Сабақтың мақсаты: білімділігі: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Мысалдың мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу



Дата29.03.2017
өлшемі69,77 Kb.
#12572
түріСабақ
Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен Бақа»

(5-сынып)

Сабақтың мақсаты:білімділігі: А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру.Мысалдың мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу

Дамытушылығы: Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру,білімділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке баули отырып, көрсеқызарлық, күншілдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:баяндау,мысалды талдау, мәнерлеп оқу, Венн диаграммасы,,инсценировка.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсынов, А.Құнанбаев, И.А.Крылов портреттері, «Өгіз бен Бақа» мысалы негізінде иллюстрациялық сурет, слайдтар.



Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, биология

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын тексеру.



II Үй тапсырмасын сұрау.

-Ертегінің неше түрі бар?

-Әдеби ертегінің жай ертегілерден қандай айырмашылығы бар?

-Ә.Тәжібаев деген кім?


«Толағай» әдеби ертегісіндегі басты кейіпкерге мінездеме беру.

Толағай


«Ел басына ауыр кун туса мен не істер едім?» тақырыбына берілген ой-толғауларын оқыту. Ерлік туралы мақал-мәтелдерді сұрау.

III Жаңа сабақты түсіндіру.

Қызығушылықты ояту

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы бәрім.

Қанағат азға деген,жоққа сабыр,

Қомсынып қоңырайма,құрбыларым.

А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет

А.Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда Торғай облысында, ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында дүниеге келген. А.Байтұрсынұлы халқымыздың тарихында үлкен орны бар қоғам қайраткері. А.Байтұрсынұлы-қыры мен сыры мол адам. Қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтың авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1928 жылға дейін пайдаланылды. «Тл құралы» деген еңбегі бар. Әдебиет саласында «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі бар. Ол-әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.

А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр.Ол орыс ақындарын беріле оқыған. А.Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар еді.Ондағы адам гершілік тағылымын қазақ қоғамы үшін аса қажет деп түсінді.Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық сияқты келеңсіз мінездерді сынау шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әртүрлі ақындардың бейнесін алып, солар арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.
А.Байтұрсынұлы қалайда халықты ояту, оның сансына, жүрегіне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану,аударма жасау ісіне бет бұрды. Орыстың ұлы мысалшысы И.А.Крылов туындыларын аударып «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарған. Түпнұсқадан автордың айтар ойынан алыстап кетпей, өз оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізу айрықша шеберлікті, даналықты талап етеді. Мысалда аңдар мен құстар, өсімдіктер әлемі, олардың іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа, күлкі етеді.

Сонымен, шағын көлмеді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарманы мысал дейді.

Мысалдарда еңбексүйгіштік,адалдық, қарапайымдылық,мейірімділік сияқты жақсы қасиеттерді уағыздап, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете оы\тырып, одан сақтандырады. Мысалдарада жануарлар мен жәндіктер адамдар істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді. Яғни,аллегория дегеніміз-астарлы,тұспал мәнді суреттеу. Мысал жанры қазақ әдебиетінде ұлы Абайдан бастау алады. А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, С.Көбеев сияқты ақындар- Абай дәстүрін ілгері жалғастырушы. Олар орыс мысалшысы И.А.Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді десе де болады. Өйткені қазақ тұрмысына жақын суреттер қосты да, бұл өлеңдер халықтың төл дүниесіндей болып кетті.
Интерактивті тақтадан бақа, өгіз суреттері көрсетіледі. Оқушыларға түсінік беріледі.

Бүгін танысатын мысалымыз «Өгіз бен бақа»



Мысалды мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Жоспар бойынша түсіндіру.

1.Өгіздің шөлдеп келіп,су ішуі.

2.Көрсеқызар бақа.

3.Бақаның қарнын керуі.

4.Бақаның жарылып өлуі.

5. «Әлін білмеген әлек»



Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға «Өгіз бен бақа» мысалын рөлдерге бөліп оқыту.



«Тұлғаны таны» Ахмет Байтұрсынов кім?


«Талдау –табыс кілті»

Мысалға композициялық жоспар құру.

1.Оқиғаның басталуы: Өгіздің көлге келуі.

2.Байланысы:Бақаның өгізді күндеуі.

3.Дамуы:Мақтаншақ бақаның жолдасымен пікірлесуі

4.Шиеленісуі:Бақаның өгіз сияқты болуға тырысуы

5.Шарықтау шегі:Бақаның ісініп-қабынуы

6.Оқиғаның шешімі:Бақаның жарылып өлуі

7.Автордың түйіні: «Әлін білмегене әлек»

«Жедел жауап»


  1. Мысал кейіпкерлерін ата.

  2. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?

  3. Бақаны әлекке салған қандай сезім?

  4. Қызғаныш пен ерегіске, күншілдікке бой алдырған Бақа қандай күйге душар болды?

  5. Осы тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып көріңдер


Кестені толтыр


Шығарманың тақырыбы

Автор ойы

Менің ойым










Үнтаспадан Абай Құнанбаевтың, И.А.Крыловтың «Өгіз бен бақа» мысалын оқушыларға тыңдату. Шығармаларындағы ортақ ойды табу.


Ұлылар үндестігі

Венн диаграммасы

Абай мен Ахмет мысалдарын салыстыру


Шығармаларындағы ортақ ұқсастық:

1.Мысалда айтылатын автордың ойы мен идеясы бірдей

2.Мысалды И.А.Крыловтан аударды.

3.Күншіл болудан, қызғаншақтықтан аулақ болуға үндейді.
Оқушылардың қатысуымен «Өгіз бен бақа» мысалы бойынша инсценировка қою.

-Осы оқиғадан кейін қандай тұжырым жасауға болады?

-Мысалды оқу қажет пе?

-Ақын Бақа образы арқылы қандай адамдарды бейнелеген?

-Мысалдың түйінді ойы қай жерінде жазылған?

Лото ойыны

Тақтада екі ойын алаңы бар

1-ойын алаңында мысал аттары жазылған

2-ойын алаңында мысалдар бойынша иллюстрациялық суреттер

1-ойын алаңындағы мысал аттарын 2-ойын алаңындағы суреттерге апарып жабу керек.
Кейіпкер_мінезін_ашу__Бақа_қандай__Өгіз_қандай_«Қарама_қайшылықты_сипаттама»'>Кейіпкер мінезін ашу

Бақа қандай?

Өгіз қандай?
«Қарама қайшылықты сипаттама»

Кейіпкер

Мінезі

Іс-әрекеті

Мақал-мәтел

Бақа










Өгіз












«Менің қасиетім»

Тақтада жазылған кестеге назар аударыңдар. Мұнда адамдарға тән қасиеттер жазылған. Қоғамға қандай адамдар қажет? Қажеттісін белгілейік.


Еңбекқор

Әдепсіз


Көрсеқызар

Мейірімді

Ақымақ

Надан


Дарынды

Ізетті


Зиялы

Залым


Өз Отанын сүйетін патриот

Еріншек


Сауатты

Білімді


Мақтаншақ

Күншіл


«Соңғы сөзді мен айтамын...» Түйін: Бақа сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер? сұрағына оқушылардың пікірін тыңдау.

Бағалау.

Үйге тапсырма: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқу.

«Өгіз бен Бақа» жаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет