н. Н. Горожанкиннің еңбегі: 1875 жылы хламидомонада мысалымен жыныстық үдерісті ең алғаш дәлелдеді.

1-топ термин сөздер: таллом, хроматофор, шоғырлы, гамета, жасыл, қызыл, қоңыр

2-топ біржасушалы жасыл балдырлар: хламидомонада, хлорелла, хлорококк, волвокс, талшықты, талшықсыз, шоғырлы

3-топ көпжасушалы жасыл балдырлар:спирогира, улотрикс, таспа пішінді, 13 мың түрі бар, білезік тәрізді, жасыл түс.

4-топ жүйелеу: дүние, бөлім, класс, қатар, тұқымдас, туыс, түр осы қағаздар арқылы оқушылар топқа бөлінеді.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет