Сабақ жоспары «Бекітемін»


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»



бет3/3
Дата05.02.2022
өлшемі476,97 Kb.
#24128
түріСабақ
1   2   3
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
12 қыркүйек 2016 ж ________________
Пән аты: Информатика





Сабақ: Мәтіндік ақпаратты кодтау

Мәтіндік ақпаратты кодтауға үйренеді. ASCII, Unicode кестелерімен танысып, кодтауды үйренеді.
Барлық оқушылар




Сынып 7

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сабақ мақсаттары

 Мәтіндік ақпаратты кодтауды үйренеді. Нақты бір код символының тағайындалу маңыздылығын түсінеді және ол кодтық кестеде бекітілетінің біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Мәтіндік ақпаратты байттардың көмегімен кодтау әр түрлі стандарттарға сүйенетінін біліп, бірақ барлығына бірінші негіз болған АSCII стандартымен жұмыс жасай алады. Unicode кодтау кестесінде бір символ кодтау үшін 2 байт пайдаланатынын біледі.

Кейбір оқушылар

Әртүрлі кодтық кестелермен символдарды кодтай біледі, әртүрлі кодтаудағы орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі мәтіндерді салыстырады.

Тілдік мақсат
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оқушылар сабақ мақсатын өздері құра алады, жазбаша , компьютермен тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.
 …. (істей алады)

Негізгі сөздер мен тіркестер

АSCII, Unicode, КОИ -8, СР 1251, СР 866, Мас, ISO

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған мақсаттар:

АSCII жүйесінде кодтаудың екі кестесі – негізгі және кеңейтілген кестесінің айырмашығы.

Сіз неліктен…. екенін айта аласыз ба?

АSCII стандартын неге және не үшін пайдаланады? Unicode бұл қандай кодтау және оған кімдер қосылған.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Хабарламада ақпараттың санын символда және байтта анықтау.

Алдыңғы оқу Компьютердегі ақпаратты ұсыну тәсілдерін біледі, сандық ақпаратты компьютермен кодтай біледі.

Жоспар

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз )

Жоспарланған уақыт


Басталуы
7 минут
3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сергіту сәті: «Маңдайдағы стикер»
Мақсаты: үй тапсырмасы мен сергіту сәтін біріктіріп өткізу. Сынып ішінде, оқушылар арасында жақсы ахуал тудырып, өткен тақырыпты қаншалықты түсінгендерін байқау.
ІІ Топқа бөлу. Екілік жүйедегі және ондық жүйедегі сандарды табу арқылы «Екілік» және «Ондық» болып екі топқа бөлінеді.

Ортасы
2 минут
10 минут
14 минут

Қызығушылықты ояту, миға шабуыл 
– Ақпараттың қандай түрлерін компьютер өңдейді?
Сандық, мәтіндік, графикалық.
– Біз сіздермен өткен сабақта ақпараттың қандай түрімен кодтауды үйрендік ? Сандық.
– Ендеше, бүгінгі қандай ақапаратты кодтауды үйренеміз?
Мәтіндік ақпаратты кодтау.
Мағынаны тану. Жаңа тақырып слайдта жазылады.
«Мозайка» әдісі.
Оқулықтан мәтін екіге бөлініп , жаңа тақырыпты оқып, оқушыларға оқыған мәтіннен тақырыптың мазмұнын ашып беретін сұрақтар құрастырады. Осы сұрақтарды топпен ортаға салып талдайды, дұрыс шешімін табады. Қарсы топтан екі оқушы келіп өз түсінгенін ортаға салады және сұрақтарын талдап дұрыс жауаптарын қарсы топқа түсіндіреді.
Қ.б. Бармақпен бағалау.
Ой толғаныс.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
А – деңгейі.
1-тапсырма
Төменде берілген хабарламада ақпараттың санын символда және байтта анықтаңдар:
Мәтіндік ақпаратты байттардың көмегімен кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенеді, бірақ барлығына алғашқы негіз болған АSCII стандартты.
АSCII жүйесінде кодтаудың екі кестесі бекітілген – негізгі және кеңейтілген.
Монитор экранындағы графикалық ақпарат кескін түрінде беріледі, ол белгілі бір қатарлар санынан қалыптасады. Ал ол өз кезегінде белгілі бір нүктелерден (пиксельдерден) тұрады.
2-тапсырма
1. Блокнот программасын ашыңдар (Іске қосу – Программалар- Блокнот).
2. Осы тәжірибелік жұмыстың 1-тапсыпмасындағы мәтінді еңгізіңдер.
3. Жақшаның ішіндегі мәтінді Жұмыс үстелінде сақтаңдар ( Файл – Сақату – Жұмыс үстелі бумасын таңдаңдар – файылдың атауын теріңдер – сақтау – Блокнотты жабу).
4. Осы файлдың ақпараттық көлемін компьютер арқылы аңықтаңдар (файлды ерекшелеп алыңдар – Контекстілк мәзірін шақырыңдар – Қасиеттер ( Свойства)).
В – деңгейі.
1-тапсырма
А деңгейінің 1,2 тапсырмасын орындаңдар.
2- тапсырма
1. 1-тапсырмадағы мәтінді дыбыстық файл түрінде жазыңдар: Дыбыс.wav (Іске қосу – Программалар – Стандартты – Дыбыс жазба – Жазба  батырмасын басыңдар және мәтінді микрофонға дауыстап оқыңдар).
2.  Бұл мәтінді Жұмыс үстелінде сақтаңдар (Файл – Сақтау – содан соң Жұмыс үстелі бумасын таңдаңдар,файлдың атауын еңгізіңдер – Сақтау).
3. Бұл файлдың ақпараттық көлемін анықтаңдар.
4. Мәтіндік жіне дыбыстық файлдардың көлемін салыстырыңдар.




Қорытынды: « Венн диаграмма» стратегиясы бойынша АSCII мен Unicode кестелерінің  айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазу.

АSCII кестесі



 
Үйге тапсырма: §3 Оқу, 16,17- беттегі тәжірибелік жұмысты аяқтау.
Бағалау: жиынтық бағаны шығарамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет