Пән мұғалімі: Абытбаева Г.Ш. Сабақ жоспары «Блум таксаномиясына» салынып құрылған.
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 10 «А»
Оқыту тілі: қазақ әдебиеті
Мерзімі: 15.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Абай Құнанбаевтің «Ескендір» поэмасы туралы біліп, зерттеушілік диалог арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту. Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын меңгерту. 2. Оқушыларды жаман мінез-құлықтардан, іс-әрекеттерден сақтандырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. 3. Әр оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуге қол жеткізу.
Сабақтың нәтижесі:
1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері кеңейеді;
4. Жаман мінез-құлықтар мен адамгершілікке тән қасиеттерді айыра біледі.
Сабақтың табыс критерийлері:
1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері талдау, көрініс қою және диалог арқылы іске асады;
2. Поэмадағы кейіпкерлердің образын аша біледі.
3. Поэмадағы негізгі кейіпкер туралы мәлімет алады.
4. Жаман және жақсы қасиеттерді көрсете біледі.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ. Жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
«Мозайка» әдісі, диалогты оқыту әдісі, Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, Инсерт әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Үнсіз қадам» әдісі, т.б.
Көрнекілігі:
Тақырыпқа қатысты суреттер, флипчарт, түрлі-түсті маркер, сүйек, таразы.
Сабақта қолданылған құралдар:
интербелсенді тақта, компьютер.
Пән аралық байланыс:
тарих, музыка,
Сілтеме:
1. Қазақ әдебиеті.Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.
2. “Мен саған...” тренингі арқылы оқушылар бір-біріне тілек білдіреді.
ОЖЕСОжО, “Мен саған..” тренингі, «Үнсіз қадам» әдісі, топқа бөліну
3. Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға мынадай сөздерді буынға бөліп беремін: қа-на-ғат-сыз-дық, а-дам-гер-ші-лік, ме-йі-рім-ді-лік. Буынға бөлінген сөздер қиындыларын қолданып, сөздерді бір-біріне қостырып, оқушылар үш топқа бөлінеді. Солай оқушылар «Қанағатсыздық», «Адамгершілік», «Мейірімділік» болып үш топқа бөлінеді.
3. 1. Оқушылар алдарында жатқан буынға бөлінген сөздердің біреуін таңдап алады;
2. Буынға бөлінген сөздерді бір-біріне қосып, сөз жасайды.
3. Сөздердің құрастырылуы арқылы оқу-шылар топтарға үнсіз қадам арқылы бөлінеді.
І. Білу.
1. «Ой шақыру» әдісі.
Презентацияда «Таразының» суреті көрсетіледі.
- Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айтыңыздаршы?
- Сабақ эпиграфы: Қу жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсыз иман жоқ түпке жетер.
- Мына 4 шумақты өлеңде асты сызылған сөздер бар. Олар не деген сөздер?
- Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық. (2 топтың оқушылары қағазға жаман, жақсы қасиеттерді жазады, ал 3 топ оқушылары таразыға салып өлшеп отырады)
- Қасиеттер:
Жақсы:
Жаман:
Талап
Жігер
Еңбекқорлық
Отансүйгіш
Адамгершілік
Мейірімділік
Ерлік
Әділеттік
Ар-намыс
Жауыздық
Қанағатсыздық
Ашу
Тойымсыздық
Қызғаныш
Ерегісу
Мақтаншақ
Өсек-өтірік
2. «Миға шабуыл» әдісі.
- Оқушылар, қай жазушының шығармасында таразыға қатысты оқиға суреттеледі?
- Дұрыс айтасыңдар!
- Мұхтар Әуезов былай деген: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!».
3. Инсерт әдісін қолданамын, яғни сабақтың басында, ортасында және аяғында (ауызша түрде сұраймын): - Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Жақсы, балалар, Абайдың неше поэмасы бар? - Дұрыс, балалар, Абайдың 3 поэмасы бар екен. - Біз бүгін сол поэмалардың бірі "Ескендір" поэмасымен танысамыз. - Жалпы, балалар, поэма дегеніміздің өзі не?
Шығыс ақындары Фирдоуси, Низами, Науаилардың суреттері көрсетіледі.
- Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны да – «Ескендір». «Ескендір» — поэмасы, зерттеушілердің пікірінше, 1900 – 1902 жылдар аралығында жазылған. Қазақ әдебиеттану ғылымында Абайдың «Ескендір» поэмасы назира түрінде Низамидың «Ескендір — намасының» негізінде жазылған деген пікір айтылып келеді.
- «Ескендір» — поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
- Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүниежүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұмар саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады. Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді.
- "Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып-жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты-жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы 4 тармақты 42 шумақтан тұрады.
Оқушылар интербелсенді тақтадан слайдты көреді.
- Ескендір-Зұлқарнайын - Александр Македонский – белгілі қолбасшы.
СТО, ОмОЖТ, АКТ, ТжДБО
ІІІ. Қолдану.
1. Абайдың «Ескендір» поэмасын жатқа сұрау.
2. Проблемаға шығу:
- Поэманы үйден оқып келгендіктен, талдау сатысына шығамыз.
- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
Негізгі тақырыбы:
- Ескендір Зұлқарнайын туралы.
- Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс.
2. Поэма желісі бойынша жоспар құру.
Жоспар: 1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары 2. Жорықтағы бұлаққа кездесуі 3. Ескендірдің бұйрығы 4. Күзетшінің сыйлығы 5. Аристотель шешімі 6. Ақын өсиеті
- Абай поэмасындағы Ескендір бейнесіне сипаттама беру. - Аристотель кім? Ол поэмаға неліктен енгізілген? (Анықтама беру)
Түсіндірме сөздік: 1. Хакім - ғалым 2. Данышпан - оқымысты 3. Иман - дін, Алланы мойындау 4. Ғибрат - үлгі 5. Нәпсі - құмарлық 6. Араны - көз тоймау
Аристотельге мінездеме беру: Ғұлама, байсалды, әділ Ғалым, ақыл иесі, қазы
3. Көрініс.
Оқушыларға таразы, сүйек, орамал, т.б. заттар беріледі.
Оқушылар поэманы жатқа айтады.
қушылар Аристотельдің поэмаға не үшін енгізілгені туралы ойланып жауап береді.
ТжДБЖ, ЖЕСОжО, АКТ
ІҮ. Талдау (анализ).
1. КУБИЗМ стратегиясы.
Суретте. Шығармадағы аталған тарихи тұлғалардың ақын идеясын жеткізудегі орны.
Салыстыр. Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады)
Зертте. Абай ақын туралы не білесің?
Қолдан. Ескендірдің психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. (Оқулықпен жұмыс)
2. Бекіту:
Сұрақ:
1. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек?
2. Осы поэмалардан қандай қорытынды шығаруға болады?
3. Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға бола ма?
Топтық жұмыс.
І топқа:
1) Шығармадағы тарихи тұлғалар туралы Абай қалай жырлаған? Әңгімелеп айту.
ІІ топқа:
2) Венн диаграммасын қолданып, Ескендір мен Аристотельді салыстырады.
ІІІ топқа:
3) Абай Ескендірдің психологиялық жағынан қалай суреттеген? Әңгімелеп айту.
Ү. Жинақтау (синтез).
«Инсерт» әдісін сабақтың соңында да ауызша түрде қолданамын:
Білетінім
Білдім
Нені білгім келеді?
Оқушылар «Инсерт» әдісі арқылы поэма бойынша «Не білетінін? Нені білгенін? Нені білгісі керектігін?» өз ойларын, пікірін айтады.
ОүБжОБ
ҮІ. Бағалау.
«Ой толғау» стратегиясы.
Оқушыларға «Қанағат - қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз атты сойғызар»тақырыбына 3 минуттық эссе жазады (7-8 сөйлем):
не ұққанын,
өзіне ұнаған жерлерін,
несімен ұнағанын,
қандай қорытындыға келгенін,
өз ойларын,
нені әлі де білгісі келетінін жазады.
ОүБжОБ, СТО, ТжДБЖ, ЖЕСОжО
Үй тапсыр-масын беру
- «Ескендір» поэмасының соңғы 4 шумағын жаттау.
- «Масғұт», «Әзім әңгімелері» поэмаларын оқу.
- Мүмкіндігің келсе, поэма желісі бойынша сурет салу.
Қоштасу
- Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!