Бір санына байланысты ұзындық өлшеуіштерін өткенде: шақырым, құлаш, қадам, қары, қарыс, сүйем, бармақ, буын, елі, шынашақ, кез, көш жер туралы түсінік беріп, мөлшерлеп болса да айтуға болады.
Қашықтық және ұзындық өлшемдері:
1шақырым - 1000 м,
1қарыс - 20 см,
1құлаш - 142 см,
1елі – 1-1,5 см
1 арқан - 1420см
1 сүйем – 17-18 см
1 сынық сүйем 14-15
1 тұтам – 8-10 см
1 адым – 1 м екендігін айтуға болады.
Сол сияқты салмақ өлшеуіштері:
1 мысқал - 0,4 гр;
1 қадақ – 750 гр;
1 келі – 1 кг;
5
1 пұт – 16 кг;
1 батпан – 100 кг;
1 торсық – 6-7 литр;
1 саба – 10-15 литр
1 шелек – 12,3 литр
1 көнек сүт – 6-7 литр
1 торсық (айран) – 6-7 литр
1 шара – 1,5-2 литр
1 аяқ – 1 литр
1 тостаған – 0,5 литр
1 ожау - 0,5 литр
1 қасық 50 грамм.
1 қап шамамен – 50-60 кг
1 арқа жүк – 45-50 кг
1 жамбы күміс – 6 кг
1 пітір бидай – 3 кг
1 қадақ шамамен – 250 г
1 таймөңке шай шамамен – 25 г
1 қайнатым шай шамамен – 6,5 г
1 шөкім тұз шамамен – 12,5 г
Уақыт өлшеуіштері:
Бір сәт – 1 секунд
1 ай 30-31 күн
1 тоқсан – 3 ай
1 жыл – 365 күн
6
бір құс
он үш бала
Қазақ халқында осы келтірілген сандардың қандай сырлары бар? Әр топ өз топтарындағы сандарды кластерге түсіреді . Жұптық жұмыс.
(3 санын 2 оқушы, 5санына 2 оқушы, 7 санын 2 оқушы , 9 санын 2 оқушы)
Үш және жеті санына байланысты:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық .
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.
Жеті қазына:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
27
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау .
Оқушылардан «Серпілген доп» ойыны арқылы үйге берілген тапсырма тексеріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызды екі топ «Жамбы ату» ойыны арқылы бастаймыз. Әдісі: Тақтада сандар берілген сол сандарға жебемен атып дәл тигізу арқылы тапсырма алып отырамыз. Кім дұрыс орындайды, сол оқушы сол ұпай санын алады.
Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
Тапсырмалар: -Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары , мысал келтіру. – Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары, мысалы. -Етістік дегеніміз не ? Сұрақтары мысал келтіру. – Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары, мысалдары.
Бүгінгі сабағымызда сан есімді қайталай отырып, дара және күрделі сан есімдерді білетін боламыз. 3 және 33; 7 және 77; 9 және 59 т.б.
Бұлар дара және күрделі сан есімдер.
Дара, күрделі дегеніміз не?
Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады. Мысалы: үш, алты, жеті, тоғыз.
Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады.
Мысалы: он үш, қырық бір, бес жүз елу.
(Оқушыларға мысал келтіріп айтқызу.)
26
1 сүт пісірім – 5-10 минут
Бие сауым -1,5 сағат
Ет пісірім – 2,5-3 сағат
1 апта - 7 күн
1 ғасыр – 1 жыл.
Аудан бірлік өлшемдерінің байланысы
1 алақан == 100 оймақ
1 сырмақ = 100 алақан =>
1 сырмақ = 10000 оймақ
1 үй орны =100 тулақ
1 - санына байланысты мақал - мәтелдер
Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер – мәңгілік.
*** *** ***
Бір жылы сөз - бір күнге азық.
*** *** ***
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды
*** *** ***
Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз кірпіш қорған емес.
*** *** ***
Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
*** *** ***
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.
7
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
** *** ***
Бір тал кесте, он тал ек.
8
Қазақ тілі сабағында сан есімді өткенде де кеңінен қолуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |