|
5 –сабақ 07.12.2013. 6 сынып
|
Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қола дәуірінідегі өзгерістер
Мақсаты және күтілетін нәтижелері:
Біледі: Қола дәуіріндегі климаттағы өзгерістер, соған байланысты шаруашылылықтағы өзгерістер мен дамуы туралы біледі
Түсінеді: Қола дәуірінің Қазақстан жерінде зерттелуі, Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы түсінуіне қол жеткізу.
Қолданады:
Қола дәуірінде қолға үйретілген үй жануарлары жылқы мен түйе малдары, қола дәуірінің баспанасынан киіз үйдің шығуы туралы бүгінгі өмірмен байланысты қолданады
|
Сабақта сұрақ қоюдың үлгісін «бастама – жауап – кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысанын қолдандым.
Электронды оқулықтан тест тапсырмаларын орындайды, сызбалар көрсетіледі, картамен жұмыс болады.
Жеке оқушылар пікірлері тыңдалды.
Жұппен жұмыс
Топпен жұмыс.
|
Ойлануға уақытты ұлғайта отырып оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік бердім.
Оқушылардың жауаптарына талдау жасау.
|
Сынып оқушыларын сабаққа толығымен тарту үшін алдымен үй тапсырмасы бойынша жауабы жасырын тұратын сұрақтарды интерактивті тақтаны пайдалану арқылы қойып, оны топпен ақылдасып, бір ортақ шешімге келіп, жауаптарын арнайы қағазға маркермен жазып көтеру арқылы жүзеге асырамын.
Сызбалар арқылы әркім өз ойларын қорытындылай білу тапсырмаларын беремін.
|
Сұрақтарды толықтыруға қатыстыру, сұрау негізінде.
Сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдаландым.
Қола дәуірінің тас дәуірінен ерекшеліктері туралы ментальды карта жасатамын.
|
Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығы – 2006 ж
Дидактикалық материалдар – 6 сыныпқа арналған
Электронды оқулық – 2013 ж
|