САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітілді»
_________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Класы:
|
6 «А»
|
6 «Ә»
|
6 «Б»
|
6 «В»
|
6 «Г»
|
Күні:
|
|
|
|
|
|
Пән аты: Информатика
Тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары. Практикалық жұмыс
Сабақ мақсаты: Ақпаратты сығу, архивтеу, қорғау туралы түсінік беру, ақпаратты қорғау құралдарымен таныстыру. Вирусқа қарсы программаларды атап өту.
Білімділік: Антивирустық программалар мен архивтеу программаларын қолдануды үйрету.
Тәрбиелік: Ақпаратты қорғаудың маңыздылығымен таныстыру арқылы салмақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Табиғи және жасанды тілдердің бір бірінен айырмашылығы неде?
Ақпарат немен өлшенеді?
Ақпаратты ұсыну түрлері?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі. Оны деректерді архивтеу деп атайды.
Архивтеу файл алып тұрған кеңістік көлемін кішірейтеді, файлдарды дискетке көшіру уақытын қысқартады, ақпаратқа бөгде адамдардың рұқсатсыз шығуын парольмен қорғайды және вирустардың бұзуынан да жартылай қорғайды.
Архивтеу әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан тұрады.
Архивтік файлға - арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау, өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.
Архивтен алу – бұл файлдарды архивкке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай күйде қалпына келтіру процесі.
Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналстырылады.
Файларды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын прораммалар архивтеуші –программалар деп аталады.
Кең тараған архивтеуші программалар – ARJ, RAR, PKZIP, PKPAK, PAK, LHA, ICE, HYPER, WINZIP, ZOO, EXPAND.
Соңғы кезде пайдаланушылар арасында RAR, WINZIP архивтеушілері әйгілі болды.
RAR архивтеушісі жоғары жылдамдық пен сығу қамтамасыз етіп, ыңғайлы интерфейске ие. Дербес компьютерді қорғау үшін сақталған ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңітетін әр түрлі программалық әдістер қолданылады. Стандартты дербес компьютерді қорғау құралдарының ішінде кең таралғандары:
парольдік құсастыруларды пайдаланып, мүмкіндік ресурстарын қорғау құралдары;
әр түрлі ақпаратты шифрлау әдістерін қолдану;
компьютерлік вирустан қорғау және архтв құру.
Біздің кеңірек тоқталатынымыз компьютерлік вирустардан қорғану жолдары. Алдыңғы екі тәсілді кітаптан өздерің оқып аласыңдар.
Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте шағын өлшемді (200-ден 500 байтқа дейін) «көбею» және басқа прораммаларды «зақымдау» қабілеті бар (яғни өз кодын көп қайтара көшірмелейді және оны басқа программалардың кодына қосады) арнайы компьютерлік программа.
Ішінде вирусы бар программа зақымданған программа деп аталады.
Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиянын тигізу үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
Компьютерге вирус негізінен дискетер мен лазерлік дискілер, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды. Дискетті зақымдау өте оңай. Егер зақымдалған компьютердің дискжетегіне дискетті салып, тек мазмұнын оқыса да, оған вирус жұғуы мүмкін.
Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына және EXE, COM, SYS немесе ВАТ кеңейтулері бар атқарылатын файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графикалық файлдарға сирегірек жұғады.
Қазіргі кезде белгілі вирустарды шартты түрде келесі белгілері бойынша жіктейді:
Мекендеу ортасы бойынша: Желілік, компьютерлік желі арқылы тарайтын
Файлдық, орындалатын файлға кіретін,
Жүктейтін, қатқыл дискінің немесе дискеттің жүктейтін секторына кіретін.
Зақымдау әдісі бойынша:
Резиденттік, ДК жадына жүктелетін;
Резиденттік емес, ДК жадын зақымдамайды және актиыті қалпында ұзақ сақталмайды.
Мүмкіндіктері бойынша:
Зиянсыз, ДК-нің жұмысына әсерін тигізбейтін;
Қауіпсіз, олардың әсері дискідегі бос жадты кішірейтумен және графикалық , дыбыстық және басқа әсерлермен шектеледі;
Қауіпті, ДК жұмысында елеулі жаңылыстар туғызады:
Өте қауіпті, олар программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, жадтың жүйелік аймағындағы ақпараттың өшуіне, тіпті шалғай құрылғылардың уақытынан бұрын істен шығуына соқтырруы мүмкін.
Жүктейтін вирустар – дискетің немесе винчестердің жүкеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программаларын зақымдайды және компьютерді зақымдағанда іске қосылады.
Файлдық вирустар – көбінесе СОМ және ЕХЕ кеңейтілуі бар файлдарға кіріп алады. Файлдық вирустар файлдардың басқа типтеріне де кіре алады, бірақ олар онда басқару ала алмайды, сондықтан көбею қабілетінен айырылады.
Жүктейтін-файлдық вирустар – файлдарды да, дискінің жүктейтін секторларын да зақымдайды.
Драйверлік вирустар – компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе өзін файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу арқылы ендіреді.
Желілік вирустар – ондаған және жүздеген мың компьютерді біріктіретін желілерде тарайды.
Үйге тапсырма: Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Компьютерлік вирус дегеніміз не?
Вирустардың жіктелуі.
Вирустан қорғайтын программалар қалай аталады және аттарын ата.
Желілік вирустар дегеніміз не?
Зақымдау әдісі бойынша қалай бөлінеді?
Мүмкіндіктері бойынша қалай бөлінеді?
Архивтеу дегеніміз не?
Архивтен алу дегеніміз не?
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |