техникалық құралдарын түгендеу. Нақты сметаны құру;
брейнсторминг (миға шабуыл, яғни идеяны ұжымдық түрде білдіру арқылы мәселенің шешімін табу әдісі) және эскиздер;
интерфейс стилін таңдау;
қосымша дизайнын әзірлеу;
программалау;
қосымшаны жариялау және тестілеу.
Мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды құру – қазіргі кезде программалаудың танымал және сұранысқа ие бағыттарының бірі. Визуалды программалау ортасы алгоритмдеу және программалау саласында мобильдік қосымшаларын құруды үйренуге мүмкіндік береді. Мұндай орталарда программалаудың мәтіндік тілінің орнына дайын іс-әрекеттері, әлеуметтік желілермен, веб-сайттармен немесе құрылғының сенсорларымен жұмыс істеу функциялары және т.б. бар визуалды логикалық блоктар қолданылады. Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы мультимедиалық мазмұнды өңдеуге, сөйлеу командаларын тануға және сөйлеуді синтездеуге мүмкіндік береді.