Сабакта видео сабак корсетіледі. Дизайн – дизайн – disain. Ой – идея – idea. Құрақ құрау – лоскутное шитье – quilting. Түрлі түсті қиықтардан құралған көрпе – пэчворк - patchwork. Сырылған көрпе – квилт - quilt.
Дизайн» ұғымының адам қызметінде бірнеше саласы бар:
Полиграфия дизайнері (макеттер, беттемелер жасау);
Фитодизайнер(үйлер және кеңселерді көріктендіру, қысқы бақтар жасау);
Ландшафт дизайнері (аумақты абаттандыру);
Интерьер дизайнері (пәтер мен кеңселерді көріктендіру, интерьердің сапалық деңгейі мен функционалдығын көтеру);
Веб дизайнер (банерлер, сайттар құру); Құрақ туралы мағлұмат
Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегізжапырақ, ромб және неше түрлі қазақи нақыштағы оюлардан , өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Құрақтан жасалатын бұйымдар.
Құрақ көрпе. Оны трикотаж тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып, қонақтар оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады Құрақтың түрлері.
Құрақ – қазақстанның сәндік- қолданбалы өнерінің бірі. Мұнда түсі мен фактурасы әртүрлі мата қиындыларынан бірыңғай өрнек немесе бұйым құралады.
Квилт – құрақ құраудың америкалық техникасында матаның екі қиындысының арасына салынған ватин не мақта қабатымен бірге сырып тігіледі. Жайманың қос қабатын біріктіретін тігістер суретті ерекшелеп көрсетеді.
Пэчворк – матаның түрлі түсті қиықтарынан тұтас бұйым тігілетін қолөнер түрі. Классикалық құрақ өнері Англияда пайда болған деп саналады.
|
Оқулық және қосымша ақпараттар
|
|
Алуан түрлі қағаздар мен картон қағаз т.б
|
Сергіту сәті
|
Достық шеңбері
|
Оқушылар отырып достарының жақсы қасиеттерін айтып береді
|
|
|
Аяқталуы
|
Кері байланыс
Оқушылар рефлекциясы : «Алма ағашы» әдісі.
Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім котеріңкі.
Сары алма – мен тапсырманы толықтырамын, көңіл күйім орташа.
Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым , көңіл –күйім жоқ.
Тақтаға қызыл, сары және жасыл алма суреттерін ілу.
|
Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін алманы ағашқа ілу арқылы көрсетеді .
Жасыл алманы бәрін жақсы түсінген оқушылар ілсе, сары алманы кейбіреулерін дұрыс түсінбеген , толықтырамын деген оқушылар ілсе, қызыл алманы тапсырманы орындай алмаған ,түсінбеген оқушылар іліп бүгінгі сабақтағы білім деңгейінің қаншалықты нәтижеге жеткендігін көрсетеді.
|
Оқушылардың салған суреттеріне пікір қалдыру.
|
Қағазға салынған қызыл, сары және жасыл алма суреттері
|
Қосымша ақпарат
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |