Сабақ жоспары Күні 04 4 сынып математика Сабақтың тақырыбы: Миллиондар және миллиардтар класы Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата24.04.2017
өлшемі0,89 Mb.
#14893
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
1-ші сабақ жоспары

Күні:7.04 4 сынып математика

Сабақтың тақырыбы: Миллиондар және миллиардтар класы

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты: миллион, миллиард   көлеміндегі сандармен танысу.  Сандарды есептеу барысында пайдалана алады.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

3. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).



ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Балаларды келесі сабақтағы жаңа есептеу дағдыларымен сондай –ақ, есептеу бірлігімен және сандардың жаңа класымен таныстыру – бүгінгі сабақтың маңызды міндеті. Ол үшін ауызша тапсырмаларға осы түсініктерді нақтылауға арналған есептерді шешу.

2572, 728, 30208, 2903, 230356 деген сандардағы 2 саны нені білдіреді?

12 жүзд, 345 ондық, 605 мыңдық, 1065 бірліктердін тұратын сандарды жаз?

Еске түсіру: Заттарды санау кезінде қолданылатын сандар НАТУРАЛ сандар деп аталады. Егер ол сандарды бірінен кейін бірін орналастыратын болса, онда 1 санынан басталатын НАТУРАЛ САНДАР ҚАТАРЫ шығады. Бұл сандар қатары шексіз. Натурал сандар қатары 1 цифрдың көмегімен жазылады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

Бұл сандар араб цифрлары деп аталады. Бұл сандар барлық елдерде қолданылады.

1. Сандарды оқып, өсу ретімен жазу.

350 987, 536 009, 1 000 110, 647 097 352, 647 380 210, 26 890 909, 75 546 111.

2. Есепті шығару.

Алдымен мыңдықтар, жүздіктер, ондықтар, бірлікте жазылады.



Егер үлкен цифр кіші цифрдың алдында тұрса, онда олар + қосылады. (қосу принципі)

Егер кіші цифр үлкен цифрдың алдында тұрса, онда кіші цифр үлкен цифрдан - азайтылады. ( азайту принципі)

I - 1 V- 5 X – 10 L – 50 C – 100 D – 500 M – 1000

3. Есептеп құрастыра отырып, дұрыстығын тексеру.

Өзіндік жұмыс. (Топтар бойынша жүзеге асыруға болады).

4. Өзіндік жұмыс.

876∙ 670= 585 920 17700:25 = 708 96 742 + 875 329= 972 071

543 ∙ 109= 59187 1 488: 124= 12 3 875+ 1 862 344 = 1 866 219

1 987∙ 540= 107 298 165 240: 360= 459 5 780 006- 98647 =5 681 359

1 065∙ 360= 383 400 145 073: 607= 239 4560 560 – 99 090 =4 461 470



IV Сергіту сәті:

5. Амалдардың орындалу ретімен тексеру



2 268:42+ 7 140 : 34 = 264 57∙36 - 31∙64:2 =1060

V. Сабақты пысықтау:

6. Көрсетілген өлшем бірліктер арқылы өрнектеп мәнін жазу.

8. 5 және 2 цифрларын пайдалана отырып, құрамында 2 цифры тек бір рет кездесетін төрт таңбалы санды жазып шық.

Кесте сызу арқылы : 2 санын неше рет қолдануға болады?



Мыңдықтар

Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

¤ ¤ ¤ ¤

¤ ¤ ¤ ¤

¤ ¤ ¤ ¤

¤ ¤ ¤ ¤

(Төменнен бастауға болады, бастысы – реттілікті сақтап, бірде – бір нұсқаның қалып кетпеуін қадағалау).

  • Бүгінгі сабақта не өтілді?

  • Сабақ несімен ұнады?

VII. Үй жұмысы: № 7 есеп қосымша тапсырма. 90 бет.

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап,

жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау

Қосымша тапсырмалар:

876∙ 670= 543 ∙ 109= 1 987∙ 540=

1 065∙ 360= 17700:25 =

1 488: 124= 165 240: 360= 145 073: 607=

№1. Сандарды оқып, өсу ретімен жазу.

350 987, 536 009, 1 000 110, 647 097 352, 647 380 210, 26 890 909, 75 546 111.

№1. Сандарды оқып, өсу ретімен жазу. 350 987, 536 009, 1 000 110, 647 097 352, 647 380 210, 26 890 909, 75 546 111.

2-ші сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық амалдар бойынша есептеу тәсілдерін меңгеру. 1. Білімділігі арифметикалық амалдар бойынша есептеу тәсілдерін тиімді пайдалана алады.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг

Жұпқа бөлу

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.



1.Математикалық диктант (өрнектердің жауаптарын жазу)

0 х 6=0 7-6=1 5-3=2 1+2=3

9-5=4 7-2=5

18:3=6 6+1=7

4x2=8


2. Жұпта карточкалармен жұмыс( Қима қағаздар тарату)
3. өздік жұмыс


4. Мәтінді есеп шығару
Қорытындылау: сұрақ-жауап

Бағалау: жұптық, топтық бағалау

Үйге тапсырма.

Кері байланыс парақтарын толтыру .


3-ші сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау.

Сабақтың мақсаты: : Арифметикалық амалдар бойынша есептеу тәсілдерін меңгереді, тиянақтайды.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

2. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

3. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).



ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.



ІІІ.Ауызша жұпта талдау, оқу

2. Жұпта карточкалармен жұмыс( Қима қағаздар тарату)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет