Сабақ жоспары «Бекітілді» Оқу ісінің меңгерушісі



Дата13.08.2017
өлшемі77,1 Kb.
#23655
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітілді»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі


Класс:

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

Күні:














Пән аты: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор. Блокнот программасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға стандартты программалардың бірі калькулятор, блокнот туралы мәлімет беру және оларда жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Блокнот, калькулятор қолданбаларының міндеттері таныстыру көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. тапсырмаларды орындау

  5. сабақты бекіту

  6. үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

    • Wordpad мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі қандай?

    • WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

    • WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

    • WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

    • Мәтінің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

Жаңа түсініктер

Блокнот - бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған.Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

Іске қосу – барлық программалар – Стандартты - Блокнот.

Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка-Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.

Файл- Параметры страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын(Альбомдық немесе Кітаптық)таңдауға болады.

Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.

Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады.

Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.

Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Калькулятордың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.



Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланымыз.

Инженерлік калькулятордың түрін көрейік. Жоғарыда айтылғандай, инженерлік калькуляторды «шақыру» үшін :

Пуск –Все программы- Стандартные-Калькулятор –Вид Инженерный командаларын орындаңдар.

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.

Калькулятордың функционалдық батырмалары




соңғы ендірген цифрды өшіреді;

индикация өрісінде жарықтанған санды өшіреді;

барлық ендірілген ақпараттарды өшіреді;

енгізілген мәндерді өшіреді;

енгізілген мәндерді көбейтеді;

енгізілген мәндерді қосады;

енгізілген мәндерді азайтады;

орындалған амалдың нәтижесін шығарады.

квадрат түбірді есептейді;

санның процентін табады;

экрандағы санның кері мәнін есептейді;

жадтағы мәндерді өшіреді;

жадтағы мәнді индикаторға көшіреді;

индикатордағы мәнді жадқа жазады;



индикатордағы сандарды жадтағы мәндерге қосады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

    • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

    • Калькулятордың қандай түрлері бар?

    • Инженерлік калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

    • Инженерлік калькулятордың қандай ерекшеліктері бар?

    • Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай?

    • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

    • Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, элпетін қалай өзгертеміз?

    • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу, әрекеттері қалай орындалады?


Үйге тапсырма: Блокнот, калькулятор программасы тақырыбын оқып келу.

Бағалау. Оқушылардың күнделіктеріне, журналға баға қою.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет