Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отырады. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушылар өз ойларын ортаға шығып қорғайды.
1-топқа 1- тапсырма:
Әңгіменің құрылысына талдау жасаңыздар
Тақырыбы:
Идеясы:
Оқиғаның басталуы:
Байланысу:
Дамуы:
Шиеленісуі:
Шарықтау шегі:
Шешімі:
2-топқа 1-тапсырма:
Әңгімелеуші балаға қатысты тіркестер мен сөйлемдерді алып, бала Сайынға мінездеме бер
(«Бір партада отыру, шанасын беру, Асылбек шал, нан алып келу, «Шіркін-ай, Аянның ағасы тезірек қайтса екен» ,«Мен басқалардан жырылып бір сәтке оның жанында қалдым», «Сондайда есіме тағы Аян түседі»)
3-топқа 1-тапсырма:
Сұрақтарға жауап ауызша беріңіздер:
1. Аянның әкесі мен анасы қайда?
2.Енді біздің ауылдан күніне майданға сөзі де, мазмұны да, кейде тіпті кісі аттары да бірдей жиырма-отыз хаттан кетіп жатады? Себебі неде?
3.Аянның арманындағы шана қандай?
4. Ақырғы рет тобығын Аян қалай шығарып алды?
5. Жаздың ыстық күнінің бірінде ауылға келген тағы бір қаралы қағаз неліктен ешкімнің үйінен жоқтау айтатын дауыс шығармады?
6. Балалар Аянды көпке дейін қалай еске алушы еді?
77 Шығарма неге «Жусан иісі» деп аталған?
Мұғалім оқушыларға хат жазу туралы мәлімет береді:
Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі. Хат мәтіні-мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.
Хат жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант (хатты жазушы) пен адресаттың (хат жолдаушы) болуы керек. Ол әр лауазым иесінің жеке басының шеберлігіне, сауатына, мәдениетіне мен біліміне байланысты болады.
Мысал ретінде Мәлік Ғабдулиннің Қадыр Мырза Әлиге жазған хатынан үзінді:
Құрметті Қадыр!(1)
Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін. Сондықтан, саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба-ол арасын өзің білесің.
Негізгі бөлімнен: « Тағы бір шындығымды айтайын.Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін, бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың.Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде ( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды түйін жатады.»(2а,б)
Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе белестен белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін...(в, г)
P.S. Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны.Соны да қоса салайыншы...(д)
Хат түрлері:
Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді.
Сұрау салу хатына белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактілердің болған-болмағанын растап жауап берілуі тиіс.
Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді.
Ескерту хаттар-адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындалмаған кезде жазылады.
Циркуляр хаттар-ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге 1 мезгілде жөнелтілетін хат, олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
Ақпарат түсінік хаттары дегеніміз-бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар.
Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселелердің шешілмеген туралы жазылады
Шешім хатында-мәселеніің дұрыс шешілгені жөніндегі мағлұмат береді.
Ілеспе хат-адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі.
1-топқа 2-тапсырма:
Белгілі бір хат үлгісін таңдай отыра шығарманың басты кейіпкері Аянға хат жазыңыздар, хатттың қай түрі екенін айтып өтіңіздер
2-топқа 2-тапсырма:
Белгілі бір хат үлгісін таңдай отырып, шығарманың авторына хат жазыңыздар, хаттың қай түрі екенін айтып өтіңіздер
3-топқа 2-тапсырма:
Белгілі бір хат үлгісін таңдай отырып, соғыстағы Аянның әкесіне хат жазыңыздар, хаттың қай түрі екенін айтып өтіңіздер
Оқушылар хат жазып жатқанда Нұрлан Өнербаевтың «Әке арманы» әні орындалып тұрады.
Топтар хатты жазып болған соң, оқып береді
Әр топқа хат жазу критерийлері ұсынылады:
Хат жазуға критерийлер:
1.Хат жазу талаптарын біледі
2.Белгілі бір жазу мәнері бар
3.Хат түрін дұрыс ажырата алады
4.Хат бірінші жақтан баяндалған
5.Жазған хытының түрін ажырата алады
6.Хатты әсерлі етіп оқи алады
7. Нақтылы адресант (хатты жазушы) пен адресаттың (хат жолдаушы) көрсетілген
|