Жұптық жұмыс Ультрафильтрация және реабсорбция үдерістерін анықта.
Боумен-Шумлянский капсуласында капиллярлардағы қысым айырмашылығынан жүреді.
Иір өзекшелерде жүреді.
Қан плазмасына ұқсас бірінші реттік зәр түзіледі.
Концентрацияланған зәр пайда болады.
Аминқышқылдары, глюкоза және металл иондары қанға қайтарылады.
Дескриптор: (5-балл) -Ультрация және реабсорбция үдерістерін ажыратып жазады
-Нефронның қызметін біледі
Қосымша 3
Жеке жұмыс. №1 тапсырма Сөйлемдерді толықтыр. 1. Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі –_______________________
2. Реабсорбцияның негізгі бөлігі _____________________________жүреді.
3. Зәрдің осмотикалық концентрациялануы ____________________жүреді.
4.____________________________бірнеше нефрондардан зәрді жинайды, мұнда оның қышқылдануы мен концентрациялануы жүреді.
Кілт сөздер: Жинаушы түтік, проксимальді түтікшеде, Генле ілмегінде, нефрон. №2 тапсырма Науқастың зәрінен нәруыз табылды. Ақпаратты талдап, себебі мен салдарын анықта