Сабақ жоспары «Менің атым Қожа»



Дата18.03.2017
өлшемі50,01 Kb.
#11899
түріСабақ
СҚО Ақжар ауданы

2 Ленинград орта мектебі



Сабақ жоспары

«Менің атым Қожа» повесіндегі

Қожа бейнесі

Өткізген: Онгарбай Жұлдыз

2013-14 оқу жылы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндата отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, қызығушылығын арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау жасау дағдыларын дамыту , ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың нәтижесі: Оқушылар топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады. Сыни ойлана отырып, басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен ізденумен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасай алады.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі:Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту , талантты және дарынды балаларды оқыту,оқыту үшін бағалау

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, “Менің атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, үлестірме қағаздар, тірек сызба, қалпақтар.



Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
а). Оқушыларды түгендеу;
ә). Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б). Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау мақсатында «Атомдар мен молекулалар», тренингін өткізу; тренинг арқылы 3 топқа бөлу;

1-топ « Қожа», 2-топ «Жантас», 3- топ « Сұлтан»;

в). Бағалау өлшемімен таныстыру (өзін-өзі бағдаршам түстері арқылы бағалайды, жасыл-5, сары-4, қызыл-3)

II.Өткенді еске түсіру. Жазушы өмірі шығармашылығына тоқталу.

а).“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.” –бұл кімнің сөзі?


ә). Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.
III.Сабақты талдау.

1.Ой қозғау.

а). Әр топ өз тобының атына сәйкес кейіпкерге қысқаша мінездеме береді.

ә). “Менің атым Қожа” фильмінен кадрлар арқылы. (5-15 слайд)

2. Мынау қай кейіпкер ? (Әр топ кезекпен жауап береді)

1).Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?( Жантас)

2).-Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз (Қожа).

3).-Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4).
-Қадыров түбінде адам болатын бала,-деді (С. Майқанова)
5).
-Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ,-деді. ( анасы)



3. Оқиғалар тізбегін ретімен орналастыр.(Интерактивті тақтамен жұмыс)

3. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті.

4.Бақаның әлегі

5.Педсовет

2. Жолдама алған Жантас

1.Оқулық емес, қант аламын
IV.Сергіту сәті.«Шырша биі»


4.Мәтінмен жұмыс.

«Алты қалпақ» әдісі . (Сұрақтар әр топқа үлестірме қағазға жазып береді)

Ақ қалпақ. «Менің атым Қожа» повесінің авторы және повесть жайлы нақты деректер келтіріңіздер.

Сары қалпақ. «Менің атым Қожа» повесіндегі бас кейіпкер сіздерге ұнады ма? Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңыз?

Жасыл қалпақ. Қожаны қазіргі балалармен салыстыруға бола ма? Осындай балалар арамызда бар ма?

Қара қалпақ. Қожаның қандай қылықтары ұнамады?

Қызыл қалпақ. Әңгімені оқи отырып қандай сезімде болдыңыздар?

Көк қалпақ. Болашақта кейіпкердің қандай жақсы қасиетін бойымызға сіңіреміз?

5. Қожаның жағымды жақтары .( Дәптермен жұмыс)

Өз ісіне есеп бере алады


Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды

6. «Теріп алу» стратегиясы. (Интерактивті тақтамен жұмыс)
Алғыр, пысық,өтірікші,ақылды,сотқар, тентек,мейірімді,қу, зымиян,шыдамсыз, тиянақсыз,әділетті, ақын,әзілқой,арамза,тапқыр, қателіктерін түсіне біледі,жағымсыз.

Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.




V. Ой тастау

Қожаның өзгеруіне не болды? Анасын аяуы ма, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме ?

7. Бес жол өлең құрастыр . Дәптермен жұмыс.

  1. Зат есім (1)

  2. Сын есім (2)

  3. Етістік (3)

  4. Сөйлем

  5. Зат есімнің синонимі

8.Дарынды оқушымен жұмыс. Қожаға хат
VI. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі бағдаршам түстері арқылы бағалайды, жасыл-5, сары-4, қызыл-3.

VII.Кері байланыс. Стикерге Не түсіндім? Маған не түсініксіз? деген сұрақтарға жауап жазып «Білім ағашына» іледі.

VIII.Үйге тапсырма : Ойтолғау «Бақытты балалық шақ»
Каталог: uploads -> doc -> 0ce6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ce6 -> Сабақтың тақырыбы «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»
0ce6 -> Сабақтың тақырыбы: §15.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. (1921-1925 жж) Сабақтың мақсаты
0ce6 -> Сабақтың тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы»
0ce6 -> Тақырыбы: «Ал, қанекей Әжелер!» сайысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет