Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Сабақ жоспары Cабақтың тақырыбы: Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар
Модуль/ пән атауы: Математика
Дайындаған педагог:Нурсеитова Р.З
09.11-19.11.2021 1. Жалпы мәліметтер: Курс\Топ: 1 курс ӨҚ-11А,Б,В,Г Сабақтың түрі: аралас сабақ 2. Мақсаттары, міндеттері: Математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну. Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялы алған білімін практикада қолдана алады
2.1Оқу процесінде білімалушылар игеретін кәсіби дағдылардың тізімі 1. Математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу
2. Таңдама бойынша кездейсоқ шамаларды сипаттау.
3. Сабақтың жабдықталуы 3.1Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет: Әбілқасымова А.; Жұмағұлова З.,Абдиев А. Алгебра және анализ бастамалары Мектеп.,
А.Ш. Алимов, Ю.АМ. Колягин Алгебра и начала математического анализа 10-11кл Учебник М: Просвещение, 2012.,
А.Н.Шыныбеков. Алгебра и . начала анализа.10 класс. Алматы:Атамұра,2011.
3.2 Техникалық жабдықтау, материалдар Бейне сабақтар, АИС Платонус
4.Сабақ барысы Бас жиынтық және таңдама. Бас жиынтық деп белгілі қасиеттерімен бірігетін барлық қарастырылып отырған объектілер жиынын атайды.
Таңдама дегеніміз бас жиынтықтан кездейсоқ таңдап алынған объектілер жиынтығы. Бас және таңдама жиынтықтағы объектілер саны олардың көлемі деп аталады.
Бас жиынтықты сипаттауға арналған және бас жиынтықтан арнайы әдіспен іріктелген бас жиынтықтың бөлігін – таңдамалы жиынтық дейміз
Жеке білімалушыларға берілетін тапсырмалар: Тапсырма Статистика терминінің шығу тарихын жаз
Білімалушылар қойылған мәселелерді шешу үшін және қорытындыны тұжырымдау үшін берілген шамаларға сараптама жасай алады;
«А-» 90-94 балл
Білімалушылар математикалық ақпаратты қолданып практикалық жағдайларды модельдейді және құрылған модельді зерттейді
«Жақсы»
«В+» 85-89 балл
Білімалушылар ғылыми ақпаратты жүйелі түрде жеткізе алады;
«В» 80-84 балл
Білімалушылар терминдер мен үғымдарға түсінікті анықтама береді;
«В-» 75-79 балл
Білімалушылар ақпаратты және есептің шешімін анық және түсінікті формада береді
«С+» 70-74 балл
Білімалушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және көрнекіліктерді пайдаланып зерттеуді жоспарлаудың, жүргізудің және зерттеудің нәтижелері туралы ақпаратты математикалық сауатты түрде ауызша және жазбаша жеткізе білуге дайын және қабілетті екенін көрсете алады
«Қанағаттанарлық»
«С» 65-69 балл
Білімалушылар математикалық білімдерін, біліктерін және дағдыларын таңдайды және оны қолданады;есептерді шешудің тиімді әдістерін таба алады
«С-» 60-64 балл
Білімалушылар дұрыс шешім қабылдай алады;нақты математикалық амалдарды орындайды
«D+» 55-59 балл
Білімалушылар нәтижені сауатты жаза алады;есептің нәтижесін бағалай алады;
«D» 50-54 балл
Білімалушылар нәтижені қорытындылай алады, ақпаратты таныс және дәстүрлі емес проблемаларды шешуге қолданады
Баға
«F» 0-49 балл
Білімалушылар математика тілін, заңдарын, заңдылықтарын, терминдерін және ұғымдарын қолдана алады;ғылыми ақпаратты түсіндіре алады;