Сабақ жоспары Google документтермен жұмыс жасау (презентация, құжат, кесте)



бет2/4
Дата24.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#172962
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ББ-П-21 АКТ ВЕБ 10 02 2023 2 СЖ-1
174 kaz, Документ Microsoft Word, Кайым Фариза, Анантомия Тест, osh sor aza-tili 11 ogn
Google Docs деген не?


Google Docs оқу материалдарын сақтауға және олармен онлайн жұмыс істеуге арналған сервис. Google docs құжаттары Google Diskсервисінде орналасқан.
Google Disk (Google Drive)бұлтша/ бұлттық сервисі- Google аккаунтымен байланысты файл сақтау жүйесі және Интернет арқылы қолжетімді.
Файлға кез келген құрылғы арқылы қол жеткізуге болады. Google Disk мәліметтерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етті.
Бұл Google құжаттармен (Google docs) әріптестермен, студенттермен бірлесе жұмыс істеудің тамаша мүмкіндігі. Google Disk-ке фото, видео, құжаттар және басқа да маңызды файлдарды жүктеуге және сақтауға болады.


Google Docs артықшылықтары


Google Docs бірлесіп жұмыс істеу үшін, оқу материалдарын тарату және олардың Интернетке жариялау үшін де аса ыңғайлы.
Google Диске кез келген форматтағы файлдардыы сақтауға болады: фото, видео, презентациялар, PDF-файлдар, тіпті Microsoft Office файлдарын да.
Google Docs қосымшалары көмегімен құжаттармен алмасу, кестелер құрастыру, презентациялар дайындау өте оңай.
Google Диск – мәліметтерді сақтаудың сенімді қоймасы. Файлдардың резервтік көшірмелері Интернетте сақталады.
Фото, сурет, мәтіндік құжаттар мен кестелер, аудио- и видеофайлдарды сақтау үшін Google Дискпен бірге 15 Gb кеңістік беріледі.
Дискідегі файлдарды смартфонда, планшетте немесе компьютерде ашуға болады.
Google Docs сервис оқу материалдарын онлайн сақтауға, оларды сақтау үшін папкалар мен белгілер құрылымын жасауға мүмкіндік береді.
Google docs жүктеуге және электрондық поштамен жіберуге қиын ауқымды файлдармен жұмыс істеуге аса қолайлы.
Файлды Google docs жүктеп, сілтемені студенттерге, әріптестеріңізге жібересіз, ал олар өз кезегінде материалмен танысып, өзгерістер мен түзетулер енгізеді, ұсыныстар жасап, комментарийлер қалдырады.
Файлдарды компьютерге жүктеп, редакциялап, адресатқа қайта жіберіп жатудың қажеті жоқ.
Сонымен,
1. Google Drive сервисіне кіру керек.
2.Егер gmail-де аккаунтыңыз болса, электрондық пошта адресі және Пароль, кейін «Войти» пәрменін таңдау керек.
Егер gmail сервисінде аккаунтыңыз болмаса, оң жақ жоғарыда орналасқан «Зарегистрироваться» пәрменін таңдау керек.
3. Сіздің Google аккаунтыңызбен байланысты барлық Google құжаттарын көрсететін парақ ашылады.
Сервис Google Диск қосымшасын компьютерге жүктеп алуды ұсынады. Бұл қосымша компьютер мен желілік қойма арасында файлдарды синхронизациялауға мүмкіндік береді. Бұл Яндекс Диск аналогы.
1. Егер файлды шертсеңіз, файлдар тізімінің жоғарғы жағында қалқымалы терезе пайда болады, онда жаңа папка ашуға, файлды жалпыға ортақ етуге, файлды папкаға ауыстыруға, жоюға, жүктеуге, файлдарды тақырыбына қарай, мөлшеріне қарай сорттауға және т.с.с. болады.
2. Файлдар тізімінен жалпыға ортақ папкаға айналдыруға болады, бұл үшін файлды таңдаңыз, бізде бұл Wordle қолдану бойынша нұсқау.docх файлы. Таңдалған файлды шерткен кезде жоғарыда қалқымалы меню пайда болады.
3. Жоғарғы қалқымалы менюда түймешені шертіңіз → «Расширенные» пәрменін таңдаңыз .
4. Жалпыға ортақ пәрменін реттеу терезесі ашылады:
Файл баршаға ортақ болуы үшін Изменить пәрменін таңдау керек.
5.Құжатты кім пайдалануына болатынын және оларға қандай мүмкіндіктер берілетінін анықтап алу қажет.
«Редактор» пәрменін таңдасаңыз, онда осы құжатқа сілтемесі барлардың бәрі құжатқа өзгерістер енгізе алады.
«Читатель» тек оқуына және қарап шығуына ғана болады.
Белгілі бір топ (студенттер немесе команда ғана жұмыс істейтін кезде) сілтеме жіберілгендер пәрменін қолданған жөн.
6. Енді «Сохранить» түймешесін басыңыз.
7. Қалқымалы менюдың «Совместный доступ (с возможностью редактирования)» деп жазылған ең жоғарғы жағында сілтеме бар. Сол сілтемені көшіріп алып, құжатты бірге редакциялау үшін студенттерге, әріптестеріңізге жіберіңіз. Кейін «Готово» түймешесін шертіңіз.
8. Файлдар тізімінде Wordle қолдану бойынша нұсқау.docх құжатының қасында деген белгі пайда болды. Бұл ортақ файлдың белгісі.
Осылайша, Word файлдарына ғана емес, Excel кестелеріне, Power Point презентацияларына, суреттерге және т.с.с. жалпыға қолжетімді/ ортақ етуге болады.



2012 жылы 24 сәуірде шыққан, Google Drive - бұл бұлтқа негізделген Google-дың файлдарды сақтау қызметі. Сондай-ақ, ол мәтіндік процессорды қамтитын ақысыз бағдарламалық жасақтаманы және басқаларын электрондық кестелер, презентациялар, сызбалар және басқалары үшін ұсынады. Google Drive желілік қызмет болғандықтан, пайдаланушыларға файлдарды бір-бірімен бөлісуге, құжаттарды өзара өңдеуге және сақталған файлдарды бірнеше құрылғыларда синхрондауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет