Сабақ жоспары Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенбаева Бақытгүл Сламжановна



Дата06.01.2022
өлшемі88,16 Kb.
#109973
түріСабақ
Байланысты:
5А №1 28.01


Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі

Сабақ жоспары


Мұғалімнің аты-жөні:

Сарсенбаева Бақытгүл Сламжановна

да Мерзімі:

28.01.2021

Сыныбы: 5 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Логикалық таблица

Сабақтың мақсаты:

Математикалық логикалық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру.



Сабақтың барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы (ұйымдастыру кезеңі)


- сәлемдесу

- психологиялық ахуал тудыру

- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру



- мұғаліммен сәлемдеседі

- зейінін сабаққа аударады






-

Сабақтың басы (қайталау, үй тапсырмасын тексеру)



Ой-өрістеріңді кеңейтіп, шығармашылық қабілеттеріңді дамытып, математикаға қызығушылықтарыңды арттыру мақсатында құрылған үйірме бағдарламамыздың тақырыбы «Математикалық олимпиада баспалдағы» деп аталады.

Мұнда олимпиада баспалдағы, яғни қалыптан тыс математиканың арнайы курсының бағдарламасы және оқушылардың шығармашылық ойлауын, математикаға деген қызығушылығын логикасын дамытатын есептер ұсынылған.

Негізгі мақсаты: білім алудың қарапайым түрлерін қолдана отырып, логикалық, шығармашылық қабілеттеріңді арттыру.



Факультативтік бағдарламаның мақсатымен танысады.

Мысал есептерін шығарады



Мұғалімнен ауызша коментарий




Сабақтың ортасы (жаңа материалды меңгеру)


Сабақтың тақырыбы: Логикалық таблица

1-Есеп: Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан -өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.

Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.

а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ

ә) Әлия – І, Ғалия – ІІ

б) Мадина – ІІ, Динара – ІV.

Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табу керек.



2-Есеп: Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады. «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилиясына сәйкес келмейді». Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай?

3-Есеп: Бір аулада төрт дос тұрады. Нұрлан және жүргізуші Саяттан үлкен; Асан мен құрылысшы бокспен шұғылданады; электрик – достардың ең кішісі; әр кеште Ринат пен заңгер екеуі Саят пен электрикке қарсы домино ойнайды. Әр достың мамандығын анықтаңдар.

Оқушылар есептің шешімін табады

Шешуі:


Аты

І-орын

ІІ-орын

ІІІ-орын

ІV-орын

Әлия

+

-

-

-

Мадина

-

+

-

-

Динара

-

-

+

-

Ғалия

-

-

-

+

Жауабы: Әлия – І-орын

Мадина – ІІ-орын

Динара – ІІІ-орын

Ғалия – ІV-орын

Есептің шешімін табады


Мұғалімнен ауызша коментарий




Сабақтың соңы (сабақты бекіту)


1.Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?

2.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

3.Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?


Логикалық сұрақтарға жауап береді

Стикерлер арқылы бағалау




Сабақтың соңы (Қорытындылау, үй жұмысы)


Үйге тапсырма

Есеп: Бөтелкеде, стаканда, құмырада, банкада сүт, лимонад, квас, су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес.

Лимонад құйылған ыдыс құмыра мен квас құйылған ыдыстың арасында. Банкаға құйылған лимонад та су да емес. Стакан банка мен сүт құйылған ыдыстың қасында. Қандай сұйық қай ыдысқа құйылған.





Үй тапсырмасын жазып алады

«Жетістік баспалдағы» арқылы кері байланыс жасайды










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет