Сабақ жоспары Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К. Сабақтың тақырыбы



бет1/6
Дата04.05.2017
өлшемі0,55 Mb.
#15481
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сабақ жоспары


Мұғалімнің аты-жөні:

Кабденова С. К.

Сабақтың тақырыбы:

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Сынып: 7 «Е»

Оқушы саны: 18

Күні: 19.05.2015ж.

Уақыты: 4-сабақ

Сабақта қамтылатын оқу мақсаттары

А/И2 Кең көлемді шығармалардағы автор көзқарасын және оқиға желісіне байланысты кейіпкердің көңіл-күйі дамуын талдау

Б/С3 Көркем шығармадан алған білімдерін қолдана отырып, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, өзіндік стильмен хат жазады.



Сабақ мақсаты

Оқушылар қабілетті:

Ортада нақты сөйлеуге, өз көзқарасын білдіруге;

Диалогке түсу арқылы өз пікірлерін жеткізуге;

Өзіндік стильмен хат жазуға;






Кілт сөздер:

Алдыңғы тақырып

“Жусан иісі” әңгімесі

Ресурс

Кері байланыс парағы, маркер, тақта, фломастер, стикерлер.

Тренинг

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:“Мен кіммін?” тренингі өткізіледі.

Стартер

(қызығушылығын арттыру, сабақтың басы ) 6 минут


1) Сайын Мұратбеков туралы кіріспе сөз оқылады. Жазушы С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің негізгі түйіні- тағдыр талқысына түскен,жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала Аян бейнесі. Аянның ақылдылығы мен намысшылыдғы, сүйкімділігі мен төзімділігі үлкен адамға тән мінез. Кішкентай аянның бойындағы осындай мінез оның ерте есейгендігі мен  ақылдылығының белгісі. Ер баланың мінез-құлқында қайраттылық, намысқойлық, төзімділік, қамқорлық ерекше көрінуі тиіс.Сонда ғана ол жақсы азамат болып қалыптасады.

Ертегі айтқыш Аян тағдыры қалай өрілді?Аянның прототипі кім? Оның  балалар үйіне  кеткеннен кейінгі өмірі қалай  болды?

Аянның прототипі-Науқан Керімов.Сайын Мұратбеков  бұл шығармасының желісін өзінің балалық шағынан алған екен.Демек соғыстан кейінгі  ауыл балаларының тағдыры.

  Аян, яғни Науқан Керімов бүгінде Ескелді ауданының Ақын Сара  ауылында тұрады.1937 жылы туған. Науқан аға  балалық шағын,өткен өмірін былайша еске алады:



    -Біз Сайынмен қатар өстік .Бірге ойнап, бірге жүрдік.Ол менен үш жыл бұрын мектепке бұрын барды. Жетімдіктің зардабынан мен кейінірек оқыдым.Колхоз бұрын «Біріншілік», кейіннен «Қызыл жұлдыз» деп аталды.Ауылда отыз шақты бала сиыр қораның төбесіндегі шөпке  жиналып, әңгіме құрамыз.Ол кезде менің әке-шешем жоқ. Жастайымнан  таудан отын таситындықтан аяққа шөңге кіріп, содан жүруім қиындай түскен еді.Аяқ ауырса да  анда-санда шөптің төбесіне барамын.Қайдан шығатынын білмеймін, ептеп ертегі айтамын. Мен ғана емес, басқа балалар да айтады.Өзімізге сондай қызықты.Бала кезінен Сайын  қайырымды еді. Кейін жоғары сыныптарға барғанда да менің жағдайымды біліп тұрды.

   Менің анам Күмісай 1936 жылы қайтыс болып, әкем Керібек Қали 1941жылдың аяғында соғысқа кетті.Содан әкемнің  туысы Шәріп мені қолына алған еді, ол да 1943 жылы колхоздың мал шаруашылығында жүріп қайтыс болды.1946 жылы асырап алған шешем Ибалы да көп ұзамай өмірден озды.Сонымен,1946жылы тұл жетім қалдым. Содан кейін Қалидың ағасы Қасқырбек деген кісінің әйелі Әсем Есімова асырап алды.Мен 9 жаста едім. Ол кісі колхоздың мал шаруашылығына кетті де, мен әркімнің қолында жүрдім .Соңында мені  мектеп-интернатқа алып кетті.

    Қапалдағы мектеп-интернатқа  орналасқан Науқан Керімов  кино актеріЕсболған Жайсаңбаевпен бірге оқыған.Бірақ, бір жылдан соңұғаліммен келісе алмай,колхоз жұмысына оралады.1958жылы сегіз айлық шопандар курсында оқып,1959-1962 жылдары әскер қатарында болады.1963-1995 жылға дейін мал шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады. Үшінші дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері.

   Зайыбы Атымтай Байтүгенова екеуі 1963ж шаңырақ көтеріп,11қыз,4 ұл тәрбиелеп өсірген. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандарған Аян бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр..

2) Қызығушылықты ояту үшін «Тек қана мақал- мәтел!» ойыны ойналады. Әр топ 2 минут ішінде әңгіме желісін баяндау барысында мақал-мәтел қосып айтуға дайындалады, мұғалім таңдауымен кез келген оқушы сөйлейді. Мысалы, «Отан оттан да ыстық» дегендей, Байтас қарт кіндік қаны тамған отанына қайтып оралу үшін «Жол ақысы жүрсе бітер» деп жолға шықты. “Жол мұраты жету демекші” діттеген жеріне “Басын тауға да соғып, тасқа да соғып”туған жеріне жетуге асықты. “Қасқырдың сұрлығы үшін соқпайды, ұрлығы үшін соғады” дегендей, қасқырды үлкен таспен соғып алып, “Бала-адамның бауыр еті” дегендей, Төлеутайын есіне ала отыра “Туған жердің түтіні де ыстық” демекші, Айнабұлаққа жеткен соң, “Өлі разы болмай тірі байымас” дегенді еске алып, аруақтарға құран бағыштайды, “Ұйқы арсыз” деген бар халықта, “Түс-Тәңірдің аяны” дегендей Байтас қарт ұйықтап кетіп түс көреді. Түсінде “Әке-асқар тау демекші” әкесін көреді. “Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні” бар дегендей, Байтас қарт сөйтіп, өз арманын орындайды.




Іс-шаралар (мағынасын ажырату, сабақтың ортасы) 15 минут

6 мин


3 мин



Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отырады. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушылар өз ойларын ортаға шығып қорғайды.

1-топқа 1- тапсырма:

Әңгіменің құрылысына талдау жасаңыздар

Тақырыбы:

Идеясы:

Оқиғаның басталуы:



Байланысу:

Дамуы:


Шиеленісуі:

Шарықтау шегі:

Шешімі:

2-топқа 1-тапсырма:

Әңгімелеуші балаға қатысты тіркестер мен сөйлемдерді алып, бала Сайынға мінездеме бер

(«Бір партада отыру, шанасын беру, Асылбек шал, нан алып келу, «Шіркін-ай, Аянның ағасы тезірек қайтса екен» ,«Мен басқалардан жырылып бір сәтке оның жанында қалдым», «Сондайда есіме тағы Аян түседі»)



3-топқа 1-тапсырма:

Сұрақтарға жауап ауызша беріңіздер:

1. Аянның әкесі мен анасы қайда?

2.Енді біздің ауылдан күніне майданға сөзі де, мазмұны да, кейде тіпті кісі аттары да бірдей жиырма-отыз хаттан кетіп жатады? Себебі неде?

3.Аянның арманындағы шана қандай?

4. Ақырғы рет тобығын Аян қалай шығарып алды?

5. Жаздың ыстық күнінің бірінде ауылға келген тағы бір қаралы қағаз неліктен ешкімнің үйінен жоқтау айтатын дауыс шығармады?

6. Балалар Аянды көпке дейін қалай еске алушы еді?

77 Шығарма неге «Жусан иісі» деп аталған?

Мұғалім оқушыларға хат жазу туралы мәлімет береді:
Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі. Хат мәтіні-мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.

Хат жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант (хатты жазушы) пен адресаттың (хат жолдаушы) болуы керек. Ол әр лауазым иесінің жеке басының шеберлігіне, сауатына, мәдениетіне мен біліміне байланысты болады.

Мысал ретінде Мәлік Ғабдулиннің Қадыр Мырза Әлиге жазған хатынан үзінді:

Құрметті Қадыр!(1)

Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін. Сондықтан, саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба-ол арасын өзің білесің.

Негізгі бөлімнен: « Тағы бір шындығымды айтайын.Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін, бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың.Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде ( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды түйін жатады.»(2а,б)

Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе белестен белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін...(в, г)

P.S. Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны.Соны да қоса салайыншы...(д)

Хат түрлері:

Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді.

Сұрау салу хатына белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактілердің болған-болмағанын растап жауап берілуі тиіс.

Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді.

Ескерту хаттар-адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындалмаған кезде жазылады.

Циркуляр хаттар-ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге 1 мезгілде жөнелтілетін хат, олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

Ақпарат түсінік хаттары дегеніміз-бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар.

Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселелердің шешілмеген туралы жазылады

Шешім хатында-мәселеніің дұрыс шешілгені жөніндегі мағлұмат береді.

Ілеспе хат-адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі.

1-топқа 2-тапсырма:

Белгілі бір хат үлгісін таңдай отыра шығарманың басты кейіпкері Аянға хат жазыңыздар, хатттың қай түрі екенін айтып өтіңіздер
2-топқа 2-тапсырма:

Белгілі бір хат үлгісін таңдай отырып, шығарманың авторына хат жазыңыздар, хаттың қай түрі екенін айтып өтіңіздер


3-топқа 2-тапсырма:

Белгілі бір хат үлгісін таңдай отырып, соғыстағы Аянның әкесіне хат жазыңыздар, хаттың қай түрі екенін айтып өтіңіздер


Оқушылар хат жазып жатқанда Нұрлан Өнербаевтың «Әке арманы» әні орындалып тұрады.
Топтар хатты жазып болған соң, оқып береді
Әр топқа хат жазу критерийлері ұсынылады:

Хат жазуға критерийлер:

1.Хат жазу талаптарын біледі

2.Белгілі бір жазу мәнері бар

3.Хат түрін дұрыс ажырата алады

4.Хат бірінші жақтан баяндалған

5.Жазған хытының түрін ажырата алады

6.Хатты әсерлі етіп оқи алады

7. Нақтылы адресант (хатты жазушы) пен адресаттың (хат жолдаушы) көрсетілген





Сабақтың соңы

Қорытынды

бағалау 5 минут

(Қосымша тапсырма)

Бағалау

4 мин

4 мин


Автор сөзі: Шындығында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Мұндай бала алдына нендей мақсат қойса да жетеді. Ал тірі болса, Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!

Аянның кейінгі өмірі туралы мәлімет беру.



Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.Отбасында он бес бала бар. Аян – Науқанның өмірлік қосағы Тыматай апа



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет