Сабақ жоспары Мұғалім : Шакимова А. И. Сынып: 7



Дата01.05.2017
өлшемі46,02 Kb.
#15376
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалім: Шакимова А.И. Сынып: 7 «Б»



Апта

Күні -7сәуір

54 – сабақ

Пәні

Биология

Сабақтың тақырыбы

Құстардың көптүрлілігі

Сілтеме

«Биология» оқулығы 7 сынып (276-278 бет)

Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева

Интернет мәліметтері

Слайдтар

Электронды оқулық 7 сынып


Сабақтың мақсаты

Құстар класының дене құрылысы және тіршілік әрекетімен сан алуандығы жөніндегі алған білімдерін одан әрі дамыту арқылы құстарды топқа бөлу,бөлінген топтары бойынша құстарды ажыратуды үйрету.

Сабақтың міндеттері

Оқушылардың қызығушылығын ояту

Жаңа тақырыпты оқушылардың білетін мәліметтері арқылы меңгеру

Оқушылардың өздерін өздері оқытуы арқылы білім беруге тарту

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Сабаққа оқушылардың барлығын қатыстыру


Негізгі ой

Жаңа әдістерді енгізуде оқушыларда байқалатын өзгерістерді анықтау

Енгізілген модульдер

АКТ

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту



Күтілетін нәтиже

Құстардың түрлерімен танысады

Жыртқыш құстар мен орман құстарын ажырата алады



Тапсырмалар

«ДЖИГСО» әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалім және оқушы немен айналысады



Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті



3 минут

І. Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3. Құстардың суреттерін құрастыру арқылы топқа бөлу




1.Мұғаліммен сәлемдесу

2.Құрастырған суреттері бойынша топқа отырады.



2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру Шеңберге тұрғызу «доп лақтыру» әдісі арқылы сұраққа жауап беру







Қызығушылықты ояту




5 минут

Электронды оқулықтан құстардың түрлері туралы бейнеролик көрсету

Олардың қандай түрлері бар?

Білгендеріңді, естігендеріңді еске түсіріңдер.


Қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді өз білетіндерін ортаға салады. Ойларын жинақтайды.

15 минут

«ДЖИГСО» әдісі

Сандар бойынша бөлініп, топтарымен мәтінді қорғау



Мәтінді оқиды, жұппен талқылайды, топпен талқылайды плакатқа жазады, тақтаға шығып қорғайды.

7 минут

Бекітуге тапсырмалары

Деңгейлік тапсырмалар



I деңгей Биологиялық диктант Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз.

Өңештің кеңейген бөлігі___________деп аталады. Құстардың жақсүйектерінде____________________болмайды. Құстардың қарыны________________________бөлімдерден тұрады.

ІІ деңгей 2-тапсырма. Дұрыс жауаптардың астын сызып көрсет

А.Құстардың денесіне қандай қан тарайды – вена қаны, аралас қан, артерия қаны.

Ә.Құстарға тән қосаролы тынысалу кезінде қан қандай газбен тотығады – тек көмірқышқыл газымен, тек оттегімен, аралас газбен.

Б. Құстардың зәршығару жүйесінде қандай мүшесі болмайды – бүйрегі, қуығы. Несепағары.



IIІ деңгей

Құс қаңқасы бойынша кестені толтыр (№ 21 зертханалық жұмыс)

Оқушылар жеке жеке өз ойларынан құрастырады

3 минут

Рефлексия

«Бір айналым сөйлесу»



Әңгіме құрауға, жазуға уақыт беріледі

2 минут

Бағалау

  • Қай топты қалай бағалар едің?

  • Топ ішінде белсенді оқушы болды ма, оған қандай баға қояр едің?

Әр топ бірін бірі бағалайды. Өз дәлелдерін айтады



1 минут

Үйге тапсырма

§ 57 оқу

Бүгінгі өткізілген сабағы туралы өз ойларын білдіру, кері байланыс жазу


Тапсырманы кітаптан белгілеп алу, түсінбеген жерлерін сұрау

Орындарынан тұру, сабақ аяқталды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет