: Өзге топтардың жұмыстарын тыңдау, талдау және пікірталас жүргізу болды. Сабақ барысында « Қара жәшік» ішіндегі жұмыс, яғни сұрақтардың дұрыс қойылуы, оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талдау, сыныптасын және өзін-өзі бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.Сабақ соңында формативтік бағалаудың , бірін-бірі бағалау, топтық бағалау әдістерін қолдандым. Сабағыма талдау жүргізу үшін кері байланыс парақтарын толтырғыздым. Кері байланыс жұмысқа талдау жасай өтырып кемшіліктер мен сәтті тараптарын байқауға көмек берері анық.
Осылайша жоспарлаған үш сабағым өтті. Өткізілген сабақтарға талдау жасай отырып , өзіме сабақтарымда Не сәтті болды? Деген сұрақ қойдым. Сабақтарымда диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, көшбасшылық және оқыту үшін бағалау модулдерін қолдану сәтті болды.
Не сәттсіз болды ? сәтсіз болғаны АКТ-ны толыққанды пайдалана алмағаным және біраз тапсырмаларымның дұрыс құрастырылмағаны.
Болашақта нені өзгерткім келеді? Әрине, болашақта өз жұмысыма өзге көзбен қарап , зерттеушілік жүргізіп балалардың қызығушылығына қарай отырып , оқушыларға қосымша деректер мен мағлұматтар тауып таныстырып отыру. Оқушылардың сабаққа деген, білім алуға деген оң көзқарастарын қалыптастыру. АКТ-ны пайдалана отырып , сабақтарымды түрлендіре отыру . Өз біліктілігімді жетілдіру мақсатында үнемі ізденісте болу.
ХАТТАМА №
«Lesson Study» дамыту тобының отырысы
Күні: 10.04.15ж
Өткізілу орны: «Ақсуат орта мектебі» КММ
Топ құрамы:
Еркабаева Тожигул Камалқызы
Сагиланова Лаззат Сұлтанбекқызы
Батырова Гульнара Крайқызы
Скакова Гулзира Жанарисқызы
Лань Алена Андреевна
Күн тәртібінде
Бақылауға алынатын оқушылармен жұмыс туралы ұсыныстар
Бастауыш және орта бейімнің сабақтастығы.
Бірінші сұрақ бойынша Батырова Гүлнара Крайқызы сөз сойледі.Ззерттеу жүргізуге келесі оқушыларды таңдалған болатын; екпінді оқушы (Кулдаева Ансаган), орта деңгейлі (Холмуратов Оспан), және жоғары деңгейлі (Махсат Марал). Оқушылармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін қайта қарастыра отырып, үш сабақ барысында жоспарланған тәсілдердің қаншалықты тиімді болғанын және сәтсіз жақтарын хабарлап, ұсыныстар айтты.
Екінші сұрақ бойынша Сагиланова Лаззат Сұлтанбекқызы сөз сөйледі. Бастауыш буынан оқушыларды көбейту кестесін нашар меңгере орта буынға көшерін айтып, көбейту кестесін меңгертуге көбірек көңіл бөліп, оқушылардың логикалық ойлау дығдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар бере өткізуді ұсынды. Жалпы сабақтар топтамасындағы сабақтарда зерттеуге алынған оқушының бойынан оң өзгерістер болғанын хабарлады.
Шешім:
Дарынды және талантты оқушыларға арналған тапсырмаларды мөлшерлеп, білім деңгейіне, қызығушылығына қарай беру .
Скакова Гүлзира Жанарисқызына 4 «А» сыныбында математика сабақтарнда жеті модульді ықпалдастыра пайдалану .
Хатшы: Батырова Г.К.
Достарыңызбен бөлісу: |