Сабақ жоспары «Бекітемін» доіж меңгерушісі 2014 ж Күні: 20. 01. 14 ж



бет5/7
Дата10.03.2017
өлшемі5,98 Mb.
#11357
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Тақырып жолы – терезенің жоғарғы бөлігіндегі қатар. Онда құжат аты мен Word Pad программасының аты және оның оң жақ шетінде терезенің басқару батырмалары – жималау, жаймалау, жабу батырмалары орналасқан.

Жималау батырмасы – терезені үжұмыс үстелінен уақытша алып тастайды.

Жаймалау батырмасы – терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді.

Жабу батырмасы – құжатты жабады немесе жұмысты аяқтайды.

Мәзір жолы — Word Pad редакторының барлық командаларына қол жеткізеді. Ондағы әр пункт бір бірімен байланысқан менюді ашады. Мысалы: Файл менюін ашу үшін, оны тышқан нұсқағышымен шертеміз. Сол кезде бізге құжатты экранда көрсету тәсілдерін орындайтын бірнеше командала солғын түспен көрсетілген. Мысалы: Соңғы файл (Последний файл) ағымдағы жағдайда активті емес, яғни жұмыс жасамай тұрған командалар осылай көрсетіледі.

Меню жолынан кейін стандартты құрал-саймандар тақтасы орналасқан. Ол жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады. Мысалы: Файлды сақтау (Сохранить), баспаға беру (Печать) т.б.

Келесі қатар — пішімдеу тақтасы. бұл тақта мәтінді пішімдеуге арналған батырмалардан тұрады.

Пішімдеу тақтасынан кейін көлденең сызғыш орналасады. Координаталық сызғыш сантиметрмен бөлінген. Сызғыш меню қатарындағы Түр (Вид) → Сызғыш (Линейка) командаларын орындау арқылы экранға шығады немесе экраннан алынып тасталады.



Терезенің негізгі элементтерінің бірі болып, ашық түске боялған Жұмыс аймағы болып саналады. Барлық мәліметтер осында енгізіледі.

Қалып-күй қатары (Строка состояния) негізгі терезенің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.

Word Pad мәтіндік редакторында 2 меңзер болады: кірістіру нүктесі және І-меңзері.

Кірістіру нүктесі – өшіп – жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.

І меңзері – терезенің жұмыс аймағында тышқанның нұсқағышы латынның І әрпі түрінде, ал жұмыс бетінің сыртында тышқан нұсқағышы кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.

     WORDPAD-та  құжат құру

WORDPAD құжат құру үшін, төмендегі негізгі  сатыларды орындау керек:


  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау

  2. Мәтінді енгізу және редакциялау

  3. Мәтінді пішімдеу

  4. Құжатты сақтау және ашу

  5. Баспаға шығару

Осы сатыларды қарастырайық:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.

Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту шерту  арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы  өзгерте аламыз.



 Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту  үшін Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.



2. Мәтінді енгізу  және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде  төмен жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің  қызметі:

Enter – жаңа жолға көшу

Shift – бас әріптерді теру

CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу

Backspace – меңзердің сол жағындағы  символарды өшіру

Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды  өшіру 


 3. Мәтінді пішімдеу:

  Мәтіннің  әлпетін өзгерту және мәтінді  беттердің шеттері бойынша тегістеу  әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.



  Мәтіннің  әлпеті: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет