Сабақ жоспары Күні 04 4 сынып математика Сабақтың тақырыбы: Миллиондар және миллиардтар класы Сабақтың мақсаты


«Lesson Studo» әдісімен өткізілген тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексивтік есеп



бет5/6
Дата24.04.2017
өлшемі0,89 Mb.
#14893
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

«Lesson Studo» әдісімен өткізілген тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексивтік есеп.

Біліктілік арттыру курсынан алған білімімді, нақтырақ айтқанда, кембридж бағдарламасы бойынша оқыған жеті модульді өз іс- тәжірибемде қолданданудамын. Математика пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына орта мерзімді жоспарын құрастырдым. Және де модульдерді ықпалдастыра пайдалану, менің сабағымның балалар үшін қызығырақ , көңілдірек, жеңілдірек, жақсы өтуіне көмектеседі деп ойлаймын. Ойлағандарым мен жоспарлағандарымды жүзеге асыру оңайға соқпайтыны анық. Сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасына әріптестерім Сагиланова Лаззат Сұлтанбекқызы- математика пәні мұғалімі, Батырова Гүлнара Крайқызы- бастауыш сынып мұғалімі, Лань Алена Андреевна –бастауыш сынып мұғалімі және Еркабаева Тажигүл Камалқызы-физика пәні мұғалімі «Lesson Studo» тобын құрып , біргелесіп сабақ жоспарын тұрғызуға кірістік. Сабақтар топтамасын жоспарлауда басымдықты оқыту мен оқудағы жаңа әдістер (Диалогтік оқыту) модуліне басымдық беріп , тапсырмалар, үлестірмелер әзірлемелеркерек деп ұйғарылды. Менің ойымша диалог бұл- сабақта үлкен рөл атқаратын құрал. Әр бір жаңа білімді игеру мен қорыту диалогсіз жүзеге аспайды.Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен , олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Өз кезегінде Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса , оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Әрине бұл пікірмен мен өзім сөзсіз келісемін. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес , вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде , яғни сөйлеу , талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Диалог барысында оқушылар ( сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.

Мен де өз сабақтарымда диалогтік оқытудың маңызы аса зор деп ойлаймын. Сондықтан, сабақтарымда осы модульді өзге модульдерге қарағанда басымырақ қолдана өткізуді жоспарладым. Диалог балалардың барлық білімдерін қалаушы құрал болды деп айтсам қателеспеймін. Математика нақты пән болғанымен тілсіз еш бір пәнді менгеру мүмкін емес. Әріптестеріме сыныбым түралы мағлұмат беріп, зерттеуге , бақылауға алынатын балаларды таңдадық олар; екпінді оқушы ( Кулдаева Ансаган), орта деңгейлі оқушы (Холмуратов Оспан), жоғары деңгейлі оқушы (Махсат Марал). Алғашқы сабақты топтық жұмыстың түрлері қарастырылды сыныпта 8 оқушы болғандықтан екі шағын топқа бөліп, жұмыс жасауды жоспарлады .Сабақ өткен тақырыпты бекітуден басталып, екінші тапсырма топппен жаңа тақырыпты өздік менгеруге бағытталды. Есептердің шығарылу тәсілдерін қарастыра отырып, ережелерін өздері шығарып мысалдар келтіру керек болатын. Бірақта бүл жүмыс сәтті болмады, себебі, топ ішінде көшбасшылығы жоғары оқушы лар барлық жұмысты өздері орындап, екпінді оқушыларға жұмыс жасауға мүмкіндік бермеді. Епкінді оқушылар сабақтың көр уақытын бос отырумен өткізді қанша жұмысқа тартуға тырыссамда, нәтиже болмады. Сабақты талдап жаңа сабақтың жоспарын құрастыру барысында топ мүшелерімен топтық жұмыстың математика сабағында үнемі тиімді, сәтті болуы мүмкін емес деген шешеімге келдік. Екінші сабақтың жоспарын құрастырғанда әр оқушының қабілеттері мен мүкіндіктерін ескере отырып, жұптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды жөн көрдік. «Күшті-екпінді» әдісімен жұптық тәсілді қолданып көруді қйғардық. Бірін-бірі оқыту, екпінді оқушының күшті оқушыдан үйреніді Сыни тұрғысыда диалогтік оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын , қолдаушы болып табылады. Мұғалім диалог жургізгенде оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынасына көңіл аудару керек. Әңгіменің сапасы мен мазмұны оқушылардың оқуы үшін маңызды болып табылады. Ол екі түрге бөлінеді. 1) Талқылау мен диалог. 2 Дәлелдеме.

Сыныпта 8 оқушы болғандықтан алдын ала екі топқа бөлуді жоспарлағанмын. Оқушылар топтарға бөлініп отырды. . «Миллиондар мен миллиардтар» тақырыбын менгеруге арналған 1,2 есптерді топтарға бір рет оқып шығып топ ішінде талдау , ал кейін топ өзге топқа барып , өздеріне берілген бөлімнің мазмұнын айтып беруі тиіс. Яғни, ЖИГСО әдісін қолдандым. Сабақ басында үлгерімі төмен А. сабаққа деген қызығушылығы төмендігін байқадым. Ол өзін топ ішінде қажетсіз сезініп отырғандай болып көрінді. Біраздан соң мен топтарға өздеріне берілген бөлім бойынша жоба жасау қажеттігін айттым. Сол кезде мен А. топпен бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылығы пайда болғанына назар аудардым. Әр топ өз тапсырмасы бойынша жоба жасауға кірісті. Бір- біріне ой пікірлерін айтып , бірігіп жұмыс жасады. Топтарда , топтың көшбасшысы айқын байқалды. М. және Б. көшбасшыға тән қасиеттерді көрдім. Жобалрын бітірген соң , жұмыстарын тақтаға іліп, қорғауға кірісті. Жобаларын қорғаған балалардың барлығынан сөздік қорының аздығы , өз ойын еркін және соңына дейін жеткізе алмауы біріктіріп тұрды. Осы қиындықты жеңуім керек болады. Оқушылардың бойында еркіндік толық болған жоқ. Дәстүрлі сабақтарда артық қимылсыз отыратын оқушылар іс- әрекет жасар бұрын маған қарап отырды. Мен ескертулер жасамағанға таңдана қалғандай. Сабақ соңында балалардың сөйлеуге қорықпай, қимылдары да еркінірек болды.

Екінші сабағымның тақырыбы : « Көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау» атты болд . Сабақты «Сәлемдесу» тренингінен бастадым

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеруге , бір- бірімен жақсы қарым- қатынас орнату және жақындай түсу мақсатына өткіздім.



Шарты бойынша оқушылар екі қатарға , бір- біріне қарама- қарсы тұрады. Мен қалай амандасу керек екенін айттым , оқушылар бір-бірімен тез-тез амандасады. Әр жолы әртүрлі амандасуы керек. Сонымен , сөзбен...көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен...арқамен.

Баларардың жүздері жарқырап тұрды. Орындарына отырғызбай тұрып топтарға бөлдім. Нақтырақ жұптарға бөліп отырғыздым. Қима қағардарда жұптық жұмысқа арналған тапсырма бердім. Жұпта оқушылар белсенді жұмыс жасады . Алдыңғы сабақта қызығушылығы төмен болған Ансаған және Алихан А және В тобының оқушыларымен жұпта жэақсы жұмыс жасап көңілді болды. Алдыңғы екі сабақты әріптестеріммен талдай отырып, жұптық жұмыстың тиімділігін түсініп келесі сабаққа да жұптық орындауға арналған тапсырмалар ұйымдастырдық. Үшінші сабақ алдағы екі сабаққа қарағанда әлде қайда сәтті болды. Барлық топ оқушылары белсенді , көңілді болды. Ансаған тақтада жұмыс жасай алды . сенімсізірек болсада өз ойын жеткізуге тырысты.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет