Оқушылар тапсырманы топ болып орындайды, кестені толтырып әр топтан бір оқушы тапсырманы қалай орындалғанын анықтамаларға сүйене отырып жай сандарды, құрама сандарды, 1-лік санды, егіз сандарды, кемел сандарды нақтылап түсіндіреді.
Бағалау критерийлері:
Дискрептор
Ұпай
Бөлгіштерді анықтайды
5
Бөлгіштер
дің санын анықтайды
1
Қорытын
дайды
4
Барлығы:
10
Кері байланыс: 10–8 ұпай: «Жарайсың! Сабақты жақсы меңгергендігіңді дәлелдедің».
7–5 ұпай: «Жақсы нәтижеге жету үшін тырыс!»
4–1 ұпай: «Сабаққа қөбірек дайындалуды ұсынамын»
Жұптық жұмыс тапсырмасы «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
(функционалдық сауаттылықты қалыптастыру)
Сынып оқушыларына парталасымен жұп болып, жұптық жұмысты орындауға тапсырма береді
Функционалдық сауаттылық тапсырмасы. Дүние жүзіндегі екінші ұстаз қазақтың ежелгі ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби Отырарда дүниеге келіп 870-950 жылдар аралығында өмір сүрген. Осы жылдарды көрсететін сандар аралығында неше жай сан бар екенін жай сандар кестесін пайдаланып табыңдар
Оқушылар жұптасып берілген жұптық жұмыс тапсырмасын орындай ды. кесте арқылы тапқан 877, 881, 883, 887, 907, 911, 919, 929, 937, 941, 947 жай сандары жазып, 870 пен 950 натурал санның арасында 11 саны жай сан бар екенін анықтайды.
Жұптық жұмыс тапсырмасын бағалау критерийі: Жай сандардың анықтамасын және жай сандар кестесін тапсырманы шығаруда қолданады.
Әбу Насыр әл-Фарабидің портреті
Жай сандар кестесі.
2 минут
Сергіту сәті. «Сандарды ажырату» Мұғалім 8;5;14;2;7;25;9;17;30. сандар айтады, оқушылар жай сандарды естігенде орынан тұрады, құрама сандарда орында отырады.
Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
Сергіту сәтін орындаған оқушыларды мадақтайды
6 минут
Белсенді оқуды қолдау тапсырмасы. Мұғалім топбасшысынас тапсырма беріп, сол топбасшыларды тақтаға шақырады да бір мәтінді есеп береді.
Тапсырма: Гүл сатушы 29 гүл әкелді. Ол 5 гүлден және 3 гүлден, барлығы 7 гүлшоғын даярлады. Гүл сатушы әрқайсысында 5 гүлден неше гүлшоғын даярлады? Әрқайсысында 3 гүлден неше гүлшоғын даярлады?
ЕБҚ бар оқушыға арналған тапсырма Гүл сатушы 10 гүл әкелді. Осы гүлдерді қанша адам өзара тең бөліп ала алады, мүмкін болатын барлық нұсқаларын қарастырыңыз. ЕБҚ бар оқушыға осы тапсырманы орындауға қолдау көрсету үшін гүл шоқтарының орнына санама таяқшаларын пайдалануға беріледі.
Топбасшылар берілген тапсырманы орындайды
ЕБҚ бар оқушы 10 санының бөлгіштерін санама таяқшаларын пайдаланып анықтайды
Бағалау критерийі:
Дискрептор
Ұпай
5 гүлден болған гүлшоғы
1
3 гүлден болған гүлшоғы
1
5 және 3 гүлден болған гүлшоғы
2
барлығы
4
Көбейту кестесі
Қағаздан жасалған гүлдер
Сабақтың соңы
4 минут
Рефлексия. Оқушыларға қосымша бет таратылады. Оның сыртына оқушылардың туған күні, айы, жылы санмен көрсетіліп, жазылған сандардың жай, құрама немесе 1 саны болатынын кестеге түсіреді. Ішкі бөлігінде кері байланысқа арналған сауалдарға жауап береді. Оқушының туған күні: 01.05.2012 болса: 5 жай сан; 2012 саны құрама сан; 1 саны 01
Құрама сан
2012
Жай сан
05
1 саны
01
Үйге тапсырма. Оқулықтан №193, №198 жаттығу.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді және кестені толтырады: