ІІІ деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Тулпан Маратқызы
Сабақ Дүниетану
Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер
|
Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Бейбитова Т.М.
|
Сынып 3 ә
|
Қатысқандар саны: 19
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Жануарлардың көптүрлілігі, жәндіктер жөнінде түсініп оқып, мазмұнын әңгімелей біледі.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Мәтінді түсініп оқып, әңгімелей алады, тапсырмаларды орындайды.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Жануарлардың көптүрлілігі жәндіктер жөнінде салыстырмалы сипаттама бере алады, сурет бойынша әңгімелейді.
|
Кейбір оқушылар:
|
Жануарлардың көптүрлілігі жәндіктер туралы ойланып, қосымша деректер келтіріп, пікірін айтып, тұжырым жасайды .
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
Өз ойын жеткізе алады, түсініп оқиды, салыстыра алады. ... (істей алады)
|
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:
Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер
|
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)
|
« Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер, жыртықш жануарлар туралы не білесің??...» ... , Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... Сен қалай ойлайсың?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)
|
«Адам үшін пайдалы жәндіктер бар ма, неліктен?» Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім...
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Жануар – животное – animal (энимал)
|
Алдыңғы оқу
|
Өсімдіктер дүниесін қорғау. Тесттік тапсырмалар.
Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)
|
Оқу үшін бағалау
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
І Кіріспе
Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)
Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!»
Сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу
І топ: Құстар
ІІ топ: Жәндіктер
ІІІ топ: Балықтар
Өткенді қайталау. «Серпілген сауал» әдісі
Тест арқылы оқушылардың білімін тексеру
1.Қарағай өсімдіктердің қай тобына жатады?
а) шөптесін ә) бұта б) ағаш
2.Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
а) тірі табиғат ә) өлі табиғат
3.Жантақ, сүттіген қандай өсімдіктер?
а) ылғал сүйгіш ә) құрғақшылыққа төзімді б) суыққа төзімді
4.Суыққа төзімді өсімдіктерді белгіле.
а) бидай, арпа ә) қияр, жүгері б) жолжелкен, қазтабан
5.Ашық, күн сәулесі жақсы түсетін жерде өсетін өсімдіктердің тобын белгіле:
а) жылу сүйгіш ә) ылғал сүйгіш б) жарық сүйгіш
6.Саумалдық, қынжыгүл сияқты өсімдіктер қандай ағаштармен бірлесіп өсуге бейімделген?
а) қайың ә) емен б) қарағай
7.Біржылдық өсімдіктерді белгіле.
а) пияз ә) сәбіз б) күнбағыс
8.Орамжапырақ неше жыл тіршілік етеді?
а) 1 ә)2 б) 3
9.Көпжылдық өсімдіктерге не жатады?
а) сасыр ә) бидай б) қызанақ
10. Қалақай қандай өсімдіктер тобына жатады?
а) мәдени ә) жабайы
11. Мәдени өсімдікті белгіле:
а) картоп ә) қазтабан б) жолжелкен
Жаңа сабаққа кіріспе.
Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.
Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер
|
Мұғалімнің амандасуы
Сенім білдіру, ынталандыру
Табыс критерийі:
1. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелей алады, тапсырмаларды орындайды.
2. Жануарлардың көптүрлілігі жәндіктер жөнінде салыстырмалы сипаттама бере алады, сурет бойынша әңгімелейді.
3. Жануарлардың көптүрлілігі туралы ойланып, қосымша деректер келтіріп пікірін айтып, тұжырым жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
|
|
Ортасы
|
ІІІ.Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс. Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер
1. Мәтінді түсініп оқы. Жеке оқу.
Біліп ал! "Көршіңе әңгімелеп бер" әдісімен мәтіннің мазмұнын меңгеру.
Түсініп ал!
Суреттердегі әр жануардың қай топқа жататынын ата.
Жапалақ, құндыз, бақа, орангутан, мүйізтұмсық, шортан, жыланбалық.
1.. Жануарлардың алуан түрлілігі.
Жануарлар тобы
Бунақденелілер, жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.
2. Суреттермен жұмыс оқып, түсіндіру
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу:
- Жануарлар тобын ата. Әр топқа мысал келтір.
- Мәтінде берілмеген басқа жануарларды білесің бе?
Дәптермен жұмыс: Дәптерге жануарлардың топтарын жаздыру.
Жануар – животное – animal
Сергіту сәті.
Тоқ ,тоқ, тоқылдақ.
Шаршамайсың тоқылдап.
Емшісі боп орманның
Еңбектендің тоқылдап
Тоқ, тоқ ,тоқ.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Допты қойдым алдына.
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.
Тапсырмаларды орындату.
Ойлан! Пікіріңді айт!
1. Жануарлардың көп түрлі екенін өз бақылауыңнан және осы мәтіннен оқып танысқаныңнан мысал келтіріп дәлелде.
2. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қозғалысында қандай айырмашылықтар бар?
3. Қандай жыртқыш жануарларды білесің? Оларды неге жыртқыш деп атайды?
4. Адам үшін пайдалы жәндіктерді атап, олардың пайдасы туралы әңгімеле.
Шығармашылық тапсырма: Топтық жұмыс.
І топ: Жәндіктердің суретін салыңдар. (көбелек)
ІІ топ: Құстар (аққу)
ІІІ топ: Балықтар (сазан)
Білім құмарлар үшін
а)Қытай елі жібек матасын сатудан мол табыс тауып, дүние жүзіне әйгілі болған.
ә) Асыранды балара – бал береді, 1 кг бал жинау үшін 300 мың шақырым жол жүріп, 19 млн гүлге қонады екен.
|
Қолпаштау, мадақтау
Оқушылар өз беттерімен оқып танысады.
Жұпта, топта талқылайды.
«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес
Оқушы ойын дәлелдейді.
«2 жұлдыз, 1 ұсыныс»
Бағалау критерийі:
1. Мәтінді түсініп оқу.
А) мәтіннің мазмұнын толық түсініп оқыдым, сұрақтарға толық жауап бере алдым.4 ұпай
Ә) кейбір тапсырмаларды орындай алмадым. 1 ұпай
|
Оқулық 104-107-бет
АКТ мүмкіндігімен жануарлардың түрлерін суреттерін көрсету арқылы ой қозғау, визуалдандыру
|
Аяқталуы
|
«Қапшықтағы фасоль» сабақты қорытындылау.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Жануарлардың түрлерін ата.
- Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қозғалысында қандай айырмашылықтар бар?
- Қандай жыртқыш жануарларды білесің? Оларды неге жыртқыш деп атайды?
- Адам үшін пайдалы жәндіктерді ата.
Бағалау.
Үйге: мәтінді түсініп оқу. 104-107-бет
|
Табыс критерийі:
1. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелей алдым, тапсырмаларды орындадым.
2. Жануарлардың көптүрлілігі жөнінде салыстырмалы сипаттама бере алдым, сурет бойынша әңгімеледім.
3. Жануарлардың көптүрлілігі туралы ойланып, қосымша деректер келтіріп пікір айтып, тұжырым жасай алдым.
Кері байланыс парағы: «Қосу, алу, қызық»
|
|
Қосымша ақпарат
|