Коньки тебудің балалар үшін пайдалы тұсы Ағзасы енді дамыпжатқан балалар үшін коньки тебудің пайдасы үлкен. Пайдадан бөлек, көңіл көтерудің де керемет әдісі. Айтпақшы, көптеген танымал фигуристтер бала кезінде өте әлсіз болғандықтан, денсаулықтарын нығайту үшін мәнерлеп сырғанаумен айналысқан. Коньки тебу баланың денесін тік ұстап, бұлшық ет жүйесін қалыптастыруға, вестибулярлы аппарат пентыныс алу жүйесін реттеуге көмектеседі.Әсіресе, өтпелі кезеңдерде жүйелі түрле коньки тебу баланың өзіне деген сенімін күшейтеді. Коньки тебу – бұл сергек әрі дені сау болып жүруге себепкер болатын тамаша жаттығу болып саналатынын ұмытпаңыз.
Коньки спортының пайдасы мен зияны
Коньки тебудің пайдасы орасан зор. Мұз айдынында небәрі бір сағат коньки тебу бірнеше сағат бойы жүгіргенде кететін калорияны кетіреді. Конькимен сырғанау кезінде тізе көп жарақаттанбайды. Коньки тебу аяқ пен сан және жамбастағы бұлшық еттерді дамытады. Сонымен қатар, коньки тебу кезінде арқадағы және іштегі бұлшық еттер ширығады. Конькимен жүйелі түрде сырғанау ағзаның төзімді болуына әкеледі. Ал таза ауада коньки тепкен кезде ағза қатая түседі. Одан бөлек, физикалық белсенділік жағымды көңіл-күй сыйлайды. Көп қобалжитын адамдарға дәрігерлер конькиді жүйелі түрде теуіп тұруға кеңес тұрады. Бұл көңіл-күйді көтеріп тастайды.
Жаңадан бастаған фигурист жарақаттан қашып құтылмайды. Әдетте, бұл жарақаттар қаты ауыр болмайды. Қол мен аяқ және бастан алған кішігірім жарақаттар тез жазылады. Егер осындай жарақат болса, дереу ауырсынып тұрған жерге мұз басып, аурудың беті қайтқанша отыра тұрған жөн. Сонымен қатар, әрбір 10-15 минут сайын жарақатты бақылаған дұрыс. Егер басыңыз айналмаса, жаттығуды қайта жалғастыра беріңіз. Жарақаттың алдын алуға біздің кеңестеріміз көмектеседі. Секіру техникасын меңгерген кезде сіңірдің созылуынан бастап, аяқтың сынуына дейінгі түрлі жарақаттар болады.
Викторинаның ережелері
1. Команда 2 топқа бөлінеді
2. Топ басшысы сұрақ тандайды
3. Сұрақты талқылауға командаға 1 минут беріледі
4. Команданың бір мүшесі сұраққа жауап береді
5. Егер де команда сұраққа жауап бере алмаса, ол келесі топқа беріледі
6. Әр дұрыс жауапқа командаға 1 ұпай беріледі
7. Ең көп ұпай алған команда жеңіске жетеді
А) ISU+
В) FIFA
С) FINA
Д) MOK
Е) AIBA
КОНЬКИ ТЕБУШІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОДАҒЫ
Коньки тебушілердің халықаралық одағы қай жылы құрылды
А) 1899
В)1902
С)1892+
Д)1960
Е)1870
Конькимен жылдамдыққа жүгіру спортының ағылшынша мағынасы