Сабақ жоспары Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектеп



Дата01.04.2017
өлшемі88,56 Kb.
#13268
түріСабақ
«Өзін – өзі тану пәні» бойынша сабақ жоспары

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектеп

Мерзiмі 14.11.2015

Тақырып Қарым-қатынас мәдениеті және әдебі

Құндылық Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Қанағаттылық, ынтымақтастық, адалдық, парыз.

Мұғалім: Ақбидаева.К.Т 7-сынып оқушы саны-12


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: әдеп нормалары бойынша білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне қажетті кішіпейілділік, сыйластық қасиеттеріне үйрету;

Тәрбиелік:Оқушыларды кішіпейілділікке, сыйластыққа, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”.

Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.






  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Д. Дефо «Робинзон Крузо» шығармасынан үзіндіні оқып келіп, өздеріне ұнаған тұсын сахналау. Сұрақтарға жауап беру
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, үй тапсырмасын қорытындылаймын.

Ескертулер

  1. Дәйексөз.

Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды. Адам өзінің түзу ниеті, ойы, іс-әрекеті арқылы жеңіске жетеді.

Ж.Баласағұн

2-3 оқушы оқиды.

(іштей 5 рет қайталап оқыңыз)





  1. Әңгiмелеу.

Шіріген картоп

Өсиет әңгіме


Баяғы өткен заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында алаауыздық, түсініспеушілік туып, отбасынан береке-бірлік кетеді.

Олардың бұл келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып алып, мынандай тапсырма береді:

- Айналайын, балаларым, сендерге менің бір тілегім бар, соны орындаңдар. Дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсаңдар да, тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.

Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды. Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.

Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.

Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Айналадағы адамдар да оларға бір түрлі көзқараспен қарайтын болды.

Енді балаларға ауыр, сасыған жүкті арқалап жүру азап болады. Өзара ақылдасып, әкесіне келеді.

- Әке, мына тапсырмаңызды енді одан әрі орындай алмаймыз. Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып, шіріп барады. Мұны енді көтеріп жүру мүмкін емес. Адамдар да бізге жиіркенішпен қарайтын болды. Әке, сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік, - дейді.

Әкесі:

- Айналайын, құлындарым, мен сендерге бұл тапсырманы берген себебім, сендердің бір-біріңе, айнала қоршаған ортаға өкпе-реніштерің осы картоп сияқты екенін түсіндіргім келіп еді. Өкпе-реніш те осы жүк сияқты жан дүниемізге салмақ салады. Тек қана салмақ салып қоймай, оны бүлдіреді. Ал, бүлінген, ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды, әр кез осы сасыған картоп сияқты болады, - дейді.



Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе-реніштің зиянын ұғынып, әркез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, тату-тәтті ғұмыр кешіпті деседі.


  • Кісінің балалары арасындағы қарым-қатынас қандай еді?

  • Балаларының келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке оларға қандай тапсырма берді?

  • Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді?

  • Балалары тапсырманы қалай орындады?

  • Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

  • Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

  • «Кешіру – өзгені түсінуге тырысу» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа ватман беріледі. Оқушылар күнделікті өмірде қарым-қатынас жасау барысында кездесетін адами қарым-қатынастағы сыйластық, әдептілікті көрсететін сөздерді естеріне түсіріп,

ватманға жазады. Шығармашылық жұмысқа берілген уақыт аяқталғаннан кейін әрбір топтан бір оқушы шығып топ мүшелерімен бірлікте жасаған жұмыстарының нәтижесін тақтаға іліп, оқып шығады. Болғаннан кейін екі топ ватмандарымен өзара алмасып, бір-бірінің жұмыстарын толықтырады.

Шығармашылық жұмысқа берілетін уақыт 7 минут.

1-топ

Сыпайы сөздер

Құрметтеу сөздер

Кешіріңіз,


Аса құрметті...




2-топ

Аялы сөздер

Жағымды сөздер

Айналайын...


Өте тамаша!...



Оқушылар жауаптары тыңдалған соң қорытынды жасалады.







  1. Топпен ән айту.

Аман болсын ата-анамыз

Орындайтын: Қайрат Нұртас
Ой ойлаткан талай-талай өтті күндер алыс,

Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз.

Өз үйіміз бір отан береке,

Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге


Қайырмасы:

Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,

Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.

Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,

Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,

Тосу менен өтті талай күнім менен түнім.

Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,

Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім


Жанұяның бір қызығы арадағы бала,

Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә.

Жастайымнан еркелетіп өсірген,

Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!






  1. Үй тапсырмасы.

Қарым-қатынас мәдениеті, сыйластық, кішіпейілдік туралы дәйексөздер жазып келу.




  1. Тыныштық сәтi.

Бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіп, жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар.






ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ САБАҒЫНА ҚАТЫСУ
Мектеп _______________ Мерзiмі_________ №_____

Тақырып_________________________________________________________

Мұғалiм______________________________Сынып_____Оқушылар саны____


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.







  1. Әңгiмелеу.






  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.






  1. Топпен ән айту.





  1. Үй тапсырмасы.





  1. Соңғы тыныштық сәтi.








  1. Сабақ жоспары (+;-)

  2. Мұғалім стилі (авторитарлық, либералдық, ізгілікті)

  3. Сабақтағы тәртіп (+;-)

  4. Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі (1;2)

  5. Мұғалімнің шығармашылығы (+;-)

  6. Жұмыс дәптерін толтыру (+;-)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет