Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
|
Мектеп:
|
Мерзім:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі
|
|
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Б/С4.Әдеби сын
|
Сабақ мақсаты
|
Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
|
Бағалау критерийі
|
М.Мөңкеұлының шығармашылығы бойынша жазылған зерттеулерге сүйеніп өзіндік сыни пікір жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Сөздер мен сөз тіркестер: Зар заман, атамекен
Пән лексикасы және терминология: әдеби сыни-пікір, өзіндік сыни-пікір, зерттеу
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
менің ойымша....,
мен оны былай түсіндіремін.....,
себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,
мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,
қорыта келе,.......
|
Құндылықтар
|
отаншылдық
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, қазақ тілі
|
Алдыңғы білім
|
Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі
Әдеби сын –пікір жазуға қатысты алған білімді кеңейту
|
Сабақ барысы
|
Жоспарлан ған сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5
6-7
|
Қызығушылықты ояту
«5 қадам» ойыны
Әр топтан өз қалауымен бір оқушы шығады;
Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңі бойынша қойылған сұраққа жылдам 5 рет қадам жасап, 5 түрлі жауап айтады.
Сұрақтар:
Неліктен зерттеуші ғалымдар М.Мөңкеұлын «Зар заман» ақындарының қатарына жатқызған?
Ақынның «Сарыарқа» өлеңінен «Зар заман» сипатын көруге бола ма?
Өлеңде аты аталатын тарихи тұлғаларға ақын қандай баға береді?
Ақын күйінішінің себебі неде?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты талқыланады, таныстырылады.
|
|
Сабақтың ортасы
8-18
19-31
32-35
|
1-тапсырма. «Зерделеу» әдісі
Оқушылар Атырау мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к., ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Ш.Нағимовтың «Мұрат шығармалары - қазақ тарихының айнасы» тақырыбындағы зерттеу мақаласымен топта танысады.
Мақала авторының М.Мөңкеұлының шығармашылық қарымының зерттелу дәрежесін бағалауы бойынша жасаған тұжырымдарын саралайды.
Оқушылар мұғаліммен бірлесіп, теориялық ұғымды қайталап, әдеби-сын жазудың бағыт-бағдарын айқындайды.
Әдеби сын дегеніміз — көркем əдебиет, оның ғылымы мен журналистиканың тоғысқан түйінінде пайда болып, күнделікті əдеби процесті зерттейтін, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап баға беретін, оқырманның дұрыс түсінуіне көмектесетін, рухани əлем аясында қызмет атқаратын əдеби, ғылыми, публицистикалық, əлеуметтік сипатты шығармашылық түрі; қоғамдық сананың бір саласы; көркем əдебиет жайлы дəуір үні. Əдеби сынның басты мақсаты — əдеби процесте болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде бағалап оқырмандарға түсіндіріп отыру.
Д.Ысқақұлы
|
Достарыңызбен бөлісу: |