Сабақ жоспары Фамилиясы, аты жөні (толық): Айқынбаева Майраш Амировна



Дата14.04.2017
өлшемі67,1 Kb.
#13954
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Фамилиясы, аты – жөні (толық): Айқынбаева Майраш Амировна

Білім беру мекемесінің атауы: № 68 МИББ кешені

Тақырып : Татулық - бірлік бастауы

Сынып: 9

Интеграцияланған сабақ: биология және өзін өзі тану пәнінмен ықпалдыстыру сабағы

Құндылық: Ақиқат,дұрыс әрекет

Қасиеттер: досқа адал болу,қарапайымдылық,адалдық,адамгершілік



Сабақ мақсаты: Балалардың адалдық, адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығын дамыту.

Міндеттері:



Білімділік: Балалардың достыққа адал болу, барлығынан жақсылық көру, жақсыдан жаманды ажырата білу сияқты ұғымдарын кеңейту;

Дамытушылық: Балалардың ойдың, сөздің және істің бірлігіне, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету

Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерді бала бойына сіңіре білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Ресурстар:

(интерактивті тақта,слайд,бейне баян )




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге келу

(Жайлы, баяу музыка ойнап тұрады)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Сұрақ: -Балалар, қандай сезімде болдыңдар?

-Әсерлерің қандай болды?



Ой түйіні: Олай болса, ішкі тыныштығымызды сақтайық

Сабақ барысын талдау, ескертулер



2.Үй тапсырмасын тексеру 85 беттегі ,18 сабақ «Құстар торға қалай түсті»мәтінді оқып ,мазмұндап келу.

Құстар торға қалай түсті

Құс аулаушы бірде орманға барып,құстарға ау құрады. Құрған ауға көптеген құстар түседі....
Сұрақтарға жауап беру:

1. Мына мәтін не жайында?

2. Адамдар неліктен бір-бірімен ренжіседі

3. Адамдар ренжіскенде қандай күйде болады?

4. Сендердің өмірлерінде осындай жағдай кездестіме?
2.Биология пәні мұғалімі: Мысалы: лейкоциттер қызметін алайық .Бұл сабақта қанның ақ түйіршіктері лейкоциттер деп аталатынын ұғындырамын.Бұл ағзадағы қорғаныш реакциялар жиынтығы.Мысалы :адам денесіне бөгде зат түсетін болса, онда аталған лейкоциттердің бірнешеуі сол жерге қатарынан жүзіп барып,әлгі затты сіңіріп,қорыта бастайды.Бұл процесті Мечников Фагоцитоз деп атаған.Соңында ішке бөгде затты кіргізбей жойып жібереді.Егер бөгде зат қан тамырлар бойына түссе онда адам ауырып өмірін тоқтатар еді.Бірлігі жарасқан бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаратын ынтымақтастық болса,алынбайтын қамал жоқ екені даусыз.

Қорытынды: Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.






3. Дәйексөз.

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса

Төбедегі келеді.

Халық мақалы



Сұрақ:

1. Мақал сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Қорытынды: Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші ,бірлігімізді нығайтып қандай іс болса да бірлесіп істейік балалар.

Енді осы дәйек сөзді бірнеше рет қайталап,жатқа айтып көрейік





4.Әңгiмелеу, оқиға айту әңгіме (Мұғалімнің сыйы)

Жүрегіңнің отын сөндірме.

(Авторы белгісіз)

Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.

Сонда ол ашуланып:


  • Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді.

  • Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді:Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады. Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді: Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын - дейді.Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:

  • Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой - дейді.Сонда көршісі:

- Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар – деген екен.

Сұрақ:

1.Әңгіменің негізгі ойы неде?

2.Жігіттің әрекеті жайлы не айтасыңдар?

3 Өздеріңде осындай жағдай кездесті ма ?



Қорытынды: Бір бірімізді сыйлап, құрметтей білейік





5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Тапсырма: Татулық –достық кілті эссе,

«Халықтар достығы» фестиваліне сценарий жазу

Дәптермен жұмыс

Қорытынды: Достық қарым-қатынасты бағалай алсаңдар, балалар қандай қиындық болса да жеңіп шығасыңдар.






6.Топпен ән айту.

Бала тілегі.

Сөзі:С.Молдасанұлынікі

Әні:Ф.Лұқпановнанікі

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым,әндетіндер,билеңдер,

Гүлденсін деп Атаменкен қара оман.(2 рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-Ұлан –байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз (2 рет)

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұнаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол меніңде.(2 рет)

Қорытынды:Арамыздағы жарастықты,сыйластықты бағалай білейік





7.Үй тапсырмасы. 92 беттегі, 19-20 сабақ «Бір ауыз сөз» өлеңін жаттап кел.Дәптермен жұмысты аяқтау.




8.Соңғы тыныштық сәтi.

Қорытынды:

Бір-бірімізге шынайы тілектестікпен керек кезінде қол ұшын беріп,кешірімді болып достықты бағалай білейік.



Сабақ аяқталды .Сау болыңдар!




Қолданылған әдебиеттер. Интернет ресурстары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет