Сабақ жоспары Бөлім 2 Адам болам десеңіз



Дата11.04.2022
өлшемі21,61 Kb.
#138806
түріСабақ
Байланысты:
619b0788d102c276904895
Жанды су 4 сынып сабақ жоспары, Слайд Оғыздар

Өзін өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім 2

Адам болам десеңіз...

Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Жумагалиева Гулжайна Калыбаевна

Мерзімі:

31.01. 2022 ж

Сынып 3

Оқушылар саны:18

Қатыспағаны: 0

Сабақтың тақырыбы

«Жомарттық пен кеңпейілділік» №21

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары




Құндылық

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

Кеңпейілдік, мейірімділік, адалдық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі алатын орнын түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері

  • Оқушыларға кеңпейілділік ұғымын ұғындыру;

  • Оқушыларды адалдық қасиетіне баулу;

  • мейірімді, кеңпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)


1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)



Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
«Көңілді сәлемдесуді» өткізеді.
Мұғалім оқушылармен бірге айтады:
Жалпыадамзаттық құндылықтар бойымда,
/қолымен жүрекше жасайды/
Әркез оны жарыққа шығару ойымда,
/қолын жоғары көтереді/
Асығамын мен жақсылық жасауға
/қолын жоғары қозғап, нұр шашады/
Жақсы адамдар көп болады жолымда!
/шапалақтайды/

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Мұғаліммен бірге өлеңді қайталап айтады, Қимылдар арқылы сергіту жаттығуларын жасайды.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.



2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)



Ы. Алтынсариннің «Жомарт» атты өсиет әңгімесін сұрайды. Мұғалім оқушыларды мәтін бойынша құнды ой түюге жетелейді, сұрақтарға жауап алады.
Сұрақтар:

  • Атымтай жомарттықты қалайша түсіндірді?

  • Жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады?

  • Жомарт адам болу үшін қандай іс әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар?

  • Жомарт болу барлық адамның қолынан келе ме?

  • Сеніңше жомарттықты тағы қалай көрсетуге болады?

Мұғалім сұрағына жауап бере отырып, кейіпкердің жомарттығы, кеңпейілділігі, қолы ашықтығы, көңілінің тазалығын адам
бойындағы асыл қасиет екендігін түсініп, ой түйеді.

Оқулықтың 98-беті №21 сабақ

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

Адамның қадірлісі – жомарт кісі.
Ж. Баласағұни
- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Неліктен жомарт кісіні қадір тұтады?

Мұғалім оқушылармен бірге дәйексөздің мағынасын талқылап, қорытынды жасайды және дәптерге жазуды ұсынады.



Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы дәйексөздің мағынасын ашады.
жомарт кісі қолы ашық, көңілі таза, баршаға қадірлі кеңпейілді болатынын түсінеді.
Дәйексөзді 2-3 рет қайталайды және дәптерге жазады

Презентация, слайд.
Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)
(4-8 мин)



Мұғалім «Жомарт пен сараң» ертегісі бейнебаяннан үзінді көрсетеді.
Екі дос орманда келе жатады.
Жомарт адам досына қолындағы суын, тамағын береді. Бір кезде отын жинап алу керек дейді досы. Жомарт адам бір құшақ отын жинап келсе досы кетіп қалғанына қапаланбай ол да отын жинауға кеткен шығар, жарайды оны осында күтейін деп жерге жантаяды. Қарнымның ашқаны ай, мынау қандай шөп жеуге болама екен деп аузына апара бергенде есінен танып қалады. Есін жинаса құстар ол сиқырлы шөп оны жеген адам аң құстың тілін түсінетін болады дейді. Жомарт адам оянады да түлкінің айтқанын түсініп қалады. Мына адам бұта арасында бір қап алтын жатқанын да білмейді дейді. Аң-құстың тілін түсінетін жомарт адам алтынды тауып алады. Алдынан бір топ қой кездесіп, қошқардың жүні түрлі ауруларға шипа болатынын түсініп қалады да қойшыға бір қап алтынды қошқарға айырбастайды. Қойшы қуана келісіп «неткен жомарттық» деп таңырқайды. Қалаға жеткенде уәзірлері патшаның қатерлі дертке шалдыққанын, емдеп жазған адамға патшалығының жартысын беретінін хабарлайды. Жомарт адам «мен емдеймін, бірақ ақы сұрамаймын» деп сарайға қошқарын еріте кіреді. Патшаға қошқардың терісінің дертіне шипа болатынын айтады. Патша екі алақанымен қошқардың терісін сипағанда дертінен айығып, халықтың алдына шығып «мен саумын, дертімнен айықтым, бәрі мына адамның арқасы, мінекей уәде еткендей патшалығымның тең жартысын оған беремін», -дейді. Жомарт адам: «мен патша да емес, хан да емес, біреудің шаруасында нем бар», деп патшаның бұл ұсынысынан бас тартады. Сонда патша әлгі адамның жомарттығына шексіз риза болып, «Жарайсың! патшалықтың тек билік емес, үлкен жауапкершілік екенін әркім түсіне бермейді, сен маған «бауыр бол!», бұдан былай барлығын екеуміз теңдей бөлісетін боламыз дейді. Сұрақтар:

  • Екі дос қайда келе жатады?

  • Жомарт адам қандай жағыдайларға кезігеді?

  • Жомарт адам бір қап алтынды қошқарға айырбастауының себебі неде ?

  • Неліктен Жомарт адам патшаны емдегеніне ақы сұрамады?

  • Жомарт адам болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар?

  • Өздерің жақындарыңа, достарыңа жомарттықты қалай жасап жүрсіңдер?

Бейнебаянды көргеннен кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, досына деген адалдығы мен кеңпейілділігі, патшаның халқына адалдығын, адамдарға деген сыйластығын арттырып, пейілі кең жомарт болатынын айтып береді.



Бейнебаяннан үзінді
«Жомарт пен сараң» қазақша ертегі
https://www.youtube.com/watch?v=-riicEa3E-Q



5. Шығармашылық іс-әрекет
(12-15 мин)



Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады:
І топ: «Кеңпейілділік» сөзінің әрбір әрпінен жылы сөздер топтастыру
ІІ топ: Көп нүктенің орнына төмендегі сөзді қойып, мақалды оқыңдар.
1. ... пейілді кемімес,... пейілді кеңімес
2. Кең болсаң, ... болмайсың.
3. ... дос көбейтеді, ... мал көбейтеді
4. ... ашықтың, жолы ашық.
Қажетті сөздер: кең, тар, Жомарт, кем, сараң, қолы
ІІІ топ: Постер қорғау «Кеңпейілділік» сөзін рухани қасиеттермен топтастыру.
Оқушылардың жауаптарынан соң, мұғалім, жомарт болу үшін қолы ашық, көңілі таза, пейілі кең болуы риясыз сүйіспеншіліктің негізінде болатынын оқушылар санасында тағы бір мәрте жаңғыртып өтеді.

Оқушылар адалдық, кеңпейілділік, ашықтық, ақжарқындылық қасиеттерінің маңыздылығын анықтап түсінгендерін іс жүзінде өз жұмыстарын қорғау барысында көрсетеді.



Флипчартта, қазақ күйі қойылады.
https://youtu.be/uDgb1RtshoI



6. Үй тапсырмасы (1-2 мин)

Е.Өтетілеуовтің «Жомарт» әңгімесінен үзіндіні оқып, мазмұнын айту.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Оқулықта №22 сабақ 101-бет

7. Топпен ән айту
(2-3 мин)

Мұғалім оқушылармен бірге «Біз өмірдің гүліміз» әнін орындайды.
Сөзі: Әнуарбек Дүйсенбиев, әні: Бекен Ғизатов
Зеңгір көктен
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен
Біз – өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,


Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.



Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=s66gjrooBGM

8. Сабақтың қорытынды сәті
(1 мин)

-Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар!

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.
https://ok.ru/video/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет