БЕКІТЕМІН
ОҚУ ІСІНІҢ МЕНЕЖІРІ ............................. С. КҮЛЗИРА
Сабақ жоспары
Қазақ тілі
Сынып: 6
Уақыты: 2022.11.
Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың кәсіби сөздер туралы білімдерін кеңейту,жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушыларға деңгшейлік тапсырмалар беру арқылы талдау жасау дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Диалект сөздер туралы түсінік.
2. 58,59 -жаттығулар
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Суретке қарап, диалект сөздерді қатыстырып мәтін құра.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне белгілі бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Кәсіби сөздерді үлкен екі салаға бөлуге болады
Қолөнершілікке ( ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, т.б.) қатысты сөздер: пышқы, ( араның бір түрі), шербек (үлкен ара), ыңғыру (ағаш оятын құрал), тышуыр (бұрап кесетін құрал), пәрбі (ағаш оятын тескіш ), атауыз( шеге суырғыш), т.б.
Ауыл шаруашылығына (мал , стық, балық, аңшылық, бау – бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша) байланысты сөздер: 1) мақтаға қатысты қоза ( мақта өсімдігі), шит (мақтаның тұқымы), терімші(мақта теруші), балдаң (мақтаның сабағы); 2) жүгері түрлері: дүмбі,пәшік,сота,т.б. 3)қауын аттары: әңгелек, жәмше, торлама, т.б. 4) қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т.б.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
1.Кәсіби сөздер деген не?
2.Кәсіби сөздің айырмашылығы неде?
ІІ деңгей
Төмендегі сөздерден балық шаруашылығына байланысты айтылған сөздерді бір бөлек, мақта шаруашылығына байланысты байланысты сөздерді бір бөлек жаз.
Жылым, сүзекі, қауашақ, қоза, қозапая, қорма, шөктірме, көсектеу, шит егу, азна, күнжара.
ІІІ деңгей
Қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер жаз және олардан сөйлем құрап көр.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
60-жаттығу
1.Мәтінді түсініп оқиық, тоғызқұмалақ ойыны жайында әңгімелесеік. Кәсіби сөздерді теріп жазайық.
Суреттер топтамасынан суретте бейнеленген балық түрлерінің аттарын қолданып, сөйлем құрайық.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.
Өзіміз 5 кәсіби сөз жазып, сөйлем құрап келейік.
Достарыңызбен бөлісу: |