ОҚО Шымкент қаласы Асар мөлтек ауданы №89 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мамырбаева Гүлнараның әдебиет пәнінен ашық сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар Мерзімі: 17.10.2016 жыл
Пәні : Әдебиет 5 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов « Лашын» әңгімесі
Мақсаты
Сәбит Мұқановтың өмірімен таныстыру, «Лашын» шығармасының мазмұнын түсіндіру, көркем оқу шеберлігін арттыру.
Міндеті
Жазушының өмірін, «Лашын» шығармасының мазмұнын меңгерте отырып, мәнерлеп оқуға бағыттау, шығармашылық қабілетін арттыру.
Күтілетін нәтиже
С. Мұқановтың өмірі жайлы түсінікке ие болады, көркем оқу шеберлігі артады, «Лашын» шығармасының мазмұнын меңгереді, шығармашылық қабілеті артады.