Сабақ жоспары «Бекітемін» доіж меңгерушісі 2014 ж Күні: 20. 01. 14 ж



бет3/7
Дата10.03.2017
өлшемі5,98 Mb.
#11357
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

V.Оқушылардың білімдерін бағалау.

VI. Үйге тапсырма.  Word Pad-тың құрал саймандарының міндетін жаттап келу. Мәтінді форматтаудың түрлерін оқу.

Сабақ аяқталды сау болыңыздар.
Күні: 10.02.14 ж

Пән аты: Информатика

Сынып: 5
Сабақ №21

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы , стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1.Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу( Іске қосу-Бағдарламалар-Стандартты- Word Pad)

2.Терезенің ең төменгі бөлігі қалай аталады? (қалып күй қатары)

3.Мәтінді ең бірінші рет сақтағанда, қандай амалдар орындаймыз?(Файл-сохранить как-Ок)

4.Терезенің ең үлкен бөлігін бос кеңістік қалай аталады?(жұмыс алаңы)
Жаңа түсініктер.

Жаңа мәтіндік құжат іске қосылғаннан кейін біріншіден тілді ауыстырып аламыз.



Мәтінді теру және түзету ережелері:
- Пернетақтаның таратылуын ауыстырып қосу 
-(орысша-қазақша-ағылшынса)- Alt+Shift (сол жақ)
-Негізгі мәтіннің басын орнату (сызғыштың төменгі сол жақ үшбұрыш маркері)
-Азат жолды орнату (сызғыштың жоғарғы үшбұрыш маркері)
- Беттің енін орнату (сызғыштың төменгі оң жақ үшбұрыш маркері)
-Мәтін абзацын теру кезінде Tab пернесін пайдаланбау керек
- Бас әріп -Alt+Shift+әріп
- Мәтінді бас әріппен басу - CapsLock
- Bacspace – меңзер алдындағы әріпті жою
- Del – меңзер артындағы әріпті жою
- Enter пернесі – жаңа абзацқа көшу 

- мәтінді толықтай немесе бөлігін ғана ерекшелеу үшін тышқанның курсорын алдына апарып тышқанның оң жақ батырмасын алмай отырып жылжытамыз.


- Мәтіннің үзіндісін белгілеу – маустың сол жақ батырмасын басып қозғалту арқылы немесе Shift пернесі + бағдаршалар
- Del – белгіленген үзіндіні жою
- Белгіленген үзіндіні буферге көшіру – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе 
Ctrl + Ins
- белгіленген үзіндіні буферге қиып алу – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе 
Shift + Del
- буферден кірістіру – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе Shift + Ins

-пернетақтаның оң және сол жақ, төмен және жоғары бағыттаушы батырмаларын басамыз, егерде алдын ала мәтін теріліп қойылған болса.


Сабақты қорытындылау:

  1. Мәтінді теруді бастамас үшін қай параметрді орнатып аламыз?

  2. Пернетақтадағы қай батырмалар көп қолданылады?

  3. Мәтінді қалай ерекшелеіміз?

Үйге: Пернеліктердің қызметін жаттау.

Бағалау


Күні: 17.02.14 ж , 24.02.14 ж

Пән аты: Информатика

Сынып: 5
Сабақ №22

Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзіндісін екрекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу. Мәтінді редакциялау және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.



Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

WORDPAD – та құжат құру

WORDPAD қолданбасында құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:

1. Қаріп және оның өлшемін таңдау

2. Мәтінді пішімдеу

3. Құжатты сақтау және ашу

Осы сатыларды қарастырайық:

1.Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.

Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.

Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.



2. Мәтінді пішімдеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К – курсив, Ч – асты сызылған, Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.

Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.



3. Құжаттарды сақтау және ашу:

WORD PAD- мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл –сохранить как командасын орындаймыз.



  1. Имя файла – өрісінде ат жазу.

  2. Сақталынатын орынды көрсетеміз.

  3. Сохранить батырмасын басамыз.

Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?

  2. WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  3. WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

Үйге тапсырма: Мәтін үзіндісін екрекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.

Бағалау.
Күні: 03.03.14 ж

Пән аты: Информатика

Сынып: 5
Сабақ №23

Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзінділерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар wordpad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру.

Білімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық объектілері және графика мәтінде енгізуді үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абсракциясын дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары : компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақыфрыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:


  1. WordРad мәтірдік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

  2. Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?

  3. Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?


Жаңа түсініктер:

WordРad бғдарламсында мәтіннің үзінділерін маустың көмегімен апару және көшіру әдісатері немесе командалары ақылы көшіруге және жылжытуға болады.

Апару және орналастыру әдісі-бұл мәтіннің үзіндісін бөліп ,қажетті орынға апарып орналастыру.

Мәтіннің бөлігін көшіру үшін алдымен мәтіннің бөлігін белгілейміз, одан кейін Ctrl пернесін басып тұрып, қажетті орынға апарамыз. WordРad – та жұмыс істеген кезде мәтіннің бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орнынан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, басқа құжаттар арсында, басқа қолданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағайда жылжытатын немесе көшіретін ақпаратты уақытша сақтауға арналған алмасу буферін пайдаланған жөн.

Мәтіннің бір бөлігін көшіру әрекеті:

1. Көшіретін мәтін бөлігін белгілейміз:

2. Правка – Копировать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню – Копировать, пернетақтаның көмегімен Ctrl + С

Мәтіннің бір бөлігін жылжыту әрекеті:

1. Жылжытатын мәтін бөлігін белгілейміз

2. Правка – Вырезать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню – Вырезать, пернетақтаның көмегімен Ctrl+Х

Көшірілген немесе жылжытылған мәтінді кірістіру әрекеті:

1. Көшірілген немесе жылжытатын мәтінді кірістіретін орынға меңзерді орналастыру.

2. Правка – Вставить командасн орындаймыз немесе Қосымша меню – Вставить, пернетақтаның көмегімен Ctrl+V

Шығармашылық жұмыс

1. Сурет беріледі , сол суретке сәйкес Wordpad редакторында суретке әңгіме құрастыру.

2. Әңгіме ұзақтығы сегіз сөйлемнен кем болмауы тиіс.

Сабақты бекіту:

Мәтіннің бір бөлігін жылжыту қанша әрекеті бар?



Үйге тапсырма: WORDPAD мәтіндік редакторы тақырыбын қайталау.

Бағалау.

Күні: 10.03.2014 ж                                      

Пән: информатика

Сынып: 5
Сабақ №24

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты: ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін.

 Оқушылар үйренуі тиіс: мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды.



Көрнекілік: дербес компьютер, интерактивтік тақта, оқулық.

Сабақтың барысы

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

3.     Практикалық жұмыс

А деңгейі

1.     WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-Все программы-Стандартные- WordPad батырмаларын басыңдар

2.     «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріндер. Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

3.     Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.



В деңгейі

1.     WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск-Все программы-Стандартные- WordPad).

2.     «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

3.     Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.



С деңгейі

«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6-тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.



4.     Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.



5.     Үй тапсырмасы

Оқулықтан §3,4 мазмұнын қайталау.



Күні: 20.01.2014 ж                                      

Пән: информатика

Сынып: 6

Сабақ №25

Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. Графиктік ақпаратты өңдеу. Баспадан шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету; Суретті баспаға жіберу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдаастыру

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  2. Тапсырмалады орындау

  3. Үйге тапсырма беру


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Соңғы әрекетті болдырмау командасы қалай орындалады?

  2. Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?

  3. Сақталған суреттерді ашу командасы орыдалады?

  4. Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?

Жаңа түсініктер:

Үзінді- Бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мвна құралдар арқылы бөліне немесе белгіленеді:

Белгілеу батырмасы (выделение) Төрбұрышты үзіндіні таңдайды

Кез келген аймақты бөліп алу батфрмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

1.Алмасу буферіне қйып алу

2.Алмасу буферіне көшіру

3.Басқа жерге апару

4.Басқы жерге көшіру

5.Сурет бойынша көбейту

6.Пішіні мен көлемн өзгерту

7.Машстабын өзгерту, қисайту

8.Төңкеру және бұру

9.Түсін өзгерту

10.Өшіру (жою)

Үзіндіні жылжыту және көшіру

1.Үзіндіні белгілейміз

2.Правка- Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз

3.Правка- Вставить командасын орындаймыз.

Үзіндіні беинелеу немесе бұру әрекеттері:


  1. Үзіндіні белгілеу

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Оразитъ/Повернутъ коман-дасын орындаимыз

Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикалъ)

Немесе көлденең (горизанталъ) осътеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.



Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері:

  1. Үзіндіні белгілеу.

  1. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Растянутъ/Накланутъ командасын орындаймыз.

Суретті баспаға шығару:

Суретті қағазға басып шығару үшін Файл-Печать командасын орыңдаңдар. Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.

Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл-Предварительный просмотр командасын орыңдаңдар. Егер құжат кескіні өздеріңе ұнаса, осы терезеде Печать батырмасын шертіңдер. Олай болмаған жағдайда Закрыть батырмасын шертіңдер де, суретті өңдеуді жалғастыру үшін, Paint программасының бас менюіне қайтыңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары:


  1. Үзінді дегеніміз не?

  2. Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?

  3. Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?

  4. Үзіндіні жю әрекеті қалай орындалады?

  5. Суретті баспаға шығару үшін орындалатын амал әрекеттер.


Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторында үзінділермен жүргізілген әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзінділерді көбейту. Суретті қағазға басып шығару.

Күні: 27.01.2014 ж                                      

Пән: информатика

Сынып: 6

Сабақ №26

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторында жұмыс істеуін пысықтау.

Білімділік: Суретпен қосымша командалар арқылы тағы не істеу керектігін білдірту. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

Сабақтың барысы

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

3.     Практикалық жұмыс



Өзің орыңда!

Өткен материалды пысықтау үшін сендерге бірнеше практикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамыз.



1-тапсырма.

Суретті өте ұқыпты қарап шығып, амалдар тізбегі мен қолданылатын командаларды ауыстырмай орындаңдар .



  1. Сурет сал:

а) экран жартысына теңіз (толқын) суретін сал;

ә) кеме сал;

б) суда жүзіп жүрген балықтарды сал;

в) аспандағы шағалаларды сал;

г) кеменің сол жағына күннің суретін сал;

д) кеменің сол жағына пальмасы бар арал сал.

2. Суретті боя.

3. Мұғалімджі шақыр.

4. Күннің суретін өшір.

5. Күннің орнына айдың суретін сал.

6. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей шағаланың аузына апар.

7. Жұлдыздар сал.

8. Кеменің сол жағына орналасқан аралды, оның оң жағына жылжыт.

9. Кемені басқа жаққа бұр.

10. Біріншісімен бірдей шағаланың 3 көшірмесін сал.

11. Шағаланың екеуіноңға, ал екеуін солға бұр.

12. Мұғалімді шақыр.

Егер бұл жұмысты орындағанда тапсырманың барлық пункттерін толық орындап үлгермесеңдер, оны кез келген атпен сақтап қойыңдар. Келесі сабақта сол файлды ашып, тапсырманың орындалмаған тармақтарын орыңдаңдар.



Сабақты бекіту: Оқушылар практикалық жұмысты орындағанына байланысты бағаланады.

Үйге тапсырма: Мәтіндік редактор тақырыбын жалпылама қайталау.

Оқушыларды бағалау.

Күні: 03.02.2014 ж                                      

Пән: информатика

Сынып: 6

Сабақ №27

Сабақтың тақырыбы:  Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Word Pad редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету;

Тәрбиелігі:  Оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқушылар алған білімдерін өздігнен іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ой еңбегін жандандыруға бағыттау. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру

Дамытушылығы:  Компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, оқулық, дәптерлер, тақырыптық тапсырмалар, слайд-шоу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Бекіту тапсырмадан тұрады

V.Оқушылардың білімдерін бағалау

VI. Үйге тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы ретінде оқушылардан Paint графикалық редакторы тақырыбынан сұрақтар қою.



  1. Paint қандай оператор?

  2. Paint операторын қалай іске қосамыз?

  3. Paint операторының жұмыс аланы неше бөлімнен тұрады?

  4. Құрал саймандар тақтасында қанша әрекет орындауға болады?

  5. Түстер палитрасы көмегімен қанша түсті тандауға болады?




ІІІ. Жаңа сабақ. 

«Word Pad мәтіндік редакторы. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау».

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экран ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады. Яғни осыларды жүзеге асыру үшін Word Pad мәтіндік редакторы қолданылады.



WordPad мәтіндік редакторы – қарапайым мәтіндік құжат құруға арналған windows-тың стандартты программасы.



Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет