Сабақ жоспары І ақпараттық бөлім Ағымдық бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата27.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#173073
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
СРОП№3 каз ФМ



аРНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы
.
РНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы, басқаша процессинг
немесе
РНҚ-ның жетілуі - эукариот жасушаларындағы үдерістердің
жиынтығы, яғни біріншілік транскрипттағы жетілген РНҚ-ның пісіп
жетілуі.
Транскрипция нәтижесінде пре-аРНҚ («жетілмеген» аРНҚ) түзіледі. ДНҚ 
молекуласындағы эукариот гендердің құрамында нуклеотидтердің
кодталмайтын учаскесі бар, сондықтан пре-аРНҚ құрамында осы 
кодталмайтын учаске болады, оны интрондар деп атайды. Кодталатын учаске
экзондар деп аталады.
Процессинг құрамына кіретін үдерістер:
1. Сплайсинг
2. Нуклеотидтердің модификациясы.
Сплайсинг екі кезеңнен тұрады: интронды кесу және экзонды тігу.
Интрондар рестриктаза ферменттер көмегімен, ал экзондар лигазалар
көмегімен тігіледі. Жетілген РНҚ молекулалары олардың құрылымдық
гедерінен кішірек. Гендердегі интрондардың саны 1-ден 50-ге дейін.


Құрамында интрондары бар жұмыртқа құрамындағы овалбуминді
кодтайтын эукариотты ген
№2 тапсырма


Глоссарий
1. Нәруыздар биосинтезі – бұл тірі организмдерде жүретін нәруыздардың синтезі мен
жетілуінің көп кезеңнен тұратын үдерісі.
2. Транскрипция дегеніміз — ДНҚ молекуласындағы генетикалық акпараттың РНҚ 
молекуласына көшіріліп жазылуы, яғни РНҚ синтезделуі болып табылады
3. Экзон- ДНҚ-ың кодтаушы бірізділіктері
4. Интрон- ДНҚ-ың кодтамайтын бірізділіктері
5. РНҚ-полимераза- ДНҚ-матрицасында РНҚ-ны синтездейтін фермент
6.Ген- бір нәруызды кодтайтын ДНҚ-ың бөлігі
7.Цистрон- бір полипептидтік тізбекті кодтайтын ДНҚ-ың бөлігі
8. Промотор- бұл РНҚ-полимеразаны байланыстыруға арналған эукариоттардағы ТАТА 
тізбегінен тұратын ДНҚ бөлігі
9. Сплайсинг-интрондардың кесіліп алып тастап экзондардың бір-бірімен жалғануы
10. Спейсерлер- гендердің арасындағы кодтамайтын бірізділікер


Əдебиет
1.
Мамбетпаева Б.С., Биомедицина негіздері. Астана 
2017.
2.
Мамбетпаева Б.С. Жасушаның молекулалық
биологиясы. Астана, 2016.
3.
Куандыков Е.У. молекулалық биология негіздері.
Алматы, 2008.
Әбилаев С.А.Молекулалық биология және 
генетика. Шымкент, 2008ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет