Нақты қосымшаның компоненттерінің әрекеттерін анықтайды. Қажетті компонентті таңдағанда, қолжетімді блоктар көрсетіледі.
Кез келген компонент
Бұл блоктар тобы қосымшада бір типті компоненттің көп санын ұйымдастыруға және басқаруға мүмкіндік береді.
62сурет. Блоктаррежимі Мысал: «Hello World» қарапайым мобильді қосымшасын құру. Мобильді қосымшаның интерфейсімен жұмыс істеу.
Мәзірден Жоба Жаңажобаныбастау(Проект Начать
новый проект) деп ашып, жоба атауына HelloWorld деп жазамыз (63-сурет).
63-сурет. Жаңа жобақұру
Экранда екі Жазу (Надпись) компонентін орналастырамыз (64-сурет).
Screen1 экранының қасиеттерін өзгертеміз (65-сурет): Көлденеңінен туралау (Выров- нять По Горизонтали) – Центр: 3, Тігінен туралау (Выровнять По Вертикали) – Центр: 2, Фон түсі – ұнайтын түсті таңдаймыз.
Жазу1 компонентінің қасиет- тері: қалың қаріп, курсивті қаріп, қаріп өлшемі – 16, мәтін – Hello World!
Жазу2 компонентінің қасиет- тері: қалың қаріп, курсивті қаріп, қаріп өлшемі – 16, мәтін – Менің атым – Абылай!
Жаңа жоба құрып, атын өздерің ойлап табыңдар. Экранда Жазу, Батырма компоненттерін орналастырыңдар. Өз қалауларыңмен компоненттердің қасиеттерін өзгертіңдер.
Қосымша экраны мен компоненттердің қасиеттерін мұқият қарап шығып, «Алдар Көсе» мобильді қосымшасын талдаңдар.
Қазіргі таңда кез келген жанға мобильді қосымшаларға жүгіну маңызды ма?
Интернеттен қазақстандық өнертапқыш Тимур Рысбековтің мобильді телефонмен Жерде басқарылатын ғарыштық робот туралы ақпаратты тауып оқыңдар. Оны бүгінгі тақырыппен байланыстырып талқылаңдар.