Сабақ жоспары Күні : қазан 2016 ж



бет1/3
Дата10.06.2017
өлшемі305,72 Kb.
#18493
  1   2   3
Қазақ тілі Пән мұғалімі: Мұстафина Б.А.

қысқа мерзімді сабақ жоспары



Күні: қазан 2016 ж

Уақыты:3-сабақ

Пәні:Қазақ тілі

Сыныбы: 6«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өтілген тақырыптарды пысықтау.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын технология: сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың әдіс-тәсілі: танымдық ойындар, топпен жұмыс.

Оқытудың нақты нәтижесі: Сөзжасам, оның түрлерін ажырата біледі, оның ерекшеліктерін түсінеді , практикалық жұмыстарда, яғни жаттығу жұмыстарында қолдана алады.

Оқушылар үшін оқу нәтижесі:Оқушылар жаттығу жұмыстарында сұрақтар арқылы етістіктермен байланысын тауып, пайдалана алады. Зерттеу мақсаты: оқушылардың топтық жұмыстағы белсенділігін зерттеу.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, математика




Өткен сабақпен байланысы: Сөзжасамның құрамдық түрлерімен , жасалу жолдарымен байланыстыру.



Бағалау: Жұмысты бағалау (формативті бағалау)

Көрнекіліктер: үлестірме қима қағаздар, плакаттар, слайд, маркер, т.б.

Өлшемдік ойлау қабілеті: сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.

Сабақтың мақсаты: Көкшетау өңіріндегі атаулардан күрделі сөздерді таба отырып, күрделі сөздер жайындағы білімдерін бекітеді. Көкшетау маңындағы көлдер, құстар, шөптер жайында мағлұматтар алады, оқушылардың теориялық білімдерін .
Сабақтың міндеттері: Практикалық білім дәрежесі, оқушылардың ой-өрісі, сауаттылығы дамиды.

Оқушыларды өзара сыйласуға үйренеді, табиғатты сүюге, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиеленеді.




Жетістік критерийлері:

1 ұпай – оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ) тапсырманы орташа орындаса

2 ұпай – оқушының орташа жетістігі (ООЖ) тапсырманы жақсы орындаса

3 ұпай – оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ) тапсырманы өте жақсы орындаса

Уақыты:

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

5 мин


Оқушылармен сәлемдесу, тазалығына назар аудару, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу, кабинет

Сабақ айдары:



« Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.»

Неміс педагогі А.Дистерверг



Табыс критерийлері:Күрделі сөздердің түрлерін, жасалу жолдарын ажырата біледі,мағыналық түрлерімен таныса отырып,күрделі сөздерді жаттығу жұмыстарында таба алады,күрделі сөздер жайында білімдерін кеңейтеді, бақылау жұмыстарында күтілетін нәтижеге жете алады.Сұрақтарға жауап бере отыра, дұрыс жауаптарын кәрзеңкеге салып отырады.Қай кәрзеңкеде дұрыс жауаптар көп болса, сол топ жеңеді.

Бағалау критерийлерін таратып беремін, критерийлер бойынша бағаланатындығын ескертемін.

Топ мүшелерінің белгілерін таратып беремін.( Топ басшысы, таймкипер, баяндаушы, хатшы, бақылаушы т.б.) Маған ,ең алдымен,

Театрға барамысың?

Жаңа газет аламысың?

Деген секілді сөйлемдерде,

Кей оқушы сен секілді

Тыныс белгі қоймай кетеді.

Өзің айтшы білсең,

Осылардың соңында

Қандай белгі келеді?

Дауыс ырғағын да ескер деймін,

Жазғаныңды үнемі тексер деймін.

Мұны білмесең ,бала,

Онда ісің әлі шала!


Сынып оқушылары жазылған сөздерді алады, сол бойынша топқа бөлінеді. ( «Өркен» , «Болашақ»)

Топ басшысы, таймкипер, баяндаушы, хатшы, бақылаушы т.б. белгілейді. Кім жылдам, әрі дұрыс шешсе, сол топ басшысы болып сайланады, ал қалған оқушылар топ мүшелері. Жарыс ұраны: «Тездетейік, бірақ абай бол!»

Топ мүшелерінің міндеттерін белгілейді.

Мен ылғи айғайлай бермеймін

Кейде өкініп, ренжісем де,

Көбінесе –ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.

Әр іске көңіл күйін білдіріп,

Табысымызға таңданып,

Шаттана күлем!

Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,

Сондай сөйлемдердің соңында келем.

(Осы тыныс белгілерінің жауаптарын кім тез шешсе, сол оқушы топ басшысы болады.)



Қызығушылығын ояту

4 мин



Топтастыру стратегиясы

Слайдтан суреттер көрсетіледі: Кешегі Қазақстан және бүгінгі Қазақстан

Сабақ тақырыбына болжам жа

саңыз.


С. Сейфуллиннің «Көкшетау» дастанынан үзіндіні жатқа айта отырып, оқушылардан Көкшетау жайлы ( орналасқан орны, табиғаты, өсімдігі, тауы, көлдері т.б.) сұрау.

-Мен неліктен осы сабақта С. Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңін оқып тұрмын?

-Кім не ойлайды? Оқушылар назарын «Көкшетау» суретіне аударамын.

Үй тапсырмасын сұрау. Үлестірмелі қима қағаздар беремін,сыртында киіз үй,білезік бейнеленген.Ішкі жағындағы тапсырманы орындайды.Сөздерді құрамына,тұлғасына қарай ажырату.


қысқарған сөз

тіркесті сөз

Сөз құрамына қарай біріккен сөз
қос сөз: қайталама қосарлама

-Иә, талайды тамсандырған сұлу Көкше өңірінде небір аңыздар бар.

Біз бүгін Көкшетаудың сұлу табиғатына тамсана отырып, сол өңірдегі көлдер, шөптер, балықтар жайлы мағлұматтар аламыз және күрделі сөздерді тауып, құрамына, тұлғасына қарай ажыратамыз.

Әр оқушының жанындағы қоржындары бар,соған сабақта кездескен барлық күрделі сөздерді салып отырады.Күрделі сөздердің үйден ой-толғау жазуға қажет екенін еске түсіреді.

1- топ 2 - топ

Құздың тауға

Сарыарқаны Қарағайлы-қайыңды

Айнала-төңірек Көкшетау

Киіз үй,білезік суреттеріне қарай отырып,күрделі сөздерді тапқызу
Негізгі

Сөз тұлғасына қарай туынды


Мағынаны тану

10 мин


Сөзжасам , оның жасалу жолдары

Үлестірмелі қима қағаздағы сөйлемдер :

№1.Көкшетау-Сарыарқаның солтүстік бөлігінде оқшау жатқан қырат.Ол батыстан шығысқа қарай 400-500 км-ге созылып жатыр.

№2.Таудың бергі баурайында беті айнадай мөлдіреген Бурабай өлі көрінеді.Көлде ақтабан,алабұға,шабақ,сазан,шортандар бар.

Көлге сұғына енген әсем Қызылтас сияқты мүйістер,сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді.

№3.Бурабайдың солтүстік бөлігінде жартасты-жарқабақты келген «Жұмбақтас» аралы орналасқан.

Оқжетпес-Бурабай көлінің солтүстік жағалауындағы биік келген конус пішіндес жартас.

№4.Құртқашаш,қаражидек,қиякөлең,мыңжапырақ,көкшағар-Көкшетау өңіріндегі өсетін өсімдіктер.

Ақжон,аққанат,көксала құстары Көкшетау қыраттарында кездеседі.

№5.Көкшетау жеріндегі Майлысор,Айдабол,Көлшүмек-тұйық,тұзды көлдер.

№6.Көкшетаудың оңтүстік етегіндегі «Оқжетпес» демалыс орны орналасқан.

«Бурабай» демалыс орнындағы негізгі ем-қарағайлы-қайыңды орман,шипалы таза ауа,сұлу табиғат.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет