Сабақ жоспары. Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ. Сабақты бекіту. Үйге тапсырма



Дата18.02.2017
өлшемі44,22 Kb.
#10349
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі.

Мабақтың мақсаты:



  1. Білімділігі: Оқушыларға табиғи құбылыстардың көп түрлілігі туралы білім беру.

  2. Дамытушылығы: Оқушыларға жаратылыстану ұғымдары мен заңдылықтарын, сарамандық жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаттағы құбылыстарды бақылай білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, презентация, үлестірмелі карта, тест, сызба.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап/ауызша/.


Сабақ жоспары.

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақ.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру.

Ой жинақтау. /Сұрақтар./


  1. Жанып, жарқырап тұрған газды шам? /жұлдыз/

  2. Ең үлкен мұхит? /Тынық/.

  3. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен?/Ніл/

  4. Ең үлкен материк?/Еуразия/

  5. Ең суық мезгіл?/Қыс/

  6. Жауын –шашын түрі /Бұршақ/

  7. Ғаламщарлардың Күнді айналып өтетін сызығы қалай аталады./Орбита/

  8. Топырақтың бір түрі. /қатты/

  9. Ауа райының режимі. /Климат/

  10. Судың күйі. /Сұйық/

  11. Жер шарының кішірейтілген үлгісі./глобус/

  12. Табиғатты оқып үйрену әдісі./Бақылау/

Сергіту сәті. / құлақпен жаттығу түрін көрсету./

II.Үй тапсырмасын тексеру.

А) Үлестірмелі карта.

Ә) Шағын тест.

Б) Тізбектеле үй тапсырмаын айту.

Балалар сендер күнделікті өмірде табиғаттағы құбылыстардың әртүрлі болатынын көріп жүрсіңдер.Жерде – табиғаттағы құбылыс болмаса тіршілік болмаған болар еді.

III. Жаңа сабаққа дайындық.

Миға шабуыл:



  1. Қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?

  2. Көктемде өсімдіктердің, жануарлардың өмірінде қандай биологиялық құбылыстар ьолады?

Жаңа сабақ.

1 слайд.Дәптермен жұмыс./дәптерге күнді, сабақтың тақырыбын жазу 2слайд.Сызбамен жұмыс




химиялық

метеорологиялық

Электро-магниттік

дыбыстық

Жарық шығару

Жылу бөлу

биологиялық

Құбыластарға слайд арқылы жеке – жеке тоқталып түсіндремін.

3 слайд. Күннің және жұлдыздың сәуле шашуы, от, шам, лампа жанып тұрса өзінен жылу шашады – жылу құбылысы.

4 слайд. Кейбір жануарлардың, құстардың түнде жарық шығаруы - жарық шығару құбылысы.

5 слайд. Құстардың сайрауы, аңдардың ырылдауы, судың сылдырап ағуы, күннің күркіреуі – дыбыстық құбылыс.

6слайд. Теледидардың қосылуы, шайнектің қайнауы, тағы басқа – электро – магниттік құбылыс.

7 слайд. Бір заттың екінші заттқа түрленуі /мұнай, газ, көмір, бор/ - химиялық құбылыс.

8 слайд. Тірі организмдердің өсуі, көбеюі, таралуы – биологиялық құбылыс.

9 слайд. Жауын – шашынның түсуі, желдің соғуы, температураның өзгеруі, ауаның қысымы – метеоорологиялық құбылыс.

IV. 10 слайд. Сабақты бекіту.

«Кім жылдам», «Құбылыстар» сөзіндегі әріптерді қолданып, сөздер құрау, мақал – мәтел айту./құрастырған сөздерді пайдалану/

Мысалы: 1. Аяқ киімің тар болса – дүниенің кеңдігінен не пайда.

2.Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

3.Ырыс алды береке.

4.Қас пен көздің арасы.

5.Ұста етікке жарымас.

Шағын тест./Оқушыларға жеке – жеке беремін./


  1. Дене неден тұрады?

А) заттан

Ә) құбылыстардан

Б) әр түрлі денелерден

2) Табиғаттағы құбылыс

А) жанартаудың атқылауы

Ә) жылдық маусымдардың өзгеруі

Б) күннің шығуы

3) Жер мен Күнніңорташа ара қашақтығы.

А) 100 млн. Км

Ә) 150 млн. Км

Б) 195 млн.км

4) Жердің серігі.

А) Күн

Ә) Ай


Б) Шолпан

5) Жердің су қабығы.

А) литосфера

Ә) гидросфера

Б) атмосфера

6) Күн энергиясының арқасында өсімдіктер атмосфераны немен толықтырады.

А) оттегімен

Ә) көмірқышқыл газымен

Б) ағаштың түрлерімен.

7. Қазіргі кезде астрономдардың есептеуі бойынша қанша шоқжұлдыздар

бар?

А) 88


Ә) 105

Б) 63


Табиғат құбылыстарына қарай отырып адамдар бағыт – бағдарды қалай анықтайды?

V. Қорытынды.

11 слайд. Кестемен жұмыс. /БҮҮ кестесі/

/Білгенім, Үйренгенім. Үйренгім келеді/



VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма: Қоршаған ортаның температурасы адамға қалай әсер етеді? /эссе/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет