Сабақ жоспары бастауыш сынып бөлімі-даму мүмкіндігі шектеулі-түзете-дамыта оқыту сыныбы оқушыларына арналған. Сыныбы: 3к



бет1/2
Дата01.06.2017
өлшемі218,54 Kb.
#17496
түріСабақ
  1   2
Ескертпе:

Сабақ жоспары бастауыш сынып бөлімі-даму мүмкіндігі шектеулі-түзете-дамыта оқыту сыныбы оқушыларына арналған.


Сыныбы:

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Абай.Жазғытұры

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Жазғытұры өлеңін оқыта отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.



Дамытушылығы:

А.Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.Жалпы көктем мезгілі туралы танымдық қабілеттерін арттыру.



Корр.мақсаты:

Оқушы қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын, түсінігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.



Тәрбиелігі:

Туған ел табиғатын сүюге, оған қамқоршы болуға баулу.



Күтілетін нәтиже:

Өлең мазмұны туралы толық түсінік алады, мәнерлеп оқуға бейімделеді. Сөздік қоры, сөйлеу тілі, тіл байлығы дамиды.Абай Құнанбаев шығармашылығымен сусындайды.

-Көктемдегі табиғат өзгерістерін біледі.

-Өлеңдегі суреттеулер мен теңеулерді ажыратады.

-Өлеңнің идеясын анықтап,тұжырымдап қорытынды жасайды.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаев портреті, кестелер, слайд-видеоролик, Мазмұнды суреттер, жұмбақтар, кубик.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ



Кіріспе: /психологиялық дайындық/

Барлық оқу құралың,

Дайын болсын ұраным.

Шырылымен сағаттың,

Өзім ерте тұрамын.

Үй тапсырмасы:

Өткен сабағымызда кімнің шығармашылығымен таныстық?

Ш.Қалдаяқов кім?

Ол қандай аңыз айтты?

Ән құдіретінің күштілігін қайдан білдік?

Жаңа сабақ:

/қызығушылықты ояту-жұмбақ шешу/

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады.

Ағаш басы бүршік ашып,

Гүл, бәйшешек толады.

Балаларым, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар ауабы: көктем

Дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілі



Үнтаспадан "Көктем келді" әні жүріп тұрады

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

Көктем қай айдан басталады?Ю

Көктемде қандай мерекелерді тойлаймыз?

Суретпен жұмыс:
Тақтада көктем тақырыбына байланысты суреттер көрсетіледі
- Қане, айналамызға зер салайық.

Сіздер қандай көңіл - күйдесіздер?
- Көңілдің көтерілуі қай жыл мезгіліне тән? Неге?

Топтастыру: /ассоциация/

Көктем мезгілі екенін қайдан білеміз?

/оқушылар интерактивті тақтада-қалам арқылы көктемге қатысты сөздерді топтастырады/






Оқушылар мүмкіндігіне қарай жауап беруі:

Мысалы: /қар ериді, күн ұзарып-түн қысқарады, құстар ұшып келеді, күн жылынады, мал төлдейді, мал өріске шығады, егін егеміз, көк шығып, жер құлпырады, 8-22 наурыз мерекелерін тойлаймыз/



Көктем мезгілін-жазғытұры деп те атаймыз.

-Бүгінгі сабағымызда А.Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.



Тірек білімдерін жетілдіру:

Слайд-

Абай Құнанбаев ұлы ақын, аудармашы, сазгер.Оның шын есімі-Ибраhим.

Ол 1845 жылы Семей өңірі, Шыңғыстау етегінде дүниеге келген.Әжесі Зеренің тәрбиесінде болған.



Оқулықпен жұмыс:

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіре оқу.



Пысықтау сұрақтары:

Балалар, жазғытұры деп қай мезгілді айтқан?

Масатыдай құлпырар дегеніміз не?

-қорада неге шу?

-ду-ду етіп жатқан нелер?

Сөздікпен жұмыс:

Масатыдай-кілемдей жұмсақ

Анталаса-қозғалу, қимылдау

Елжірер-мейірлену, жылы қарау.



Сергіту сәті:

Жел уледі, гуледі.

Ағаштарды тербеді.

Қатты-қатты жел соқты,

Жапырақтар қол соқты.

Оқулықпен жұмыс:

Өлеңді оқушыларға хормен оқыту, жеке оқыту.



Слайд-Шығармашылық жұмыс: СТО әдісі бойынша

Нені білдік?

Қажетті тіркестерді тауып, орнына қой...

(оқушылар интерактивті тақтада қалам көмегі арқылы қажетті сөздерді тауып, тиісті кестедегі орнына орналастырады)

Масатыдай құлпырар

Ата-анадай елжірер

Түйе боздап, қой қоздап

Көбелектер, құстар

...... ........

...... ...........

...... ........

...... .........

/Қорада шу, күннің көзі, сайда ду-ду, жердің жүзі/

Топтық жұмыс.
Постер әдісі"Көктем қандай тамаша!"

Постермен жұмыс жасайық,
Қызықтан қалыс қалмайық
Топ болып қызық жарыста,
Намыспен топты қорғайық

Қорытындылау:

Бүгінгі танысқан мәтініміз қалай аталады?

Оны басқаша тағы қалай атар едіңіздер?

Кубизм стратегиясы:

/оқушылар шеңбер құра тұрып кубик арқылы берілген сұрақтарға кезекпен жауап береді/

-жазғытұры деп қай жыл мезгілін айтамыз?

-жағытұры өлеңінің авторы кім? Ол туралы не білесің?

-Жазғытұры қандай өзгерістер болады?

Жазғытұры қандай мерекелер тойланады?

Қандай еңбек түрлеріміен айналысамыз?

Жазғытұры жан-жануарларға, құстарға қалай әсер етеді?



Рефлексия:

-өлең бойынша алған әсер

-не ұнады?

-өлең атауын тағы қалай атар едің?



-бүгінгі сабақ сен үшін қаншалықты әсерлі болды?


Каталог: uploads -> doc -> 0e14
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e14 -> Сабақ Пәні: Тіл дамыту Тақырыбы: Көктем Сыныбы: Мектепалды даярлық тобы
0e14 -> Сабақтың мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің
0e14 -> Сабақтың тақырыбы: Шыршамен көтерілу
0e14 -> Сабақтың түрі: аралас сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет