Сабақ жоспары Бөлім атауы: 5-бөлім: Сөз мәдениеті. Білім. Ғылым. Инновация



бет1/2
Дата23.01.2023
өлшемі27,13 Kb.
#166207
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
5 Тілдің пайда болуы туралы ілім Тілдік норма
11-сынып оқу сауаттылығы, Мақала 1, Мақала 2, ec0412874eaba5bb818c2105b169919c (1) (1)

Тексерілді
«Қазақ тілі» пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім атауы: 5-бөлім: Сөз мәдениеті. Білім. Ғылым. Инновация

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

Пән мұғалімі:

Нұржәмила Мұсақызы Сұлтанбекова

Сынып: 10-сынып

10 «Д» сынып

10 «Ж» сынып

Өтілу мерзімі:

23.01.23

23.01.23

Саб. тақырыбы

Тілдің пайда болуы туралы ілім. Тілдік норма

Оқу бағд. сәйкес оқыту мақсаты

10.3.6.1. әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып құрылымын сақтай отырып, әңгіме ұсынады.

Көптеген оқушылар:

Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, құрылымын сақтай отырып, сюжетті әңгіме ұсынады.

Кейбір оқушылар:

Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, құрылымын сақтай отырып, сюжетті әңгіме ұсынады, өзіндік пікірін білдіреді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы
1 минут

Ұйымдастыру кезеңінде мақсат, тақырыппен таныстырылады.

Мақсат, тақырыппен танысады.







Сабақтың ортасы
5 минут

«Миға шабуыл»
 Қазіргі жастар білім мен ғылымға қаншалықты бет бұруда?
 Жастардың білім алып, ғылыммен айналысуына қандай іс-шаралар өткізіліп жатыр?
 Жастардың ғылыммен айналысуына мемлекет қандай көмек көрсетуде?

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау: «Ең ұтымды жауап» әдісі арқылы өзара бағаланады.

Сұрақ-тар

10 минут

2-тапсырма
Ыбырай Алтынсаринің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқып, технология заманымен салыстыра талдау. Астарлы мағынадағы және ауыспалы мағынадағы сөздерге түсінік жүргіз.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.

Өлеңді талдайды.

Дескриптор:
*ауыс мағынадағы сөздерді анықтайды; *астарлы мағыналы сөздерге түсінік береді.

Өлең

2 минут

Әңгіме жанры туралы теориялық мәліметтермен таныстыру.
1-слайд
Әңгіме – әдебиетте оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады.
2-слайд
Әңгіменің:
1. көлемі шағын;
2. кейіпкерлер саны аз;
3. сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады.
4. адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі.
5. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ.

Әңгіме туралы түсінік қалыптастыра-ды




Слайд

25 минут

3-тапсырма
Екі тақырыптың бірін таңдап, жоспарлы түрде әңгіме жаз. Әңгіме жанрын сақтап, көркемдегіш құралдарды тиімді қолданып, тілдік құрылымды орынды пайдалан (150-200 сөз).

  1. Ғылымның тағы бір жетістігі –

жаһандық позициялау жүйесі (GPS “Джи Пи Эс” деп оқылады). Ол аспан кеңістігіндегі жасанды жерсеріктердің сигналымен жұмыс істейді. GPS жүйесі алғашында әскери мақсатта жасалған. Ал қазіргі таңда осы жүйе арқылы көлік, кеме жүргізушілері, ұшқыштар, тіпті аңшылар мен саяхатшылар да өз жолынан адаспайды. GPS жүйесін ойлап тапқан ғалымдардың арқасында қалаған жерімізге жету оңайлай түсті. Сен алғаш рет Германиядағы Гете институты ұйымдастырған «Экология мектебі: ойлау, зерттеу, әрекет ету» тақырыбындағы халықаралық қоршаған ортаны сақтау конференциясына қатысуға келдің. Өз тобыңның адамдарымен Бремен қаласын аралап жүріп, адасып қалдың. Сіз GPS арқылы оларды қалай тауып қуанғаның жайында әңгіме жаз.



  1. Сен демалыс күні достарыңызбен

тауға шығуды жоспарладың. Өзіңмен бірге шағын портативті компьютеріңді (планшет) де ала шықтың. Үйге қайтар жолда автобуста отырып, бүгінгі күннің қызықтары туралы жазуды ұйғардың. Сол күнгі уақытты қалай өткізгенің туралы әңгіме жаз.




Дескриптор: *стильдік, жанрлық, тілдік ерекшелікті қатаң сақтап шығармашылық жазба жұмысын жазу;
*стильдік ерекшелікті сақтайды; *жанрлық ерекшелікті сақтайды; *көркемдегіш құралды пайдаланады; *тұрақты тіркестер қолданады; *мақал-мәтел қолдана алады; *сюжетті оқиға құра алады. *тапсырманы шығармашылық-пен орындайды.

Тапсыр-малар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет