Апта-
|
Сынып 8
|
Күні-
|
–сабақ
|
Сабақ тақырыбы
|
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы.
|
Сабақ мақсаты
|
Гуморальдық реттелу ұғымын түсінеді; эндокриндік аппарат бездерінің, ішкі секреция бездерінің қызмет ету ерекшеліктері мен олардың сыртқы секреция бездерінен айырмашылықтары және гормондардың адам тіршілігіндегі рөлі туралы білімдерін қалыптастырады
|
Сілтеме
|
Әдістемелік нұсқаулықтар; Биология 8 сынып Авторлары : Р.Әлімқұлова, Р.Сәттімбекова А.Соловьева
Ғаламтор материалдары
|
Табыс критерийі
|
1) Адамның негізгі ұлпалары туралы түсініктерін еске түсіріп, айтып береді
2) Ішкі секреция бездерінің түрлері, ағзада орналасуы, негізгі атқаратын қызметтері туралы мәлімет алады.
3) Эндокриндік жүйе, гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы туралы сипаттама бере алады;
|
Күтілетін нәтижелер
|
1) Адамның негізгі ұлпалары туралы түсініктерін айтып беру;
2) Ішкі секреция бездерінің түрлері, ағзада орналасуы, негізгі атқаратын қызметтері туралы сипаттай алу;
3) Эндокриндік жүйе, гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы туралы түсіну;
|
Тапсырмалар
|
Білу. 1 тапсырма: Адамның негізгі ұлпалары туралы түсініктерін зерделеу;
"Джексо" әдісі " әдісі
|
Түсіну. 2 тапсырма: Ішкі секреция бездерінің түрлері, ағзада орналасуы, негізгі атқаратын қызметтері туралы түсіну;
"Кластер құру " әдісі
|
Қолдану. Талдау.
3 тапсырма: Эндокриндік жүйе, гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы туралы ақпаратты білу; "Биодиктант" әдісі
|
Жинақтау. Бағалау 4-тапсырма: Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері бойынша алған білімдерін жинақтау "Тірек сөздер" әдісі
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Мұғалім және оқушы немен айналысады
|
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
бағалау
|
І. Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушыларға психологиялық көңіл-күй туғызу ә)Топқа бөлу
|
Фигуралар бойынша топқа бөлу;
|
Оқушылар фигуралардың суреттері бар қима қағазды құрастыру арқылы топқа бөлінеді;
|
|
ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру
|
Білу. 1 тапсырма: Адамның негізгі ұлпалары туралы түсініктерін зерделеу;
" "Джексо " әдісі
|
Оқушылардың топтарына тапсырмалар беріліп " Джексо " әдісі бойынша түсіндіреді.
1 топ тапсырмасы: Ішкі секреция бездері
2 топ тапсырмасы: Сыртқы секреция бездері
3 топ тапсырмасы: Аралас бездер
|
1)"Смайлик тер" әдісі
|
ІІІ. Жаңа тақырып
|
Түсіну. 2 тапсырма: Ішкі секреция бездерінің түрлері, ағзада орналасуы, негізгі атқаратын қызметтері туралы түсіну;
"Кластер құру " әдісі
|
"Кластер құру " әдісі бойынша оқушылар жұпта жұмыс жасайды:
"Акромегалия және Ергежейлілік аурулары" кластер құру.
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
1)Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» – аяк-қол сүйектері, «mega» – үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
2)Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
|
2)Бағдаршам арқылы
|
Шығармашылық жұмыс
|
Қолдану. Талдау.
3 тапсырма: Эндокриндік жүйе, гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы туралы ақпаратты білу;
"Биодиктант" әдісі
|
"Биодиктант" әдісі бойынша " эндокриндік жүйе, гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы туралы ақпаратты білу үшін жеке жұмыс жасап, топта талқылайды.
1.Организмде бездер көп, барлық бездерді ....
2. Сыртқы секрециялық бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері ..
3. Сыртқы секрециялық бездеріне:
4. І ш к і секрециялық немесе бездердің өнімі...
5. Ішкі секрециялық бездері................қатысады.
6. Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін .............. атайды.
7. Гормондар жүйке жүйесімен ........ реттеуге қатысады.
8. Қазіргі кезде .................. гормондар бары белгілі.
9. Ішкі секрециялық бездерге ...........бездері жатады.
10. ........... аралас бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады.
11. Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы ........... әсер етеді.
12. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың ......байланысты болады.
13. Ішкі секреция бездерінің қызметін .......реттеп отырады.
|
3) "Басбармақ" әдісі
|
|
Жинақтау. Бағалау 4-тапсырма: Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері бойынша алған білімдерін жинақтау "Тірек сөздер" әдісі
|
Өз бетімен мәтін бойынша топтағы әр оқушы бүгінгі тақырып бойынша сипаттайтын бір тірек сөз жазады. Сол тірек сөзге оқулық тіліне сүйеніп, өз дәлелін қоса отырып түсінік береді.
Тірек сөздер: Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі, гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері,гармондар, алыптық, ергежейлілік, орталық жүйке жүйесі.
|
"2 жұлдыз, бір тілек" әдісі
|
Жиынтық бағалау
|
Дерек көздер және жабдықтар
|
Флипчарт, қағаздар, стикер
|
|
Кейінгі тапсырма мен портфолио деректері
|
|
|
Кейінгі оқу
|
Биология-Қазақстан мектептерінде;
Биологя анықтамалығы;
|
1.Оқулық тапсырмаларын орындау;
2." Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері " немесе "Эндокриндік жүйе"тақырыбына шағын мақала жазу;
3. Оқулық бойынша "10 сұрақ, 3 жауаптан "тұратын тест құрастыру
|
Сабақты талдау
|
|
Топта, жұпта , жеке жұмыс бойынша талдау;
|
Сабақты бағалау
|
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы
|
Оқушылардың табыс критерийлері бойынша өздерін және баяндамашыны бағалауы, топтардың бірін- бірі және тапсырмаға сәйкес түсінгендерін бағалауы;
|
Сабақ бойынша өзгертулер
|
|
|