Сабақ жоспары Мұғалімі: Буркитбаева Г. Ж



Дата11.01.2017
өлшемі75,75 Kb.
#7490


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімі: Буркитбаева Г.Ж


Зерттеу орны:

Жамбыл облысы

Түгіскен орта мектебі



Апта:

Күні:

Сыныбы: 7

Cабақ:

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің септелуі

Сілтеме

Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек, А.Н.Нұрғазы. «Арман-ПВ» баспасы, 2012

Жалпы мақсат

Зат есімнің септелуі туралы түсінік алу.

Сабақтың міндеттері

1. Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Зат есім сөздерді септей алу.

2.Септік жалғауларын ажырата алу.

3.Кез келген сөзді септеп, талдау жасай алу.



2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттері:

Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен, интер –белсенді тақтамен жұмыс жасай отырып, танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру.



3. Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттері:

Оқушылар бірін-бірі оқытуда:



  • Жұппен, топпен түсініп оқып, тілдік тапсырмаларды сауатты орындайды;

  • Тапсырманың түсініксіз жерлерін айқындайды;

  • Топтастарының сұрағына жауап береді, бірін-бірі толықтырады;

Қорытынды шығарады.


Оқыту нәтижелері

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы олардың бойында ізденіс, зерттеу қабілеттерін оятумен қатар, зат есімнің септелуі туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіріп, қорытындылар мен тұжырымдар жасауды, өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйренеді, сыни ойлауға дағдыланады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану, талдау , берілген тапсырмаларды орындату, сыни ойлау, диалогтік сөйлету әдістерін қолдану арқылы меңгерту.

Сабақтың типі, түрі

Жаңа, аралас

Сабақтың әдістері

СТО әдістері, өзіндік, топтық жұмыс

Қолданылатын модульдер

1.Диалог негізінде оқыту және оқу» (Merser, 1995;Alexander, 2008)

мен метасана (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978)

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3.Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау

4.АКТ пайдалану

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру

және оқу


7. Білім беруді басқару және көшбасшылық

Дереккөздер және жабдықтар

Қолданылатын құралдар:

А 4, А3 форматты ақ түсті қағаз, қызыл, көк, қара, жасыл түсті маркелер



Көрнекілігі:

Семантикалық карталар, сызбалар, кесте



Қолданылатын техникалық құрал:

Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық



Сабақтың кезеңдері

1. Қызығушылықты ояту

2. Мағынаны тану

3. Ойтолғаныс


Қолданылған әдіс-тәсілдер

1. Үш қадамды сұхбат ( үй тапсырмасын сұрау)

2. Миға шабуыл ( жаңа сабақ)

3. Тапқырлар аялдамасы ( мақал-мәтелдің жалғасын тауып, ішінен септіктерді табу)

4. Поэзия минуты ( топтарға ақындардың өлеңдерін оқытып, септіктерді тапқызу)

5. Оқулықпен жұмыс

6. "Гүл құрастыру" ойыны

7. «Тілім менің - тірлігімнің айғағы».



Бес минуттық эссе жазу, ішінен септіктерді табу


1.Қызығушылығын ояту

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Түгендеу

3. Топқа бөлу


Оқушыларды зат есімнің түрленуі жазылған парақшалар арқылы топқа бөлінеді

1.Білім бөлімі

Үй тапсырмасын сұрау

32-жаттығу. «Сөздердің тәуелденуі» атты тақырыпта шағын әңгіме жазып, тәуелдік жалғауларының астын сызып, байланысып тұрған сөздерін анықтаңдар.

Оқушылар жаттығу жұмыстарын оқиды.

2. Мағынаны тану

2. Түсіну бөлімі

Миға шабуыл

Ғылыми ізденіс жұмыстары

Бұл - көне ұлттық музыкалық аспап, қазір мен сендерге осы аспапқа қатысты бір ертегі айтпақпын. «Ертеде Зат есімнің жерінде Септік деген шал болыпты.Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, елді ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп тағыпты да,кім? не? деп үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып: ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?- деп егіледі. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?» - деп жоқтау айтыпты. Табыс атты ұлы дүниеден өтеді. «Нені айтып, кімді қорғайын» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?»- деп бесінші ішек тағып егіледі. Шығыс атты ұлы да аштықтан өлгенде, сонда алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»- деп егіледі. Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»- деп жоқтау айтып егіледі.
Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып Жетіген аспабы пайда болыпты»

Жеті септік туралы ізденгендерін айтады


Бейнероликтен жетіген туралы көреді



3. Қолдану бөлімі

Кітаппен жұмыс


33-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің астын сызыңдар.

34-жаттығу. Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді тауып, талдаңдар. Септелген сөздерді ретімен көшіріп жазыңдар.



Оқушылар жаттығу тапсырмасын орындайды.

Ой толғаныс

4. Талдау бөлімі

"Тапқырлар аялдамасы"


Топтар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, ішінен септіктерді табады


Әр топ ақылдаса отырып, жауап береді



Жұптасып-ойлан-бөліс

"Гүл құрастыру" әдісі



Оқушылар гүлдің жапырақшаларына арналған тапсырмаларды орындап, гүл құрастырады




Поэзия минуты

Ақындардың өлеңдерінен септіктерді табады




5. Жинақтау бөлімі

«Тілім менің - тірлігімнің айғағы».



Бес минуттық эссе жазу, ішінен септіктерді табу




6. Бағалау бөлімі


Қымбатты оқушылар біздің әрқайсысымыз Қазақстан азаматы екеніміз белгілі. Олай болса, Қазақстанның туын кім көтергісі келеді?

1. Нені арман етесің?

2. Кімді құрмет тұтасың?

3. Немен шұғылданасың?

4. Кімге ұқсағың келеді?

5. Неге қызығасың?

6. Неден әсер аласың?

7. Кімнен үлгі аласың?

8. Досыңмен не туралы әңгімелесесің?

9. Кіммен жолдассың?

10. Неге риза боласың?

11. Кімді қуантқың келеді?

12. Нені талап етесің?

13. Кімге ризасың?

14. Неден қорқасың?

15. Кіммен сөйлескенді қалайсың


Рефлексия

  • Жарайсыңдар! Осы

сабақ үшін бәріңе рахмет.

  • Өткен сабақтан кейін

көңіл күйлерің қалай?

  • Қай тапсырманы

бәрінен шебер орындадыңдар

Оқушылар топпен бірлесе отырып, сұрақтарға өз ойларын еркін айтып жауап береді.

Кері байланыс стикерін толтырса да болады.



Бағалау

Бағалау критерийі арқылы бағалау;

Формативті бағалау: LJK



Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, мұғалімнің бағалауы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет