Оқушылар, біз сіздермен өткен сабақтарда әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М. Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап қорытындылаймыз. Ендеше, қазір бар ынта — ықыласымызбен назарымызды тақтаға аударсақ.
Ой қозғау (фильмнен эпизод көрсетіледі) 1 минут Осы фильм мен шығарма арасында қандай байланыс бар?
Міне, осындай өнер туындыларының бізге айтар ойы, көтерген мәселесі қандай? Біз не ұқтық?
Осы сауалдарға жауап іздеу, ой қозғау – яғни шығармадағы түйінді ой, негізгі проблеманы анықтап, кейіпкерлер әлемін болжау, топ болып бірлесіп талдау жасау – бүгінгі сабағымыздың мақсаты деп білеміз.