4.Еркін жауап
Тақтаға төмендегідей кесте сызамын,әр оқушы өзіне берілген қима қағаздан күрделі сөзді тауып,кесте жазады.
Күрделі сөздердің жасалу жолдарын ауызша айтады.
Қос сөз
|
Біріккен сөз
|
Қысқарған сөз
|
Мысалы:қарағайлы-қайыңды,жартасты-жарқабақты,физика-математика
|
Көкшетау,Бурабай,
Жұмбақтас және т.б
|
Пединститут, км т.б
|
Әр үлестірме қағаздан кейін оқушыдан не туралы айтылғанын айтады,содан соң күрделі сөзді «Көкшетау» бейнелеген суретке апарып іледі.Мәселен,Жұмбақтас жайында айтылса,»Жұмбақтас» сөзін Жұмбақтас бейнелеген жерге апарып іледі.
Түсініктеме күнделігі.
Әр топтан бір-бір оқушы шығып,сөйлем мүшелеріне талдау жасайды.
№1.Көкшардағы жаз бойы қой мен түйе жақсы жейді,сиыр мен жылқы жемейді.
№2.Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір
Асты сызылған сөздерді құрамына қарай талдау.
Сөздік жұмыс.
Көкшағыр – жусан туысының бір түрі, жапырағы қара жасыл шөп.
Әр топқа Көкшетау өңірі бейнеленген бір-бір сурет беріп, сол суретке қарап, өздеріне ұнаган бір сөзді алып, дыбыстық талдау жасауды тапсырамын.
Дыбыстық талдау ауызша жүргізіледі, барлық топ мүшелері қатысып, бір-бір дыбысқа талдау жасайды. Мысалы: Оқжетпес сөзі.
|
Ой- толғаныс кезеңі
20 мин
|
Тірек сөздер беріледі.
|
Сергіту сәтінің жүргізілу барысы:
1. Оқушыларға тапсырма орындату. Мысалы: Ауаға қолыңмен үлкен шеңбер сыз. Тапсырма мақсаты:
оқушыларға қимыл жаттығуларын орындата отырып, оларды сергіту және дене мүшелері атауларын қайталау.
2. Олар жаттығу мақсатын түсінгенде, өзгелерге нұсқаулар беру үшін оқушылардың бірін сынып алдына шақырыңыз. Оқушы сыныпқа жаттығу орындатады, мысалы:
Оң аяғыңмен кішкентай шаршы сыз.
3. Жаттығуларды орындатқан оқушы келесі оқушыны таңдайды. Фигураларды ауаға сызу
Оң қолыңмен Сол қолыңмен Кішкентай саусағыңмен Бас бармағыңмен Басыңмен Мұрныңмен Көздеріңмен Құлағыңмен Сол аяғыңмен Оң аяғыңмен Үлкен бармағыңмен Тізеңмен Үлкен/кішкентай ...... сыз : Шеңбер Шаршы Үшбұрыш
Қосымша
• Бұл тапсырманы түрлендірудің өзге бір жолы дене мүшелерін қолдана отырып,
оқушыларға өз есімдерін ауаға жаздырту.
-Көкше жеріндегі нелермен таныстық?
-Қоржындарыңыздағы сөздерді алыңдар.
-Көкшетау жер жаннатты дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Адамды қоршаған табиғат та киелі.Оған қол жұмсау-тіршілікке қол жұмсау.» Осы пікірді қолдана отырып, өз ойыңды айт.
-Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Қазақстан – жасыл жиекті, мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» делінген. Сен өз жеріңді көркейтуге қандай үлес қосар едің?
«Бурабай – жердің жұмағы» тақырыбына ой толғау жазуға тірек сөздер кодоскоптан көрсетіледі.
|
Тірек сөздер: жер жаннаты, табиғи сауықтыру орман кешені, байлықты қорғау, шұрайлы, шүйгін шөптер, табиғат мұражайы, Қазақстан Швейцариясы.
«Бурабай жердің жұмағы» тақырыбына ой толғау жазады . Тірек сөздер:
|
Қорытындылау, бағалау
5 мин
|
Ұпайларды есептеу. Жеңімпаз топты анықтау. «Сұқ саусақтар» стратегиясы бойынша әр топ үздік ойыншысын анықтайды.
|
Бағалау критерийлері бойынша өз-өздерін бағалайды, одан кейін қорытынды бағасын қоямын.
Үйге тапсырма: «Бурабай жердің жұмағы» тақырыбына ой толғауды кең көлемде жазу. Қоржындағы сөздерді және тірек сөздерді пайдалану.
|
Әр топ кезеңдердегі қойылған ұпайларын есептейді.
Топ мүшелеріне сыйлыққа кітапшамды естелікке таратамын.
|
Рефлексия
1 мин
|
Бүгінгі сабақтың ұнаған және ұнамаған жерлері туралы және басқа оқушылардың жұмыстарына «Екі жұлдыз, бір тілек» жазу.
|
Стикерлерге қарап , оқушылардың бағалауымен танысады.
Сабақты Б.Тілеухановтың «Елім менің» әнімен аяқтау.
|
Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазып іледі.
|