Армысыңдар балалар
Армысың апайым
Амысың туған жер
Армысың аспаным
Армысың достарым
Армысың қонақтар
Балалар көңіл күйлерің қалай?
Қоян қалай секіреді?
Аю қалай қорбаңдайды?
Шеңбер бойына тұрып бір бірімен амандасады, өлең сөздердеріне сәйкес қимылдар жасайды. Тәрбиеші сұрақтарына барынша жауап беруге тырысады. Көңіл күйлері көтеріледі.
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Жұмбақ жасыру Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды (Сандық )
Сол кезде есік қаққан дыбыс естіледі
Балалар бұл кім екен есік қаққан?
Мен қарап келейін Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Айдана қонққа келіпті.
Қуыршақ Айдана көңіл күйін жоқ сияқты?
Балалар сандыққа мұқият қарайықшы
Ненің суреті бейнеленген?
Ою өрнек туралы не білесіңдер?
Олай болса ою өрнектің қайдан пайда болғаны туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
Қуыршақ: Жақында әжемнің туған күні болады.
Әжеме сыйлықа ескі сандығын қайтадан әдемі етіп өрнектермен әсемдеп бергім келген.
Бірақ ойыма еш нарсе түсіпей тұр.
Балалар Айданаға көмектесеміз бе?
Ертегі айту.
Ерте ерте ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Бір күні екеуі киіз үйдің ішінде шай ішіп отырып шалы айналасына көз жүгіртіп қараса, анау жерде тұрған сандығы сұрықсыз болып тұр екен. Шал сандықтың сыртын әсемдемек болып сандықты сыртқа алып шығады. Сандықты немен өрнектесем екен деп ойланып тұрғанда есік алдында тұрған қошқардың мүйізін көріп "қошқармүйіз" деген оюды ойлап табады. Оюды жасап болып, айналасына құлақ түріп, ағып жатқан бұлақтың дауысын естіп "Ирек" оюын ойлап табады. Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Әже қандай ою өрнектер ойлап тапты? Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, "Орнамент" деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
(Алдын ала жұмыс) Балалар мына сандықтың суретіне қарайықшы.