Сабақ ортасы
|
(Ұ) Шығармашылық жұмыстарын қорғау
Оқушылардың іс-әрекеттері: Оқушылар үйде ата-аналарымен жасаған жұмыстарын /коллаж, аппликация немесе сурет/ қорғап, өз отбасымен бізді таныстырады.
(Ұ) Сергіту сәті
Әкем менің қауыншы,
Шешем менің сауыншы.
Ағам менің етікші.
Жеңгем менің тігінші,
Атам болса ол ұста,
Бәрі, бәрі жұмыста.
Отырмаймын мен текке,
Кеттім мен де мектепке.
(Ө) Карточкалармен жұмыс
Оқушыларға дайындалған суреттері бар карточкалар таратылады. Оқушылар карточкадағы суреттің астына сәйкес туыстық атауын жазады.
Менің атым – Айжан. Мен 6 жастамын. Мынау менің ________м. Отбасымда ____ адам бар. Олар: _______, ______, ______, _______, _______ , ______ және мен.
Критерий
|
Дескриптор
|
Сурет бойынша өз ойын айта алады.
|
Отбасы мүшелерін атайды;
Отбасындағы адамдарды санап, дұрыс жазады.
|
|
Оқушылардың әкелген шығармашылық жұмыстары
Тапсырмалары бар суреттер
|