Сабақ жоспары Бөлім: «Қозғалыс. Биофизика»



бет3/4
Дата14.05.2024
өлшемі0,89 Mb.
#202199
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
&31.Адам қаңқасы ҚМЖ

Бағалау критерийі:

- Тірек– қимыл жүйесінің қызметтерін анықтайды;


(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)



Дескриптор:

- тірек- қимыл жүйесіне қатысатын №2,4,6 және 8 санмен берілген сүйектерді атайды – 2 балл;


- тірек-қимыл жүйесіне қатысатын №2,4,6 және 8 санмен берілген қызметін сипаттайды – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау





Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі.


«Тірек сызбаны сөйлет» әдісі арқылы оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру;





Бағалау критерийі:

-Адам қаңқасының бөлімдерін атайды және сүйектің түрлерін талдайды;


(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)



Дескриптор:

- Адам қаңқасының бөлімдерін сипаттайды және сүйектің түрлерін салыстырады – 2 балл;



Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.


«Ситуациялық сұрақтар» әдісі арқылы оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру;
«Ситуациялық сұрақтар»
-Тірек-қимыл жүйесі мен олардың қызметі арасында қандай байланыс бар екенін анықтаңдар. Олардың қозғалмалы және қозғалмайтын бөліктері қалай аталады?
-Денеміздің қандай жұп жалпақ бөліктері бірігіп кеткен үш сүйектен тұрады?
-Жалпақ сүйектердің басты қызметі қандай?
-Қаңқаның қандай бөлімінде 12 жұп жалпақ сүйек орналасқанын көрсетіңдер. Осы бөлімнің тағы қандай сүйектерін білесіңдер?
-Қандай сүйектерде қоректік заттар қоры бар екеніне және неше жаста болатынына мысалдар келтіріңдер.
-Ағзаға кальций мен фосфор не үшін керек екені туралы пікірлеріңді айтыңдар. Олар қайда болады?
-Адам қаңқасының бөлімдерінде басқа сүйек түрлері орналасуы мүмкін бе?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет