1- сынып өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Бөлім: 4
|
Әсемдік әлемінде
|
Мұғалімнің аты-жөні, тегі
|
Досжанова Назым Турарбековна
|
Мерзімі:
|
05.05.2022 жыл
|
Сынып: 1 «А»
|
Оқушылар саны: 10
|
Қатыспаған оқушылар: 0
|
Сабақтың тақырыбы: №31
|
Жер-ортақ үйіміз.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қарапайым түсініктер беру
|
Құндылығы:
|
Сүйіспеншілік
|
Қасиеттері:
|
Ынтымақтастық, сыйластық, түсіністік
|
Сабақтың мақсаты
|
оқушыларға Жер-ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
|
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік
2.Дамытушылық
3.Тәрбиелік
|
- оқушыларға жердің ортақ үй екені туралы түсінік беру;
- оқушыларды Жер-ананы қадірлеуге, оның тұрғындарымен ынтымақтастыққа үйрету арқылы сыйластық қасиетін дамыту;
- оқушылардың Жер-анаға сүйіспеншілігін арттыру арқылы түсіністікке тәрбиелеу;
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері / Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
1. Жағымды көңіл күй
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, бүгінгі күндеріне сәттілік тілеп, сабаққа қатысуын тексереді.
5Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5.Татулық.
Мұғалім «Қуаныш шеңбері» жаттығуын өткізеді.
Нұсқау: Балалар орындарыңа жайғасып, еркін отырыңдар. Мен сендерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз, «жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз, «гүл» бейнеленсе, бір-бірімізге сыйлаймыз. Ең соңында гүлдерді бір-бірлеріңе сыйлайсыңдар.
|
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Балалар ережені естеріне түсіріп, сыныптың тәртібін сақтауға, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатуға, тазалықты сақтауға, татулыққа үйренеді.
Оқушылар орындарында отырып бір-біріне гүлдерін cыйлап қуанышқа бөлнуге бейімделеді.
|
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.
«Көңілді күн» әнінің минусовкасы қойылады. https://x-minus.me/artist/
әйгерім-қалаубаева
|
2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру
|
Оқулық, №31 сабақ 139-беттегі «Бір ананың баласымыз» Мұзафар Әлімбаевтың өлеңін үлкендердің көмегімен оқып келу.
Сұрақтар:
1. Адамдардың тұратын жері әр түрлі болса да,ақын өлеңде неліктен «Бір адамның баласымыз» дейді?
2. Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық болуының маңызы қандай?
3. Өзіңнің бүкіл әлемнің бір бөлшегі екеніңді қалайша сезінесің?
Мұғалім өлең мазмұнын талдау үшін әрбір шумағын жеке-жеке оқи отырып, оның мағынасына жете мән беріп, талдайды, сұрақтардың көмегімен оқушыларды «ынтымақтастық», «сыйластық», «бейбітшілік» ұғымдарын түсінуге жетелейді, жер бетінде тұратын барлық балалар өздеріндей анадан туғанын, олар да тату-тәтті, бейбіт өмірді қалайтындарын баса айтып түсіндіреді.
|
Оқушылар өлеңді мұқият тыңдап,қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
1 -сынып өзін өзі тану оқулығы,
139-140 бет
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме
|
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...
Абай Құнанбаев
Сұрақтар:
1. Адам адамға дос, бауыр, жолдас дегенді қалай түсінесіңдер балалар?
2. Адам баласының адам баласынан ешбір артықшылығы жоқ, бәрі бірдей деген сөздер не мағынаны білдіреді?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер ?
Қорытынды: Жер шарында өздерің сияқты балалар тұрады. Әлем балалары сендер сияқты ойнайды, оқиды, армандайды. Олардың түрі, тілі, діні әр түрлі болғанымен, жүректері бізбен бір. Жер бетіндегі барлық бала достықта, тату-тәтті өмір сүруді қалайды. Бейбітшілік, тыныштық бар жерде балалар да бақытты болады.
Мұғалім оқушыларға есте сақтату үшін 2-3 рет қайталатып айтқызады.
|
Дәйексөзді бірінші ұл балалар қайталайды, содан кейін қыз балалар қайталап оқиды,берілген сұрақтарға жауап береді, дәйексөзді есте сақтау үшін бірнеше рет қайталайды.
|
Сабақ презентациясы, жұмыс дәптерлері.
Абай (Ибраһим)
Құнанбайұлы
(1845-1904) — ұстаз,ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,
аудармашы, саяси қайраткер], либералды көзқарасын
исламға таяна отырып, орыс
және еуропа
мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
|
4. Оқиға айту (әңгіме)
|
Мұғалім Қ.Толыбаевтың «Шөп –жердің түгі» әңгімесін оқушыларға оқып береді.
Шөп – Жердің түгі
Қ. Толыбаев
Қыстың қары көктемнің жылымық лебіне төтеп бере алмай, тез еріп кеткен соң, даланың төсі көгере бастаған. Малдың өрісі де кеңейген.
– Жер жарықтық ұлы да береген, жомарт екен, – дейді көгере қылтиып өнген майда бетегені үзіліп жеп тойынған жылқы.
– Бұл жомарттықтың қайдан келіп жатқанын білесің бе?– деді көк майсаны тімтіп жалмаса да, ауызы толмай жалмаңдаған сиыр. Бұған жылқы күдіктене таңданады. – Қайдан келуші еді, бұл берілген ырыс емес пе?
– Басқаша айтқанда, кәдімгі сықаса өніп, жайқалып келе жатқан шалғынның арқасында қара Жер береген, жомарт, қонақжай болып тұр.
– Дұрыс айтасың!.. – деп қостады көкке өрлеп барып, байланып қалғандай бір орында елбіректеп тұрған бозторғай.
– Қалай десеңдер де соның бәріне нәр беретін Жер-ана!... – деп ойын нығай түсті жылқы. Оның жерге деген сүйіспеншілігі шексіз еді.
Айнала тұнық, мөп-мөлдір,
Көгілдір мұнар көлбеген.
Қалқыған қою көк теңбіл,
Тау ішін кернеп кеулеген.
Желпілдеп тұрған көп желбір,
Әуендес сары желменен.
Аспанды құшқан көк сеңгір,
Тамырлас қара жерменен.
Осы әуеннің сарынын қостағандай зеңгір көктің төсінде тырналар тізбегі шұбатылып тыраулап барады. Адам да, мал да, аң да, құс та, тіпті жәндік те – бәрі өздерінің тіршілігі үшін Жер-анаға қарыздар екенін сезінетін сияқты.
Сұрақтар:
1. Жануарлардың әңгімесі не туралы болып еді?
2. Жер-Ананың құдіреті дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Жер неліктен барлық тіршілік иелеріне риясыз қызмет етеді?
4. Сен Жер-Анаға қалай көмектесер едің?
|
Оқушылар әңгімені мұқият тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып Жер –ананың риясыз қызметін түсініп, Жер-анаға риясыз сүйіспеншілік және қамқорлық жасау әрбір адамның парызы екені туралы ойланады.
|
Шөп – Жердің түгі
Қ. Толыбаев
әңгімесі
|
5. Шығармашылық жұмыс
|
Мұғалім оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды түсіндіреді.
1 тапсырма. Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.
2 тапсырма. Оқушылар бүкіл әлем балаларына арнап жақсы сөз, жылы тілектерін дәптерге салынған ағаш жапырақтарына жазады.
|
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып бойларына ынтымақтастық, сыйластық, түсіністік қасиеттерін сіңіреді. Жер-анаға риясыз сүйіспеншілік пен қамқорлық жасай білуге, Жер-ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді.
|
1- сынып өзін өзі тану оқулығы,
140- бет, сабақ презентациясы
|
6. Топпен ән айту
|
Мұғалім оқушылармен бірге «Дос болайық, бәріміз» әнін айтады.
Дос болайық бәріміз.
Әнін жазған И.Нүсіпбаев .
Өлеңін жазған Х.Талғаров.
1. Әр қашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз .
Ілгері жүріндер ,
Достық жырын біліңдер .
Ту ғып ұстап бірлікті ,
Еңбекті сүйіңдер .
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз Тыңыштықты сақтаймыз , сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.
2.Қайраттанып , қырышта ,
Озып шыққан жарыста
Батыл бас жас ұлан ,
Самға биік алысқа ,
Жұлдыздарға , ғарышқа ,
Бойда күш тасыған.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.
|
Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.
https://yandex.kz/video/preview/?text=дос%20болайық%20бәріміз%20әні&path=wizard&parent-reqid=1632140393270053-2600189147511242214-sas6-5249-73e-sas-l7-balancer-8080-BAL-1750&wiz_type=vital&filmId=1363398145349784230
|
7. Үй тапсырмасы
|
Алдын-ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтан №32 сабақ 140-беттегі «Жер –ортақ үйіміз» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазады.
|
1- сынып өзін өзі тану оқулығы,
140- бет
|
8. Сабақтың қорытынды сәті
|
Мұғалім оқушыларға сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүректерінде сақтауды ұсынады. Бүгінгі өткен сабағымыздан өзімізге қандай жақсы қасиеттерді алдық, қандай пайдалы заттарды алдық сол жөнінде ойланайық, осы жақсылықтың барлығын жүрегімізге салып, санамызға түйіп алайық, бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.
|
Оқушылар рефлексия жасайды.
|
Баяу композиция қойылады.
https://youtu.be/S7U8ExhCK50
|
Достарыңызбен бөлісу: |