Сабақ жоспары. Мұғалімнің аты,жөні



Дата29.11.2022
өлшемі12,26 Mb.
#160208
түріСабақ
Байланысты:
11 сабақ Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу


Қашықтықтан оқыту кезінде сабақ жоспары.

Мұғалімнің аты,жөні:

Намысова Бакижан Ескеновна

Пән / сынып :

Алгебра 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы:




Тарау немесе бөлім атауы:

Функция. Функцияның графигі

Сабақтың тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

Оқу мақсаты:

7.4.2.4
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу;

Бағалау критерийі:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімдерін графиктік тәсілмен табады;

Саралап оқыту тапсырмалары.

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Не меңгеретінін білу үшін

Мұғалім оқушылардың мақсатпен танысқанын бақылайды

7-8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру

Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқушылардың жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы игергендерін бақылайды

8 минут

Тәжірибе

1,2 тапсырма орындау (тілдік мақсат орындалу керек)

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Оқушылардың жаңа тақырыпты практикалық жұмыс жасау арқылы меңгергендерін бақылайды

3 минут

Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Жаңа тақырыпты меңгерудегі кедергілерді анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы




Жаңа сабақ:



1 Тапсырма. Суреттер бойынша:

  1. Теңдеулер жүйесін құрастырыңдар;

  2. График бойынша құрастырылған теңдеулер жүйесінің шешімдерін тап.


Дескриптор:
1.Графиктері берілген теңдеулерді жүйеге жинақтайды;
2.Графиктердің қиылысу нүктесінің координаттарын табады;


2 Тапсырма. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер:



Дескриптор:
1.Теңдеулердің мәндер кестесін құрады;
2. Мәндер кестесі бойынша теңдеулердің графигін салады;
3.Графиктердің қиылысу нүктесінің координаттарын табады.
Сабақты қорытындылау сұрақтары:

  1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп нені айтады?

  2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі қандай сызық?

  3. Сызықтық теңдеу мен сызықтық функцияның айырмашылығы қандай?

  4. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешудің мағынасы қандай?

Рефлексия:
«Сөйлемді жалғастыр»

  1. Бүгінгі сабақта... білдім

  2. … үйрендім

  3. қиындық туындады

  4. … әлі де жұмыстануым керек

  5. … маған қызық болды?

Үйге тапсырма; №3.98











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет