Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың сабаққа қатысы, оқу құралдары, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы



бет3/4
Дата05.02.2022
өлшемі95,74 Kb.
#20095
түріСабақ
1   2   3   4
ІV Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар деңгейлік сұрақтарға таратпа материалдар арқылы жауап береді.


А (жеңіл):
1) Температураға қатысты жануарлар мен өсімдіктердің экологиялық топтарын атап, мысал келтір.
2) Анабиоз дегенді қалай түсінесің?


В (орташа):
1) Ылғалға қатысты өсімдіктер қалай жіктеледі?
2) Төмендегі мысалдардың қайсысы абиотикалық факторға жататынын анықтап, астын сызыңдар.
1) Топырақтың эрозияға ұшырауы
2) Температура
3) Көшет отырғызу
4) Жер жырту
5) Ылғал
6) Жарық
7) Жапырақтың түсуі
8) Ауа
9) Балық
10) Жауын-шашын


С (күрделілеу):
1) Мына аталған абиотикалық факторлардың қайсысы табиғаттағы маусымдық өзгерістердің көрсеткіші бола алады?
А) Жарықтың түсу қарқындылығы
Ә) Жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі
Б) Температураның өзгеруі, жарықтың түсу
қарқындылығы
В) Күннің түсуінің өзгеруі
Г) Қоректік заттардың жетіспеуі
Жауабы:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ _______

2) Кестенің бірінші бағанында берілген өсімдіктердің экологиялық топтарына екінші бағанындағы сипаттамалардың қайсысы сәйкес келетінін анықтап, бағдар сызықпен көрсетіңдер.





Өсімдіктердің экологиялық топтары



Сипаттамасы



1

2

1)Ксерофиттер
2)Суккуленттер
3)Мезофиттер

4)Гигрофиттер


5)Гидрофиттер






1)Ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер.
2)Төменгі бөлігі суда болатын, грунтқа бекініп өсетін су өсімдіктері.
3)Ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер.
4)Ылғал тапшы аймақтарда өсетін, жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген өсімдіктер.
5)Жапырақтары, сабақтары етжеңді болып жұмырланып немесе тікенектерге айналған өсімдіктер тобы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет