Сабақ жоспары Мұғалімнің аты-жөні



Дата14.02.2022
өлшемі41,48 Kb.
#131743
түріСабақ
Байланысты:
23-сабақ. Д.Исабеков «Әпке» драмасы (1)



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Жусупбекова Динара Батыровна

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 8-сынып




2-тоқсан, №23 сабақ

Бөлім атауы:

8- бөлім: Махаббат және абырой

Сабақтың тақырыбы:

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Оқу мақсаты:

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологті анықтау.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін талдайды, эпилог пен прологті ажыратады.

Бағалау критериі:

  • драма жанры туралы біледі

  • сюжеттік желілерін анықтай алады

  • шығармадан эпилог пен прологті табады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме?
8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы







3-5
минут 1-3 минут
1-3 минут


Жаңа сабақ

Тапсырмалар



«Әпке» драмасы туралы бейнефильм тыңдатылады (3.17 мин.).
Мұғалім шығарма жанры бойынша драма, оның түрлерін түсіндіреді және көрсетілген үзінді бойынша «Әпке» драмасына қысқаша тоқталып өтеді.


  1. тапсырма

Оқиға желісі бойынша берілген үзінділердің тақырыбын анықтаңыз?



шығарма желісі ж

шығармадан үзінді

тақырыбы

Сюжеттің басталуы

(Үйге Темірбек және гитара көтерген бір жігіт пен екі қыз сау етіп кіріп келеді).
Темірбек. Мамуля ... Бүгін екі жылдан бері бір фирмада істеп келе жатқан менің ең жақын досым Сұлтанның туған күні. Және ол біздің босағаны бірінші рет аттап отыр. Демек біздің үйде бір емес, екі той өтуі тиіс. Кәмила, шығар сумкадағыларыңды.




Шиеленісуі 

Нәзила. Сіздің ерте тұрып жұмысқа баруыңыз керек қой. Ұйықтамайсыз ба?
Тимур. Жұмыс? Ол не жұмыс?
Нәзила. Сіздің мамуляңыз, құрметті тақсыр, ертеңнен бастап жұмысқа шығады. Автобустың кондукторы. Айлығы отыз мың теңге.
Тимур. Мамуля, рас па?
Қамажай. Рас, рас.
Тимур. Ал, біз ше?
Қамажай. Бізі несі? Онда не болушы еді.
Тимур. Мамуля...Біз... Мен үйленемін.




Шығарманың шешімі 

(Үйде той. Ұзын үстел лық толы. Қарсы беттегі қабырғада Ана портреті. Оның астында “60 жас” деген жазу көрініп тұр...)
Ермек. Әпке, олар келмей ме?
Қамажай. Иә, келмейтін болды. Жұмыстан... Жұмыстан қолдары босамай жатыр екен. Кешірім сұрапты.
Ермек. Бұрын мына жерде Ом, мына жерде Тим отыратын еді. Енді бәрі жоқ. Олар бізді енді сағынбайды.
Қамажай. Неге? Олар келеді. Жұмыстан қолдары босағанбойы келеді. (Көрші әйел кіреді). – Олар әлі жоқ... Қайтеміз, тойды өзіміз өткіземіз де ... Амал бар ма!




Дескриптор:
- оқиға желісін ажыратады
- берілген үзінділердін тақырыбын анықтайды.


Өзіңді тексер!

шығарма желісі ж

шығармадан үзінді

тақырыбы

Сюжеттің басталуы

(Үйге Темірбек және гитара көтерген бір жігіт пен екі қыз сау етіп кіріп келеді).
Темірбек. Мамуля ... Бүгін екі жылдан бері бір фирмада істеп келе жатқан менің ең жақын досым Сұлтанның туған күні. Және ол біздің босағаны бірінші рет аттап отыр. Демек біздің үйде бір емес, екі той өтуі тиіс. Кәмила, шығар сумкадағыларыңды.

Тимурдың үйіне достарын ертіп келуі, Сұлтанның туған күнін атап өту.



Шиеленісуі 

Нәзила. Сіздің ерте тұрып жұмысқа баруыңыз керек қой. Ұйықтамайсыз ба?
Тимур. Жұмыс? Ол не жұмыс?
Нәзила. Сіздің мамуляңыз, құрметті тақсыр, ертеңнен бастап жұмысқа шығады. Автобустың кондукторы. Айлығы отыз мың теңге.
Тимур. Мамуля, рас па?
Қамажай. Рас, рас.
Тимур. Ал, біз ше?
Қамажай. Бізі несі? Онда не болушы еді.
Тимур. Мамуля...Біз... Мен үйленемін.

Қамажайдың жұмысқа тұруы, Тимурдың үйленуі.



Шығарманың шешімі 

(Үйде той. Ұзын үстел лық толы. Қарсы беттегі қабырғада Ана портреті. Оның астында “60 жас” деген жазу көрініп тұр...)
Ермек. Әпке, олар келмей ме?
Қамажай. Иә, келмейтін болды. Жұмыстан... Жұмыстан қолдары босамай жатыр екен. Кешірім сұрапты.
Ермек. Бұрын мына жерде Ом, мына жерде Тим отыратын еді. Енді бәрі жоқ. Олар бізді енді сағынбайды.
Қамажай. Неге? Олар келеді. Жұмыстан қолдары босағанбойы келеді. (Көрші әйел кіреді). – Олар әлі жоқ... Қайтеміз, тойды өзіміз өткіземіз де ... Амал бар ма!

Ананың мерейтойы, қара шаңырақтағы тойды өткізушілер.
Қамажай мен Ермек, көршілер.



2- тапсырма
Автор шығарма прологі арқылы оқырманға қандай ой салғысы келді?
(Қабеннің дауысы)
«Мен сені үш күн бойы күттім. Адамды осылай қорлауға бола ма? Балалар оянып кетеді деп, телефон соқтырмайтын өзің. Сондықтан, бір парақ қағаз жазып отырмын. Қымбаттым-ау, күттірудің де, шыдамның да шегі болады ғой. Неге келмейсің? Мені ұнатпайтын болсаң, күндіз телефонмен сөйлескенде оныңды ашып айт. Кісіні әуре-сарсаңға салып қойғаның не? Бүгін тағы да күтем. Екеуміздің әуелгі келіскен жерде. Өтінемін, жүздесіп кет. Бүгін, сөз жоқ келгейсің. Өтінемін, асыға күтем. Соңғы рет».
Қамажай:
Бір алапат сезім кіріп кеудеме,
Жұлқынғанда айта алмадым деп “неге?”
“Өмір деген жалғыз сенің үйің бе?
Халат тастап, далаға жүр киін де”, -
Деді маған ыдыс жуып жатқанда.
Ән естілді,
Көктем кеткен жатқан ба?, ..
Дала кезген самал болып кеттім мен,
Оралдым ба баяғы бір шақтарға,
Толқын болып тулап шықтым далаға.

Дескриптор:
-прологте айтылған ойды анықтайды
Өзіңді тексер!

Пролог – көркем шығарманың оқиға мазмұны мен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол – шығарма идеясын дұрыс түсіндіру.
Автор Қабен мен Қамажайдың монологы арқылы оқырманға түйінді ой тастайды. Қамажайдың алдына екі таңдау қояды. Не бауырлары, не сүйіктісі. Шығарманың прологі оқырманды еріксіз қызықтырып, басты кейіпкер Қамажайдың таңдауын білгенше асықтырады.


3- тапсырма
Осы эпилог сіздерге қандай ой тастап тұр? Шығарма түйініндегі негізгі айтар ой не деп ойлайсыздар?

(Үйде той. Ұзын үстел лық толы. Қарсы беттегі қабырғада Ана портреті. Оның астында “60 жас” деген жазу көрініп тұр. Көрші әйел кіреді. Қолындағы гүлін үстел үстіндегі вазаға қояды)




Қамажай. ... Олар әлі жоқ...қайтеміз, тойды өзіміз өткіземіз де. Бүгін көңілденетін күн еді, ән салатын күн еді. Амал бар ма!...
Әйел. Ойбай-ау, саған не болған?! Қазір бәрі жиналады...
Қамажай. ...Өзіміз-ақ, өткіземіз. Өзіміз-ақ! Олардың қолдары тимейді. Өзіміз-ақ... өзіміз-ақ!


Дескриптор:
-эпилогте айтылған ойды анықтайды.


Өзіңді тексер!

Эпилог – көркем шығарманы қорытындылап, негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді.
Бұл күн Қамажайдың отбасы үшін қуанышты күн еді. Қамажай осы мерекеге барлық отбасының басы қосылғанын қалады. Әйтсе де үзіндіден оқып көргеніміздей, барлық нәрсе біз күткендей бола бермейді. Шығарманың негізгі түйіні де бауырларын бақытты етсем деген әпкенің тілегі мен өз бақытын құрбан етуін көрсету және шығарма соңында жалғыз қалған Қамажай бейнесі арқылы басқаларға ой салу.




https://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/dd12ae12-0a47-4a1f-89f2-97923a2b75ee

2 мин

Бекіту

Біз бүгін сабақта:

  • драма, оның түрлері жайлы білдік;

  • шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін талдадық;

  • шығармадан эпилог пен прологті ажырата алдық.






1 мин



Қосымша тапсырма:
«Менің әпкем...» эссе жазу







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет